Iі деңгей Бастауыш мектептерде Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға



бет7/9
Дата15.11.2022
өлшемі89,29 Kb.
#50462
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
16. Көркем әдебиет түрлерін талдау
Көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті, танымдык,
тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы.
Әдебиетте сан қилы табиғат құбылыстары, болмыстың алуан көріністері
молынан суреттеледі. Әдебиеттің пәні мен әдебиеттегі мазмұнның сәйкестігі
мен айырмасын, аражігін дүрыс ажырату кажет. Әдебиеттің пәні көркем
шығармаларда баяндалатын, суреттелетін өмір құбылыстары, өмір шындығы
болса, ал әдебиеттегі мазмұн, сол өмір құбылыстарының жазушының көркем ой
көрігінен өтіп, өңделген қалпы, көркемдік шындық. Әдебиеттің пәні, оның
шеңбер-шегі қандай деген мәселені сөз еткенде емірді көркемдеп суреттеу
әдісінің өз өзгешелігі бар екенін есте сақтау қажет. Әдебиет өмірді
көркем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке
уақиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды
заңдылықтарды ашып береді. Осы тұрғыдан қарағанда әдебиеттің пәнін, оның
ауқымын, аражігін анықтау үшін жазушы нені бейнелейтінін айту аз, өмір
құбылыстарын қалай іріктеп, қай қырынан келіп, қандай тұрғыдан баяндайтынын
ескеру аса қажет. Қоғамдық емірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар
аудармайтын жағдайлар аз-ақ. Алайда алдымен әдебиет адамның тұтас тұлғалы
бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәсе-леге болсын
эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы
өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Әдеби шығармада, әрине, тек типтік
жағдайлар, типтік іс-әрекеттер ғана емес, әртүрлі детальдар, ұсақ-түйек,
тіпті кез-дейсоқ жайлар да кездеседі. Бірақ олардың бәрі де толық, егжей-
тегжейлі, әсерлі баяндау мақсатына қызмет етіп, негізгі идеяны неғұрлым
терең ашып көрсетуге көмектеседі. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр
түрлі ерекшеліктері тұтас керсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын
ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы
суреттелуі оқушыға өмірдің өзін керіп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-
санаға күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді.Әдебиетте коғам өмірі, тарихи
даму процесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып
жатпайды, қайшылығы мол киын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры
арқылы көрінеді.
17. Дамыта оқыту
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
Әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жанжақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, талғамға, сұлулыққа, отандық, азаматтық рухта тәрбиелеу.Мемлекеттік білім стандарты оқыту үрдісінің сапа мен нәтижеге бағытталғанын талап етеді. Демек, әр сабақ шәкірттің нақты мақсаттарға бағытталған жүйелі танымдық әрекетін ұйымдастыруға құрылады деген сөз. Сабақтың әр кезеңінде танымдық әрекетті қалайша іс жүзіне асыруға болады? Сабақты дамыта оқыту технологиясының ұстанымдарына үйлестіре жүргізу үшін мұғалім нені білуі керек? Әдебиетті жаңаша оқыту технологиясын меңгеруде пәннің ішкі мазмұнына сай келетін жақтарына назар аударып, мына мәселеге көңіл бөлу керек.

  • Білім мазмұнының ерекшелігіне қарай әдіс-тәсілдердің нәтиже беретін жүйесін дұрыс таңдау.

  • Мазмұнға байланысты нақты мақсаттар мен міндеттерді қоя білу.

  • Оқу технологияларын мазмұнға сәйкес тиімділігіне қарай іріктеп, синтездеу.

  • Оқушылардың әрекетін алдын-ала жобалаған нәтижеге бағыттай ұйымдастыру.

«Оқу» кең мағынада шәкірттің жаңа білімді меншіктеу үдерісі болып табылады. Бірақ кез келген оқу білімді меңгеру емес. Егер оқушы білім жинақтаса және ол өз бетінше алдына қойған оқу міндетін шешуге бағытталса әрі өзінің әрекетін бақылау, бағалау амалдарын игерсе ғана оқу әрекеті болып табылады. Оқу белсенді әрекет түрінде ұйымдастырылса ғана оқушының оған деген қарым-қатынасы, қызығушылығы артады.
18. Әдебиетті оқу сабағының басқа сабақтармен байланысы
Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, көркем-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, рухани-мәдени, ұлттық-әлемдік құндылықтарды барынша бағалап, құрметпен қарауға үйрету мақсатында жүзеге асырылады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің сөздік қорын басқа пән терминдері арқылы байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет