Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет32/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

ІХ ғ. соңында

-Қимақ тайпасы атымен Қимақ қағанаты құрылды.
-ІХ–ХІ ғасырлардағы қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, қалыптасқан, алғашқы патриархалдық–феодалдықмемлекет болған.

Жер аумағы

-Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты.

Астанасы

-Имақия Ертіс бойындағы қағанаттың орталығы;
-Карантия Алакөл бойындағы екінші астанасы.

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаған

- Қағанатының жоғарғы билеушісі.Өкіметтің барлық билігі қағанның қолында болды, бас қолбасшы. Ол кіші қағанды, ябғу, шад-түтіктерді өзі тағайындады.Қол астындағы барлық халық иеліктерге бөлінді.
-Деректерде «Қимақ әміршісі-ұлы патша және беделі жағынан даңқтылардың бірі» екені айтылады.
-Әл-Идриси« патшалар қала-бекіністерде тұрды, әрқайсысында көп әскері мен мол байлығы болды» деп жазады.

Ябғу

– қағаннан екі саты төменгі атақ.

«Имек байғу» 

немесе «қимақ ябғу» - тайпа көсемдерінің атағы.

Шад-түтік

- жеке тайпа көсемі.

11 іс басқарушы

-Қимақтарда қағанның жанындағы он бір іс басқарушының үлестік биліктері, жерімұрагерлік жолымен берілді. Мұндай билік жүйесі бөлінуге әкелді.

Әскери қызметкерлер

-Қимақ қағанатының саяси өмірінде беделі күшті болған топ: әскери қызметкерлер. Оларға көрсеткен қызметтері үшін үлестік жерлер берілді. Жаңа үлестік жерлерінде әскер жасақтап, үлестік-тайпалық жүйемен басқарылған.
-ІХ ғасырда қимақ билеушісінің әскері рулар жасағы ретінде құрылып, «салт аттылардан» тұрды.Қимақтардың темір сауытты атты әскері болды.

САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

ІХ ғасыр

-Ғасырдың ортасына қарай қимақтаршығыста Алтайдан, батыста Жайыққа дейінгі тайпаларды біріктірді.«Тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін қол астына қаратты.Оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатты.

Х ғ. басында

-Тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы –Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алған.
-Енесей бойындағы қырғыздарға шабуыл жасап тұрған.

Х ғ. ІІ жарт-
ХІ ғасыр

-Қарахан мемлекеті қимақтардың жеріне шабуыл жасай бастаған.Ертіс өзеніне дейін жеткен .
- ХІ ғасырда сындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастайды.

Қимақ қағанатының құлауының себебі

-Х ғ. ІІ жартысында мемлекеттің құлдырау белгілері байқала бастады.
1) Атақты қыпшақ тайпа көсемдерінің билік үшін таласуы.
2) Сыртқы қайшылық. Шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпаларының әсері.
-Қағанаттың құлауы Дала көшпелі тайпаларының қоныс аударуының жаңа толқынымен байланысты болды.

ХІ ғ.басында

-Қимақ қағанаты ыдырады.Қыпшақ хандығының құрамына енді.



ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Шаруашылығы

-Қимақтарда басым болған Мал шаруашылығы.

«Худуд әл-аләм»

- «Адамдар қысы-жазы киіз үйлерде тұрады, жайылым мен су іздеп көшіп жүреді. Бұлардың байлығы- бұлғын мен қой» -деп жазылған.

Гардизи

-«Оларда аласа құрылыс жоқ; жұрттың бәрі ормандардат сай-салаларда, және далада өмір сүреді, бәрінің де сиырлары, қой отарлары бар. Шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап олар (қимақтар) өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін кептіріп алады...Қыстыгүні олар жылқыны алыстағы елге, Оқтау деген жерге айдап бағады.» деп жазады.

Әл-Идриси



-«....Қимақтардың патшасы алтындап тігілген киім мен алтын тәж киген..... Ондағы шеберлер темірден ғажайып бұйымдар жасайды...... Адамдары көшпелі.... Алайда, олар жер өңдейді, тұқым сеуіп, егін жинайды.Олар (қимақтар) күріш, ет, балықпен тамақтанады. Оларда балық мол».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет