Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама тараулары бар. Олар – текстология, историография және библиография.
Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтақ редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автогарфпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте, «текстологияның ең негізгі, өзекті мәселесі екеу: бірі – ғылыми мақсатпен, екіншісі – практикалық мақсатпен байланысты».
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына, не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.
Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне, ғылыми мақсат үшін керек. әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.
11.Бастауышмектептерде әдебиеттік оқытудың әдістері
Бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады.Осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кететін болсақ:
Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай. Бұл әдіс уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.
Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады.Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет.
Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып,береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді.
Сондай-ақ әдебиеттік оқу пәнін оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды.
Көркем оқу әдісі әдебиеттік оқу пәнін оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді.
Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
12. Бастауышмектептерде сөйлеу техникасына төселу жолдары. Айтылым
Сөйлеу техникасы дегеніміз – тек, әдемі үн, шыныққан дем, анық сөз ғана емес, сонымен қатар, мән – мағынамен байытылған техниканың өзі де үлкен өнер. өйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам,дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша,мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізі алмақ емес.Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді.Демек,тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына:тыныс алу,(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару,)дауыс,дикция жатады. Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда фонетиканы өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлу керек. Тексті мәнерлеп оқушы,әңгімелуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып,дағдыланып отыруы тиіс.Сонда ғана дикциясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді. Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Айтылым 4 тілдік дағдылардың бірі және ол да жазылым сияқты өндіруші дағдылар қатарына жатады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін сөздерді қолдану. Тыңдалым дұрыс болмай айтылым дұрыс шықпайды.
Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:
Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу; тілдесім барысында қажетті стильді қолдана білу; Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу; Вербальді емес тілді қолдана білу ( сөйлеу барысында дене мүшелерін пайдалану); • Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) өндіре білу; • Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу); • Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу.
13. Бастауыш мектептерде, балалардың өзіндік жұмысы
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.
Сабақтарда оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.
Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың бір саласы – оқу. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.
Мысалы,қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өзбеттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
14. Көркем оқудың түрлері.
Көркем оқудың маңызды аспектісі - оқылым дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың сөйлеу әрекетінің басқа түрлері. Олар саналы және мәнерлеп оқуды, мәтіндерді өздеріне оқуды меңгереді, кітап бойынша навигацияны үйренеді, оны қоршаған әлем туралы білімдерін кеңейту үшін қолданады.
Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол — ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.
15. А.Байтұрсынов аудармалары
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы,
теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті
ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың
төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914),
"Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің
ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ
тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы
ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының
ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик
ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926
жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ
әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді.
Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем
әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде
әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер
атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек
өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат
(скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және
сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.
Ахмет аудармасы. Ол Пушкиннен, Лермонтовтан, Вальтерден шығармалар
аударған аудармалары Балықшы мен балық, Алтын әтеш, Шымшық пен көкек,
Өгіз бен бақа, Қасқыр мен тырна, Қасқыр мен қозы, Арыстан, киік, һәм
түлкі т.б.
Ахмет сонымен бірге мысалдар жазған. Атап айтсақ алғашқы кітабы 40
мысал 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-
зомбылығын, елдің ауыр халін жұмбақтап жан-жануарлардың бейнесі арқылы
беріліп отырды. Ақынның азаттық арман мақсаты берілген тағы бір кітабы
Маса деп аталады. Ақын бұл кітапты жазу арқылы ұйқыда жатқан қараңғы
қазақ халқының құлағына маса болып ызыңдап ұйқыдан оятуды мақсат етті.
“Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті
емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады.
Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы
өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар
қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге
жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”,
“Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде
ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама
хат”, “Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық,
еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар.
“Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”,
“Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан
аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, —
деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса:
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, —
деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді.
Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен,
идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері
жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты
ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып
әкететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |