Қазақ тілі:
1) жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау;
2) сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3) өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру;
4) жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау;
5) жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу);
6) жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау.
Математика:
1) сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану;
2) тілді математикалық терминдермен байыту;
Дүниетану:
1) қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану;
2) топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану.
Музыка:
1) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау;
2) музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау;
3) ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу;
4) өлеңдерге сай әуендер ойлап табу;
5) мәтіндердегі автордың көңіл-күйін байқау;
6) ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау;
7) көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну.
Бейнелеу өнері:
1) суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту;
2) сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдір;
3) суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру;
4) сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану;
5) эстетикалық тәрбие беру.
Еңбекке баулу:
1) еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
2) еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату;
3) қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы жүзеге асырылады.
19. Эпостық шығармалардың түрлері
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) - әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады. Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Әуезовтің “Қорғансыздың күні” (1921), “Қыр әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик. үлгілері ретінде Әуезовтің “Қилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін атауға болады. С.Сейфуллиннің “Жер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса, Шәкерім Құдайбердіұлының “Жолсыз жаза”, Мағауия Абайұлының “Медғат – Қасым”, Әбдірахман Абайұлының “Дағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады. С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.Көбеевтің “Қалың малы” (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық “Тар жол, тайғақ кешу” (1927), Мұқановтың “Адасқандар” (1928), Жансүгіровтің “Жолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи (І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев, “Үркер”; С.Сматаев “Елім-ай”; Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос. (Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе (І.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол. тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар (“Сейфілмәлік”, “Бозжігіт”, т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар (“Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, т.б.), батырлар жыры (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.) кейінгі дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар (“Арқалық батыр”, “Бекет батыр”, т.б.). Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне жырлардан (“Алпамыс”, “Көрұғлы”) басталса, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда (“Қырымның қырық батыры”) генеалог. сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиды.
20. Лиро – эпостық шығармаларды ата
Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады.Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро-эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан-ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.
Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:
Қазақ әдебиетінің төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б.
Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
21. Әдебиеттік оқу сабақтарында қолданылатын тәсілдемелер
Достарыңызбен бөлісу: |