- Батыс Түрік қағанаты.ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастады. Қимақтар тайпасының басшысы шад-түтік( билеуші көсем)лауазымын иеленді.
VII ғ. ортасы
-Қимақтар Монғолияның солтүстік-батысынан Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне.көшті.
-Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты.Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты.
766-840 жылдары
-Қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады.
-Қимақтардың батысқа қоныс аударуына- жайылымдар қажеттігі, Енесей қырғыздарымен қақтығыстар, Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті.
840 жылы
- Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажлар, имек, қыпшақтайпалары қимақ бірлестігіне енеді.
-Осы жеті тайпанегізінде Қимақ қағанаты қалыптасады. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленеді.
ДЕРЕКТЕР
Әбу Дулаф араб саяхатшы
-«Рисала» («Жазба») еңбегінде(Х ғ.) : «Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді. Жүзім өсіреді, оның бір жағы- ақ, екінші жағы- қара болып келеді. Магнит таспен жауын шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар»- деп жазған.
«Худуд әл-аләм»
-«Худуд әл-аләм» Х ғасырдағы парсы тіліндегі шығарма.
-Қимақтар туралы: «Олардың шығысында қырғыз деп аталатын өзгеше бір халық тұрды, оңтүстігінде Ертіс өзені мен Сырдария бар. Оның батысында қыпшақтардың бірсыпырасы тұрады. Адамдар қысы-жазы киіз үйлерде тұрады, жайылым мен су іздеп көшіп жүреді. Бұлардың байлығы- бұлғын мен қой. Олардың мансабы атадан балаға мұра болып қалады»-деп жазылған.
Қытай деректері
-Яньмо -қимақтардың атауы.
Гардизи (ХІғ.)
парсы тарихшысы
- «Зейн Әл-Ахбар» ( «Баяндау көркі») еңбегінде Қимақтардың шығу тегі туралы, олардың тайпалық одағының қалыптасуы туралы жазған.
-«Қимақ елінің құрамында 7 (жеті) тайпа болған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар менқыпшақтар».
Әл-Идриси Араб географы
-«Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі» (ХІІ ғ.)еңбегінда қимақтар туралы мәлімет береді.
-Қағанаттың тарихи картасын сызған. Қимақтардың 16 қаласын атайды.
Әл-Қимақи
-ХІ ғ.басында Қимақ қағанатынаншыққан ғалым. -Ол өзінің кітабында қалалар, бекіністер, сауда жолдары, егін шаруашылығы, діни наным-сенімдермен әдет-ғұрыптар туралы құнды деректер қалдырған.