Iі деңгей Бастауыш мектептерде Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға


Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты



бет2/9
Дата15.11.2022
өлшемі89,29 Kb.
#50462
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Әдебиеттік оқу пәнінде жаңартылған білім бағдарламасының ұстанымы:

  • жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиеттік оқу сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сабақ тиімділігін арттыру;

  • оқушыларымызды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу;

  • баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

  • Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

  • Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білу.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу материалы төмендегідей топтастырылып беріледі. Мысалы 2 сыныпты алсақ:

2-сынып

1. Өзімтуралы

2. Меніңотбасымжәнедостарым

3. Меніңмектебім

4. Менің туған өлкем

5. Денісаудың – жанысау

6. Салт-дәстүржәнеауызәдебиеті

7. Қоршаған орта

8. Саяхат

Бағдарламаны білудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастырады. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша біліммазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған.Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.


3. Ы.Алынсаринның «Қазақ хрестоматиясы»еңбегінің тәрбиелік бағыты.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие. Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. [2]
Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатыка жететіндігін, әзінің келешектегі жақсы тұр-мысын қамтамасыз ете алатындығын, сөйтіп оқыған адамның өмір сүруі де, еңбек етуі де анағұрлым жеңіл және көңілді, сергек болатынын сөз етеді.. 

4. Шығармашылық сабақтарды ұйымдастыру кезеңдері


Шығармашылық — əр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-əрекеттері мен дағдыларының дəрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кезкелген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нəтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. 
Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алға қойылған мақсат:
-рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;
-əдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру жəне дамытудың тиімді əдісін қалыптастыра білу;
-ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мəн беру;
-қосымша əдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;
-«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;
-үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.
Шығармашылық бағытта жұмыстандыратын тапсырма түрлерін оқушылардың орындай алу əлуетіне байланысты бірнеше деңгейде ұсыну қажет.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мəселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу əдіс-тəсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нəтиже, іс-əрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт,мақсаткерлік,белсенділік қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-əрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет. Оқушылардың шығармашылық іс-əрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады. Бірінші топ-танымдық іс-əрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пəн бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.Екінші топ – ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей ұмтылыс көрсете бермейді, танымдық тапсырмаларды орындау əдіс-тəсілдерін табуға құлшыныс білдіреді, тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді.Үшінші топ-шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді. Сонымен, шығармашылық іс-əрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу-мəселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға жəне мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:-оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;-танымдық іс-əрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нəтижесінде шығармашылығы дамиды;-танымдық іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
5. Шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Шығармашылық ол әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің сондай ақ танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылық бұл танымдық іс-әрекеттердің нәтижесі болып табылады. Бастауыш білім берудің алғашқы басқышы болып табылады. Сондай ақ Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар болып келеді және де қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Олардың зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан шығармашылық жұмысты оқушыларға ұйымдастырудағы мақсат — дамып келе жатқан балаға яғни оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты берумен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылыжан-жақты дамыту . Яғни бұл — бүгінгі күннің талабында деп білеміз.Осы талап тұрғысынан алғанда яғни оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс — тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Сонымен Шығармашылық жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет