Ата жосыны бойынша жорыққа аттану алдында үш-төрт қара шаңырақтан дәм татып, аруақтарға сыйынып жүрміз (Ш.Қ. 94-6.). Енді қазақгың ұрын бару деген жосыны Жәнібекті қайыншылатқалы тұр (Ш.Қ. 54-6.). Кұндызбен жұрындаған пұшпақ тұмағын күйеу жосыны бойынша еңкейте киіп отырған (Ш.Қ. 46-6.) — Нағашы атасынан да бата алып келген екен, Қадиша жосынды адам еді ғой, - деді Шақабай (Ш.Қ. 96-6.). Осындағы жосынсөзі тілдің қазіргі сөздік құрамында өте сирек кездеседі. Ғалым Р.Сыздықова бұл сөзге былай деп талдау жасайды. "Жосын - йосын сөзі көне түркі тілінде "правило, -обычай" дегенді білдірген [ ДС, 275). Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі "көпшілік қолдылау". Жосық - "жөн, бағыт, жоба" деген мағынада жұмсалады, жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты көне жырларда өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулар тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жосунтүрінде қолданылады: мағынасы - "рет, тәртіп, жөн, жосық". Осыдан туған жосуудуу ("халық дәстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін адам"), жосунсыз ("тәртіпсіз, көргенсіз") дегендер де қырғыздың қазіргі тіліндегі қолданыстағы сөздер. Сөйтіп, жосын сөзі — жосық сөзінің варианты болып, "жөн, рет, тәртіп" және "әдет-ғұрып", "салт" мағынасында қолданылған сирек сөздердің бірі." [ 20.64] . Шәміс Құмар жосынсөзін "ата жосыны", яғни рет, тәртіп мағынасында, ұрын бару жосынын", "күйеу жосынын" - әдет-ғұрып, "жосынды адам" тіркесін "халық дәстүрін ұстаушы" ұғымында қолданған. "Әрбір архаизмнің қазіргі тілде синонимі болады. Бірақ мұндай синонимдердің архаизм сыңары активті сөздіктен шығып қалады"[19.149] . Олай болатын болса, жосын сөзінің казіргі қолданыстағы синонимі салт сөзі болады дейміз. Бұған тіліміздегі ата салты деген тіркес дәлел. Жосынсөзінің орнынасалтсөзін қойып ұрын бару салты деп қолдансақ та бүгінгі оқырман үшін түсінікті болады, себебі, салт сөзі жосын сөзінің қазіргі лексикамызда жиі қолданылатын сыңары. Дегдар азаматтардың талайы жау қолынан қаза тапты. (Ш.К, 105-6.). Тілші Жанпейісов Е. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында кездесетін дегдер сөзінің мағынасын былай ашады: "-дег-дар, дег] ] тег] тек; дар- түрік тілінде сын есім жасайтын жұрнақ, яғни ол қазақ тіліндегі —ды (мал-ды) қосымшасына сәйкес келеді. Дегдар сөйтіп текті деген сөз" [ 21.72] . Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде екі мағынасы көрсетілген: "1. сын. асыл тұқымды, текті. 2. сын. бей-жай, делдал." ҚТТС.3.93] . Бұл екі еңбекте дегдер сөзіне текті деген ортақ мағына берілген. Дегдар сөзі архаизмдер қатарынан орын алғанда оның қазіргі тілдегі синонимі текті, асыл сөздері болады деп тұжырым жасауға болады. Күнделікті қолданыста жүрген асыл азамат, текті азамат тіркестері ойымыздың дәлелі болады. Манадан күздің қою сары қымызын соза ішіп отырған үлкендер жағы, сарығы қанса керек, едәуір баяулап қалды (Ш.Қ. 81-6.) "Сарық. ет.көне. дем алу, тынығу, тыныстау. а) демін алды, тынықты; ә) шөлін қандырды, сусындады; б) құмары қанды, мауқын басты" ҚТТС.8, 193] Біз мысалға алған сөйлемдегі сарық шөл мағынасын берсе керек. Себебі сарығы қану деудің орнына шөлі қану деп ауыстырып қолдануға болады. Жәнібек бұл ауылдан еліне қайтқаннан кейін де, бірталай көгенкөз өріп шыққан сияқты. (Ш.Қ. 91-6.) Бұл сөйлемдегі көгенкөз сөзіне шарасыз сөзі сәйкес келеді. Сонда бұл кісінің көңіліне алғау салған не болды екен? (Қ.Ж. 91-6.). Мынау аға батырдың бір ауыз алғау сөзі Жәнібекті желпіңдіріп тастады. (Ш.Қ. 96-6.) Алқау сөзінің мағынасын ғалым Е.Жанпейісов өз тарапынан былай түсіндіреді: "Алқау. Алғыс сөзі "благославлять, благословение, благожелание" мағынасындағы "алға" дегеннен келіп шыққан көрінеді. Біздің ойымызша бұлармен алқау етістігі де түбірлес. Өйткені, Пекарский өзінің сөздігінде "алға" мен "алка" дегенді де салыстыра отырады. Олар сондай-ақ мағына жағынан да үйлесімді келеді[ 21.151] . Мысалда алғау сөзі алаң және жақсы сөзі мәнінде келген, себебі, көңіліне алғау салған-көңіліне алаң салған және бір ауыз алғау сөзі-бір ауыз жақсы сөзі деп қолдануға болады.
"Халық тілінің байлығын игеру — зор талғам, парасат тілейтін жұмыс. Халық сөзінің нарқын бағалап, салмақтай білсек, сап алтындай тазасын, ең асылын тұнығынан сүзіп ала білсек, сонда ғана оларды әдеби тіліміздің шын ырысы дей аламыз" [22.106] деген академик І.Кеңесбаевтың пікірін Шәміс Құмардың шығармасына талдау барысында келтіруге әбден болады. Себебі, келтірілген мысалдардан тарихи роман авторының өз шығармасында ана тілдің байлығын сарқа пайдаланғанын көреміз.
Әдеби тіл үнемі бір қалыпта тұрмайтынын білеміз. Тіліміздегі сөздер қоғаммен бірге өзгеріп, жаңа мағынаға ие болады. Сөздерге жаңа мағына үстеп, көмескіленгенін қайта жаңғыртып, әдеби тіліміздің дамуына, ана тіліміздің баюына қаламгерлер зор үлес қосады. Туған халқының тарихынан сыр шертетін қалам қайраткері "халық тілінің байлығын игеру" арқылы өткен өмірді нанымды суреттеуде өз мәнерін таныту мүмкіндігіне ие болады.