Iі деңгей Бастауыш мектептерде Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға



бет3/9
Дата15.11.2022
өлшемі89,29 Kb.
#50462
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Біріншіден,«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» әдісін қолданамыз. Сондай ақ «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау әдісін үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт,мақсаткерлік,белсенділік қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
— Сабаққа қызығушылығы артады;
— Нақты өз деңгейінде бағаланады;
Жеке қабілеті айқындалады;
— Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
— Даму мониторингі айқын көрінеді;
Екіншіден,оқушыларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке және де қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды. Сондықтан да осы мақсатта оқушыларымызды шығармашылыққа баулу үшін түрлі әдіс- тәсілді қолданамыз: Олар



  1. Мәтінді « Болжау»стратегиясы арқылы оқыту.




  1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу.




  1. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар.

  2. Биопоэма стратегиясы.




  1. Қиялдау арқылы рөлге бөлдіру, оқыту.




  1. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.




  1. Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құру.Өз ойларын еркін жазу.

  2. Топтастыру стратегиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет