Үшіншіден, тақырыпты жан-жақты қарау, ол дегеніміз шығармашылық жұмысты ұйымдастырудасұрақ –жауап әдісімен талдау. Оқушылардың Кітап оқуға деген құмарлықтарын қалай тудыру керек деген мәселе барлығымызды ойландырары сөзсіз.Қызығушылығын арттыру арқылы ғана оқушы кітапқа құмарланады. Осы жағынан Болжау стратегиясы кез келген сабақтың «Қызығушылықты ояту» кезеңінде қолданамыз.Мысалы, Қалай ойлайсыңдар,әңгіме не туралы болуы мүмкін?Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салып,дәлелдейді) .
Қорыта келе, сабақта оқушыларғашығармашылық жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жаңа технология элементтері бойынша тиімді пайдалану осы оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып сондай ақ оларды шығармашылыққа жетелейді.Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, оқушының белсенділігі күшейеді. Егерде жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек,өз нәтижесін береді.
6. Көркем шығармаларды оқыту, әдістері
«Көркем шығарма бұл - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығармаларды қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние болып келеді. Көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа енгізуде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
Оның ұлттық қазына екендігі;
Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.
Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың көркем шығармалады оқыта отырып дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатып қана қоймай оны оқытып үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.
Оқушыларға Әдебиетті оқыту ол көркем шығарманы оқудан басталады яғни Көркем шығарманы оқу үйде және де сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек.
Көркем шығармаларды және де мәтіндерді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.
Көркем шығармаларды оқытып талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т.б. Сондай ақкөрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби — эстетикалық жолмен қарауды ұсынды.
7. Әдебиетті оқу пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады.Икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі – кітаппен жұмыспен істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді.
Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді.
Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.
Әдеби конференциялар- үлкен бір проблемалар, тақырыптар бойынша жүйелі өткізіп тұру тиімді.
Әдеби викториналар «Мектеп тынысы» стендісіне ілініп қойылады, балалар жауабы арнайы жәшікке хат үлгісінде жазбаша салынады. Қорытындысы жиналыс, отырыста хабарланады.
Әдеби кеш – оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, мәдени ой-өрісін кеңейту, әсемдік сезімін ояту, шығармашылық қабілеттері мен дарындарын дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты арттырудың тиімді түрлерінің бірі. Ол мектеп өміріне ерекше, мерекелік көңіл-күй әкеледі, оқушыларды поэзия, музыка, сурет әлемімен таныстырады, жазушылардың өмірін, шығармашылығын, тұлғасын білуге көмектеседі. Кештің өзі ғана емес, тәрбиелік мәні зор, сонымен бірге қызықты ұжымдық дайындық жұмыстары да бар.
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай- қандай болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігі, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс – әрекетіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығы арттыру оқу – жазуға үйретуді жетілдіре түсу.
8. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау
ТАҚЫРЫП- Бұл шығармада көркемдік тұрғыдан қарастырудың нысанасына айналған өмірлік құбылыс. Дүние мен адам өмірінің барлық құбылыстары суретшінің қызығушылық саласын құрайды: махаббат, достық, жеккөрушілік, сатқындық, сұлулық, масқара, әділдік, заңсыздық, үй, отбасы, бақыт, айырылу, үмітсіздік, жалғыздық, әлеммен және өзімен күрес, жалғыздық, талант пен орташа өмір, өмірдің қызығы, ақша, қоғамдағы қарым -қатынас, өлім мен туу, әлемнің құпиялары мен жұмбақтары т.б. және т.б. - бұл өнердегі тақырыпқа айналатын өмір құбылыстары деп аталатын сөздер.
Мысал ретінде Тастамашы ана! Кітабына тоқталғым келеді.
Авторы: Айгиз Баймұхаметов
Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың шығармасын қазақ тіліне аударған Саят Қамшыгер ағамыздың "Тастамашы, ана!" кітабын талқыласақ.
Айгиз Баймұхаметов – ХХІ ғасырдағы башқұрт әдебиетін танытып жүрген жас жазушы, журналистердің бірі. Бүгінге дейін үш шығармасы түркі тілдес елдерде бестселлерге айналған. Автор «Тастамашы, ана» шығармасы үшін Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, VIII Республикалық «Башқұртстан Республикасының үздік башқұрт кітабы» байқауының жеңімпазы атанды.
Мақсаты: Шығарманың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, оқушылардың шығарманы толық меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізу және өзіндік пікір айта білуге үйрену. Оқушылардың бойына адамгершілік және адалдық қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларға балалар әдебиетін насихаттау арқылы - кітап оқуға баулу. Балалар әдебиетінің жанашыр қаламгерлері туралы дәріптеу, оқушылардың жазғы демалысы уақытында бағдарламаға сай қосымша әдебиеттерді оқуға кеңес беру.
Міндеті: Балалардың рухани мәдениетін әдеби кітаптарды оқыту арқылы сөздік қорларын байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, имандылыққа баулу арқылы білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, қадірлеуге, ағайын туыс бауырларды сағыну, туып өсен жерін қадірлеуді үйренеді.
Өз ойын тиянақтай біледі, нақты, толық жауап береді.
Адамгершілік қасиеттері мен адалдық туралы түсінік қалыптасады.
Жаңа сабақ :
Бүгін «Тастамашы ана» шығармасымен танысамыз.
Мәтін 2 бөлімге бөлінеді.
1-ТОП . Ілиястың аулын және ата-анасын суреттейді.
2-ТОП. Балалар үйіндегі кейіпкерлерді суреттейді.
Кітаптың беті жабық тұрады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды. Әр топ өзіне берілген бөлімнің мазмұны бойынша талдау жүргізеді. Үй тобында бір оқушы қалады,қалған оқушылар жұмыс тобына барып өз бөлімдері бойынша әңгімелейді, пікір алмасады.
Қайтадан үй тобына оралады. Кезекпен әрқайсысы түсінгендерін басқаларға айтады.Сөйтіп кітаптың мазмұны толығымен ашылады.
Әр топ кітаптың толық мазмұны бойынша өз ойлпроын айтады.
1-топ :Ілиястың әпке бауырлары.
2-топ :Жетімдер үйінің директоры, тәрбиешісі және т.б.
Мазмұны:
Бұл кітапта башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген. Қоғамдағы ең өзекты проблемалардың бірі мейірімділікпен бауырмалдылықтың жоқтығын суреттеген. Сонымен қатар Ілиястың қиылы тағдыры және де директорынан, тәрбиешісінен, өзінен үлкен балалардан көрген әлімжетіктер олардың тас жүректігі баяндалады. Ілияс ол жетімдер үйнен Университетке түскен жалғыз бала. Сонымен қатар Ілиястың арман мақсаттары сипатталады. Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп,бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Әке –шешенің қадыр қасиеттерін, оларған берген уәдесінің маңыздылығы тұралы баяндалады.
9. Тыңдалым дағдыларының ішкі кезеңдері мен сабақ жүйесінің құрылымы.
Тыңдалым төрт тілдік дағдылардың бірі. Оқылым сияқты ол да қабылдаушы дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контекстіні, тілді және әлем туралы білімді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.
Тыңдалым түрлері: әңгімелесу (диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау(инструкция), лекция және жарнама және т.б.
Тыңдалым дағдылары бірнеше ішкі дағдылардан тұрады:
Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау.
Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман,
әңгіме) тыңдау.
Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық
құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтарды айтып жатырған кезде оны дұрыс түсіну үшін әрбір сӛзін мұқият тыңдап шығасыз.
Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті аҕпараттарды алу үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз.
Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
-шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
-шығарма бойынша жоспар құру;
-тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
-шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
Мысалы, торғай мен адам мәтінін өткенде, оқушыларға мәтінді толық түсініп, талдау үшін келесі тапсырмаларды беруге болады: 1. мәтінде қандай нақыл сөз айтылған? 2.Мәтіндегі адамға мінездеме бер 3. Торғай адамды неге ұстатпайды? 4. Берілген мәтіннің жанры қандай 5. Автор мәтін арқылы қандай идея айтқысы келді т.с.с.
10. Әдебиеттану ғылымының салалары
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. әдебиет туралы ғылым мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді:әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен олардың түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |