Іі хАлыҚАрАлыҚ ғылыми-тәжірибелік конференЦиясы ғылыми баяндамалар


Проект «Преемственность основного общего



Pdf көрінісі
бет13/74
Дата12.03.2017
өлшемі4,54 Mb.
#9206
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74

Проект «Преемственность основного общего
 и среднего технического профессионального образования»
решаемая  проблема:  отсутствие  взаимодействия  различных  типов  образовательных  учреждений, 
рассогласование и несостыковка образовательных программ технологического направления, начиная с 
общеобразовательной школы, профессионального лицея, колледжа и далее по всем ступеням професси-
онального образования.
перспективные направления:
- разработка модульных программ и электронного умк по предпрофильной подготовке и профильно-
му обучению по направлениям «кулинария», «Автодело», «Делопроизводство», «художественные про-
мыслы»; апробация электронного умк для дистанционного обучения учащихся технологического на-
правления; составление научно-методических рекомендаций по проектированию содержания модульной 
учебной программы, способов и средств ее освоения учащимися
результаты работы в проектах показывают, что педагогический коллектив находится в постоянном 
творческом поиске, не останавливается на достигнутом. но, так как «образовательные программы будут 
ориентированы на подготовку полиязычного учителя, владеющего инновационными технологическими, 
навыками поисковой, исследовательской творческой деятельности, информационными и дистанционны-
ми технологиями обучения» [4], то дальнейшему профессиональному росту будут содействовать курсы 
повышения квалификации нового формата на базе «назарбаев интеллектуальной школы».
использованная литература
1. концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики ка-
захстан (проект)  http://rudocs.exdat.com/docs/index-279435.html
2. балыкбаев т., президент нАо имени ы. Алтынсарина. Актуальные вопросы развития образования 
и педагогической науки http://www.liter.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4056
3. АстАнА. 6 апреля. кАЗинформ - в Центре педагогического мастерства и во всех его региональ-
ных филиалах начались курсы подготовки учителей общеобразовательных школ. http://www.inform.kz/
rus/article/2453789
4. государственная программа развития образования республики казахстан на 2011-2020 годы 
http: //www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo/
тренинг – үЙренудің тиіМді Жолы
Жақсылықова к. з.
Алматы «Өрлеу» БАҰО, ББЖ КБАРИ аға оқытушысы
Қазақстан Республикасы
аннотация
в  данной  статье  рассматриваются  принципы,  пути,  технологии  проведения  тренингов,  приведены 
различные способы их проведения.
Abstract
in this article there are given principles, ways and technologys of trainings.
елбасы нұрсұлтан назарбаевтың «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономика-
сына» атты дәрісінде «жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту 
тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, 
ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін 
ескеруге мүмкіндік береді» делінген [1]. мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде білім 
беру саласында жүріп жатқан реформаның негізін құрайды.
бүгінгі  күні  оқу  үдерісі  бұрынғыдай  «үйрету»,  «оқыту»,  «беру»  сынды  етістіктерден  құрылмай, 
«ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады. басқаша айтқанда, 
бүгінгі күні білім беру жүйесінде мәселе «үйрену мен үйрету арқылы тек өзара белсенді әрекеттерге 
негізделген  қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады»  және  тек  әрекеттесу  арқылы  үйренуге  және 
үйретуге болады. міне осы себептерге байланысты, білім беру ұйымдарындағы сабақтарда оқытудың 
интербелсенді әдістері кеңінен қолданылуы қажеттіліктердің бірі болып табылады [2].

92
93
білім берудің дәстүрлі үлгілерінің кейбірде сәтсіздеу болып шығып жатқаны, мұғалімдер қабылдап 
жатқан тәжірибелердің психологиялық түрде негізделмеуінен. бұған жауап ретінде дамитын, «іштен-
сыртқа»  жүретін,  «жемісті  және  шығармашылықпен  өмір»  сүретін  тәжірибе  қарсы  тұра  алады  (Дж.
Дьюи).
Өмір бойы оқуға деген тілек және дағды – мұғалім мамандығындағы ең маңызды құраушылардың 
бірі  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  жаттығулар,  психологиялық  тренингтер  мұғалім  тұлғасының 
кәсіби  өзіндік  дамуының  психологиялық-педагогикалық  мәнін  және  теориялық  –әдіснамалық 
ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. бұл тренингтер біліктілікті арттыру және қайта даярлау жүйесінде 
кәсіби педагогикалық білім беру мазмұнын қайта қарау мақсатында қолданылады.
тренинг  ағылшынның  training  –  тәрбиелеу,  оқыту,  дайындау  ұғымдарынан  шыққан.  ол  жаттығу 
(белгілі  бір  дағдыға  жаттықтыру)  деген  мағынаны  да  білдіреді.  тренингтер  –  қысқа  мерзім  ішінде 
практикалық  қолданыста  қажетті  әрі  тиімді  біліктер  мен  дағдыларды  игеруге  бағытталған  оқу 
сабақтары.  тренингте  әр  үйренуші  кәміби  қызметі  мен  жүктелген  міндеттерін  орындауда  тиімді  әрі 
ұтымды  әрекеттерді  таңдап,  оларды  бекітуге,  үйреншікті  дағдыға  айналдыруға  машықтанады.  тре-
нингке қатысушыларда арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналады, мұнда жұмыстың 
жалпылама әдістемесі қарастырылмайды. тренингтің басты мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын 
игеру. мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге 
қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. сол себепті де тренингтерде оқу мазмұны (материа-
лы) тек практикалық тұрғыдан қарастырылады. мәселен үйренушілер тренингтерде арнайы берілген 
жағдайлар мен ситуацияларды модельдейді, оларды қатысушы ретінде өздері «ойнап шығады». осындай 
әрекеттер арқылы үйренушілер қажетті практикалық білік пен дағдыларды бекітіп, өздерінің өмірлік 
тәжірибелері мен жұмыс тәсілдеріне өзгерістер енгізеді. тренингтердің соңында үйренушілер үйренген 
дағды және машықтары тұрғысында пікір алмасып, олардың тиімділігі мен маңызы туралы өз ойларын 
ортаға салып, талқылайды. мұндай жұмыс әр үйренушінің өз ойлары мен пікірлерін қағазға түсірумен 
аяқталады.  әдетте  тренингтерде  интербелсенді  тәсілдер  қолданады:  іскерлік  және  рөлдік  ойындар, 
нақты жағдайлар мен ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар, таныстырылымдар және т.б.[2].
тренингтің түрлері
таныстырылымдарды  өткізу  дағдыларын  қалыптастыру  тренингтері  қандай  да  болмасын 
ұсыныстарды  баршаға  тиімді  таныстыру  тәсілдерін  қарастырады.  таныстырылым  (презентация)  жа-
риялау деген мағынаны білдіреді. мұндай тренингте үйренушілер жеке немесе топтық жұмыстардың 
нәтижелерін басқаларға таныстырудың әдістерін меңгереді. мысалы, бір топ бірлесе отырып қарастырған 
проблеманың  шешімін  плакатта,  постерлерде  кесте,  кластер,  схема  түрінде  кескіндеп,  өз  ұстанымын 
топ өкілі (шешен, спикер) арқылы жария етеді. бұл жерде басты назар жариялаудың қандай әдістер мен 
тәсілдер арқылы нақты, ұтымды және баршаға анық болатындығына аударылады. Үйренушілер осын-
дай тәсілді іс жүзінде игереді. 
жаңа дағдыларға үйрену тренингі – үйренушілер тобы мүшелерінің қандай да бір жаңа білік пен 
дағдыларға  үйренуі  үшін  өткізілетін  жаттығулар  жиынтығы.  мұндай  тренингтің  мақсаты  –  топтың 
жұмыс жасау деңгейін (ұжымның бәсекеге қабілеттілігін) арттырып, үйренушінің оқу мен жұмыстың 
жаңа тәсілдеріне үйренуі.
іскерлік қатынас дағдыларының тренингтері үйренушілерде тұлғааралық қарым-қатынастың тиімді 
дағдыларын  дамытуға  бағытталады.  Үйренушілер  мұндай  сабақтарда  топ  құрамында  бірлесе  жұмыс 
жасаудың, өзгелермен тіл табысудың, ортақ мәмілеге келудің тәсілдерін меңгереді. 
көшбасшылық  немесе  басқару  дағдыларын  қалыптастыру  тренингтері  болашақ  маман  және  бас-
шы ретінде үйренушілердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады. мұндай тренингтерде 
тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталан-
дыру, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға 
белсенді  әрекеттер  арқылы  үйренеді.  Үйрену  нәтижесінде  қатысушылар  басқару  ісіне  (мақсат  қою, 
жоспарлау,  ұйымдастыру,  болжау,  бақылау,  түзету,  реттеу,  талдау  және  т.б.)  талдау  жасап,  басқару 
мәселелерін тиімді шешудің әрекеттері мен алгоритмдеріне үйренеді.
соңғы  кезде  үйрену  үдерісінде  бейне  тренингтер  қолданылып  жүр.  олардың  ерекшеліктері  бейне 
жазбаларды оқу мақсатында қолдануда [2].
тренингті ұйымдастыру кезеңдері
тренингті  ұйымдастыру  кезеңдері  төмендегі  шарттарды  қамтамасыз  етуден  тұрады:  «Дамыту 
кеңістігін құру» (парталар, үстелдер және олардың оқыту әрекетіндегі рөлі). тренингті ұйымдастырып, 
оны жүргізген кездегі ең басты рөлді парталар немесе жұмыс үстелдері атқарады. кластардағы неме-
се  аудиториялардағы  парталар  (үстелдер)  әдеттегідей  классикалық  түрде  орналастырылған.  мұндай 
жағдайда оқушылар немесе тыңдаушылар оқушылардың (тыңдаушылардың) және педагогтың арқаларын 
ғана көреді. бұл вариантта олар бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсе алмайды, араласып кетуі де 
қиын.  сондықтан  тренингті  өткізген  кезде  психологтар  парталарды  (жұмыс  үстелдерін)  неше  түрлі 
үлгілерде  орналастыруға  болатынын  айтады.  мұндай  орналастырудың  ұтымды  жері  әрбір  тренингке 
қатысушының көз алдыңда болуы. сондай-ақ қатысушы да ештеңеге алаңдамастан тренинг жұмысына 
қатысуына толық мүмкіндік алады және тренингтік көршілері мен тренердің назарында екенін сезінеді. 
бұл  оқушыларды  тәртіптілік  және  жауапкершілікке  әкеледі.  осындай  кеңістікті  ұйымдастыруда 
қатысушының  жауабы  тек  жаттықтырушыға  ғана  емес  басқа  да  қатысушыларға  қолжетімді  және 
бағытталады.сондықтан да тренинг өткізетін кеңістіктегі интерьердің міндетті элементі болып парта-
лар  (үстелдер)  табылады.  оларды  әртүрлі  формаларда  орналастыруға  болады.  француз  психологтары 
жүргізген зерттеулер нәтижелерінде үстелдер формалары жүргізілетін іс-әрекетке өте көп әсері бар екен 
деген қорытындыға келген:
Жұмыс үстелінің 
(партаның) формасы
жұмыс үстелінің жұмысқа қабілеттілікке әсері
төртбұрышты форма
тиімді жұмысқа жарайды.
дөңгелек немесе 
шеттері дөңгеленген 
форма
Достық атмосфера құрады және шығармашылық ойларға жетелейді.
квадрат форма
назар аударады, назарды тұрақтандырады.
сондай-ақ,  үстелдер  түстерінің  адамның  эмоционалдық  көңіл-күйлеріне  деген  ықпал-әсерлері 
баршылық. интерьердің табысты түсі еңбектің гигиеналық шарттарының жақсаруына, адамның нерв 
жүйесіне  күш  түсірмеуіне,  шаршағандықтарын  басуға,  еңбек  өнімділігін  арттыруға  айтарлықтай 
үлестері бар.
Жұмыс үстелінің 
(партаның) түсі
мағынасы мен мәні
Қара 
көңіл-күйдің дұрыстығына ықпал етеді. бірақ та 2-3 сағаттан кейін шар-
шатып жібереді.
сұр 
сұр үстелдегі ұзақ жұмыс депрессияға әкелуі мүмкін. мұндай жағдайда 
қатысушының шығармашылығы оянбайды. 
Қара - ала
Ала түс жұмысқа деген қабілеттілікті түсіріп, жұмыс белсенділігін 
төмендетеді.
ақ 
идея келеді, бірақ оны нақты айтып түсіндіру қиынға түседі.
Қоңыр 
шаршатпайды және жұмысқа бағытталған көңіл-күйді қамтамасыз 
етеді.

94
95
осындай  орналастырулар  мен  үстелдердің  түстері  тренингтің  жақсы,  жайлы  жүргізілуіне  және 
аудиториядағы  өзара  қарым-қатынастың  оң  психологиялық  климатта  өтуіне  әсер  етеді.  және  де  әр 
қатысушы назарда болады.
тренингтің сәтті өтуі және нәтижелі жетістіктерге жетуі үшін алдын-ала ойластырылған дайындық 
жұмыстары:
техникалық, ақпараттық, дыбыстық оқу құралдарымен қамтамасыз ету (интерактивтік тақта, экран, 
проектор,  кодоскоп,  эпидиаскоп  т.б.);  магнитофон,  диск,  кассеталарды  дайындау;  трибуна  дайындау; 
флипчарт, маркерлерді түгендеу; әрбір қатысушыға арналған және олардың есімі жазылған бейджик-
термен  қамтамасыз  ету  (кез  келген  адам  басқа  дыбыстан  гөрі  өзінің  аты  аталса,  оны  тез  естиді,  оған 
тез  жауап  береді;  релаксацияға  арналған  жаттығуларды  пайдалану.  бұл  жерде  тренер  міндетті  түрде 
педагогикалық-психологиялық заңдылықтарды ескеруі қажет: санақ бойынша нешінші сабақ (бірінші 
сабақта психологиялық процесс әлі оянбайды, ал соңғы сабақта керісінше балалар шаршайды); аптаның 
күні (дүйсенбі, сенбі күндері басқа күндерге қарағанда жұмысқа деген құлшыныс төмен); алдағы және 
өткен мереке күндері немесе каникул уақыты.
тренингті әртүрлі бөлмелерде өткізу варианттары
1. стандарттық оқу бөлмесі - дәстүрлі орналастыру көптеген аудио-визуалды мүліктерді қолдануда 
және де жазылған бейне таспалармен жұмыс жасау қажет кезде, егер де ақпарат визуалды және жазба 
түрде ұсынылған жағдайда өте қолайлы.
2. Дөңгелек үстел- миға шабуылға арналған керемет орналастыру, проблемаларды шешуге арналған 
жаттығуларды жүргізуге қолайлы; формалды емес диалог және белсенді түрде тыңдауға ықпал етеді; 
формалды көшбасшы қажеттілігін төмендетеді және де барлық қатысушылардың құқыларының тең бо-
луына жағдай жасайды.
3. конференцияға арналған зал - әртүрлі модификациядан тұрады: негізгі модификация «о» блогы, 
«п» блогы, «v»блогы
Жалпы мінездемесі
Үстелдер мен орындықтар қолданылады; шағын топтарға қолайлы; жаттықтырушының тұсаукесеріне 
өте ыңғайлы; арнайы техниканы, проекторды, компьютерді және т.б. қондырғыларды қолданатын пре-
зентациялар  мен  топтардың  тұсаукесерлерін  көрсетуге  жарайды;  топты  диалогқа  сұрақ-жауап  әдісі 
режимінде тартуға ыңғайлы; жүргізушісі бар дискуссияларды өткізу және жазу кезінде қолайлы; дәріс 
және демонстрациялау кезінде жүргізуші барлық қатысушылардың түрлерін көріп отыруға ыңғайлы; 
жүргізушінің нақты орны болады.
негізгі модификация
Үстел шетінің ашық болуы семинар барысын бейнекамераға түсіруге мүмкіндік береді;
Қатысушы жеке жұмыс жасау кезінде жаттықтырушы оған көмек бере алады.
«о» блогы - егер ортада орналастырылған арнайы монитор болса, онда теледидарлық тұсаукесерлерді 
жүргізуге қолайлы; қарама-қарсы жақтармен дебат, пікірталас өткізгенге қолайлы; егер де қатысушылар 
саны 4 адамнан көп болмаса, онда шағын топтармен жұмыс істеуге әбден болады.
«п» және «v»блоктары - дебат, пікіралыс, пікірталас, жеке презентацияларды өткізгенге өте қолайлы.
4.интерактивті семинар-тренингті өткізуге арналған бөлме - орналастырулардың әртүрлі модифика-
циялары бар: негізгі модификация, шырша тәріздес, дөңгелек пішіндес
Жалпы мінездемесі
бөлме көп адамдарға арналған; әрбір қатысушы жаттықтырушыны жеңіл көре алады;
семинар-тренинг барысында көптеген жаттығулар мен әрекеттерді жасауға, өткізуге болады.
5. психологиялық тренингке арналған бөлме
бұл сипаттағы өткізілетін тренингтер психологиялық, өнер жайлы және т.б. пікірлесу және келіссөз 
жүргізуге арналған. 
Жалпы мінездемесі
Қатысушылардың орналасуларына қолайлы; қатысушылар арасында кедергілер болмайды;
ортада сенімділік атмосферасы қалыптасады; үстелдердің қажеті болмайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тренингті өткізудегі музыканың рөлі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
а)  
б) 
  
тренингті өткізудегі музыканың рөлі
психологтардың  пікірлері  бойынша  музыканы  оқыту  үдерісіне  пайдалану  оң  өзгерістерді  береді 
екен. бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан. солардың бірі Джаннет вос «не себепті музыканың 
оқытуға ықпалы бар?» - деген сұрақты зерттеу барысында мынадай қорытындыларға келген:
•  музыка миды шаршаудан арылтып, босатып, күйзелісті азайтады (күйзеліс ми каналы жолын жа-
уып тастайды).
•  музыка тікелей адамның денесіне әсер беріп, оны тыныштыққа бөлейді.
•  музыка көңілсіз күйдегі адамдарды сергітеді, оятады және ынталандырады.
•  музыкада математикалық бастау бар, ол мидың ерекше электрлік тізбегін ынталандырады.
•  музыка эмоцияларды оятады, ал бұл оқуға деген қадам.
•  музыка психикалық жағдайды өзгертеді және оқу темпінің өзгеруіне себепші.
•  музыка – әмбебап тіл, ол барлық мәдени кедергілерді жеңіп шығуға көмектеседі.
•  музыка – мықты якорь, өйткені оның оқытылатын пәнді есте жақсы сақтауға ықпалы мол.
тренингті ұйымдастыру моделі сұрақтар қою, әңгімеге тарту, күтілетін нәтижені талдау, мақсат қою, 
тренинг модулін құру, тренингтік материалдарды пысықтау және импровизациялау, уақыт менеджментін 
ескеру мен тренинг модулін түзетуден тұрады.
тренинг  сценариін  дайындағанда  оның  негізі  –  жаттығулар  кешені  екендігін  білу  қажет.  ол 
жаттығулар тренингке қатысушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, тренингтің өткізілу 
формасы мен тақырыбына сәйкес таңдалуы керек. тренердің оқытудың барлық (жеке, жұптық, топтық) 
формаларын  ескеруі  және  жоспарлауы  аса  маңызды.  сондай-ақ,  жұмысты  шағын  топтарда  (5-6  адам) 
ұйымдастырған өте қолайлы.

96
97
 
 
Ж 
а 
т 
т 
ы 
 
у 
л 
а 
р 
 
 
 
 
 
 
 
тренингті ұйымдастыру моделі
тренингтегі тренер белсенді басшы, топ мүшесі, кеңесші, делдал, сарапшы, комментатор рөлін атқара 
алады [3].
шағын топтарды құру жолдары
тренингте шағын топтарды жинақтауды әртүрлі тәсілдермен құрастыруға болады:
1 нұсқа. әркімнің (алдын-ала жасалынған неше түрлі эмоциядағы смайликтерді, немесе салынған 
әртүрлі гүлдерді - роза, фиалка, қызғалдақ т.б.) дөңгелекшелерді суырулары (гүл, смайлик, жапырақ) 
арқылы команда құрылады.
2 нұсқа. 3 түрлі ойын жүргізу. барлық қатысушыны тақта алдына шақырып, оларға: 
бойлары бойынша тұру;
шаштарының ең ашық түсінен бастап ең қара түске дейінгісіне қарай тұру;
туған  күндерінің  қаңтар  айынан  бастап  желтоқсанға  дейінгісіне  қарай  сапқа  түзелу  ұсынылады. 
бұдан соң қатысушылар бір, екі, үш реттік сандарға саналып, сәйкес реттік сандары бойынша команда 
құрады.
3 нұсқа. жаттықтырушы қатысушыларды өзінің қалауы бойынша командаларға бөледі.
4 нұсқа. Қатысушылар өздерінің қызығушылықтарына сәйкес команда құра алады.
5 нұсқа. Қатысушыларды біртіндеп біркелкі отырған жерлерінен санап команда құрастыруға болады. 
әрбір бес адам – бір команда.
тренингтегі топтардың даму кезеңдері

 – «жы
 
Тактикасы: 
– 
– 
 

– 
 
тренингтік топтық жұмыс қағидаттары 
1.  ықпалдастықты  диалогтандыру  қағидаты,  яғни,  топ  жұмысындағы  қатысушылардың  өзара 
сыйластығына,  олардың  бір-біріне  деген  толық  сеніміне  негізделген  тең  құқылы,  толыққанды 
тұлғааралық қарым-катынас қағидаты. олардың бірі немесе бірнешеуі басым болған жағдайда, қарым-
қатынас шынайы диалог сипатынан айырылады да, монолог арнасына ауысады, бұл тренинг табиғатына 
қарама-кайшы келеді.
2.  тұрақты  кері  байланыс  қағидаты,  яғни  қатысушының  өз  іс-әрекеттерінің  нәтижелерін  талдай-
тын топтың басқа мүшелерінен ақпаратты үздіксіз алып отыруы. Дәл осы кері байланыстың арқасында 
адам  қарым-қатынастың  сәтсіз  тәсілдерін  жаңаларына  алмастыра  және  олардың  айналасындағы 
адамдарға қалай әсер ететіндігін тексере отырып, өзінің кейінгі мінез-құлқын түзете алады. бұл үшін 
қатысушылардың  басқаларғаолардың  өздері  туралы  айтып  беруге  және  өзі  туралы  пікірді  тыңдауға 
дайындықтарын камтамасыз ететін жағдайлар жасалуы тиіс. мұндай саналы түрде жүзеге асырылатын, 
әдейі жасалған кері байланыс барынша көпдамытушы әсер береді.
3. Өзін-өзі диагностикалау қағидаты қатысушылардың өз-өздерін ашуларына, олардың өз жеке баста-
ры үшін маңызды проблемаларын жете ұғынуларына және тұжырымдауларына көмектеседі. сабақтардың 
мазмұнында  адамның  өзін,  өз  жекебасының  ерекшеліктерін  танып-білуіне  көмектесетін  жаттығулар 
қарастырылған. топтың әрбір мүшесіне өзін одан белгілі бір шешім қабылдау және оны жүзеге асыру 
талап етілетін әр түрлі жағдайларда көруіне көмектесу қажет. көбінесе бұған қарым-қатынастың ауызша 
(сөздік) тәсілі емес, тәжірибелік іс-әрекеттері көмектеседі. тренинг кәдімгі оқу сабақтарынан осынысы-
мен ерекшеленеді.
4. Дамуды оңтайландыру қағидаты. жүргізушіден жекелеген қатысушылардың және жалпы топтың 
белгілі бір психологиялық жай-күйін анықдиагностикалау мен білікті айқындау ғана емес, сонымен катар, 
олардыңдамуы үшін қажетті жағдайларды оңтайландыру мақсатында болып жатқан оқиғаларға белсенді 
түрде араласу да талап етіледі. Арнайы жаттығуларды қолдана отырып, жүргізуші қатысушылардың өз-
өздерін дамытуларын ынталандыруы, олардың күш-жігерлерін қажетті арнаға бағыттап отыруы тиіс.
5.  интеллектуалды  және  эмоционалдық  салаларды  үйлестіру  қағидаты.  бір  жағынан,  тренингке 
жоғары эмоционалдық ширығу тән,
оқушылар топта болып жатқан оқиғаларды шынымен өз бастарынан өткереді. бұл олардың шындықты 
жасырмай айтуға бет бұруларына, көбірек дәрежеде әріптестеріне сенім білдірулеріне, бір-біріне қатысты 
әлдеқайда ізгіліктібола түсулеріне көмектеседі. бірақ, екінші жағынан, тренинг оқиғаларды талқылау 
кезіндегі интеллектуалды талдау үдерістерін де белсендіре түседі. мұндай іс-әрекеттің басты нысаны - 
барлық сабақтар бойында пайдаланылатын топтық пікірталас.
6. бүкіл тренингке, сондай-ақ оның жекелеген сабақтары мен жаттығуларына ерікті қатысу қағидаты. 
жасөспірімнің жұмыс барысындағы өз мінезінің өзгерулеріне табиғи ішкі қызығушылығы болуы тиіс. 
оң мағынасындағы тұлғалық өзгерістер, әдетте, мәжбүрлі түрде жүзеге аспайды,және оны талап етудің 
қажеті де жоқ.
7. топтың тұрақты кұрамы қағидаты. тренингтік топ жабық болса,
яғни, оның кұрамы тұрақты және жаңа адамдар қосылмайтын болса, ол
әлдеқайда тиімді жұмыс істейді, және онда топ мүшелерінің өз-өздерін ашуына септігін тигізетін 
ерекше үдерістер пайда болады. Өздігінен алғаш рет өз тренингін бастағандарға шағын топпен - 10-12 
адаммен жұмыс істеген дұрыс. белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін қатысушылардың санын 30-40 
адамға дейін арттыруға болады.
8. шому кағидаты. сабақтардың ұзақтығы жұмыстың ең басында анықталуы тиіс. оларды өткізу 
тәжірибесі әбден негізделген қорытынды үшін негіздеме береді: ірі уақыттық блоктармен - қандай да бір 
жүмысқа 3-4 сағатқа, кейде одан да ұзағырақ уақытқа шомумен жұмыс істеу кезінде аса жоғары әсерге 
қол жеткізіледі. бұл қатысушыларды «босаңсытуға», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық үдерістерге 
эмоционалдық кірігуіне көп уақыт жоғалтатындығымен байланысты. мектеп жағдайларында тренингтік 
топтар мектеп кестесінің аясына әбден сыяды. Қосарлы сабақтарды және аптасына бір реттен кем емес 
өткізген дұрыс. егер мүмкіндік болса, сабақтарды2-3 күнге дейін тығыздандырып, күніне 6-7 сағаттан 

98
99
қарқынды тренинг откізген мақсатка сай болады. және ықтимал нұсқалардың бірі ретінде 24 сағатқа со-
зылатын тренинг-марафон, бірақ оны тек дайындығы бар қатысушылармен ғана өткізуге болады.
9. оқшаулану қағидаты. оқушылардың өздерін ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімді болула-
ры сөзсіз талап болып табылады. егер жүргізушіде сабақтардың аудио- немесе бейнежазбасын жүргізу 
қажеттілігі  болса,  ол  топтың  барлық  мүшелерінің  келісімін  алуы  тиіс.  тренингтікжаттығулар  мен 
тапсырмалардың  басым  бөлігі  қатысушылардың  өздерініңосыматериалмен  кейіннен  өздігінен  жұмыс 
істеулері үшін арнайы жазылуыда мүмкін.
10. бос кеңістік қағидаты. сабақтарға арналған бөлмелерде қатысушылардың еркін жылжу, шеңбер 
бойынша  жайғасу,  3-5,  7-8  адамнан  шағын  топтарға  бірігу,  сондай-ақ  оңашалану  мүмкіндігі  болуы 
тиіс. болашақ ұжыммен алғашқы кездесу тренингті дайындаудың маңызды элементі болып табылады. 
ол, қағида бойынша, екі кезеңнен тұрады. бірінші кезенде топтық әңгімелесу жүреді, оның барысын-
да кездесулердің мақсаттары, мерзімдері мен ұзақтығы және т.б. әңгімеленеді. жиналғандар тренинг-
ке қатысу туралы шешім қабылдайды немесе қандай да бірсебептерге байланысты бұдан бас тартады. 
екінші  кезеңде  жұмысқа  қатысуға  нық  шешім  қабылдағандармен  жеке  сұхбаттасу  жүргізіледі.  оның 
барысында түрткілер (қызығушылық, білімге деген құштарлык, жаңа тәжірибе алуғаұмтылыс, өмірге 
дайындык, өз проблемаларын шешу) нақтыланады. бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы шешім 
қабылдаған адамдардың келуі үшін қажет. (мұнда кағидаттардың ішінде тек негізгілері ғана берілген, 
мамандандырылған тренингтерде тағы да қосымша қағидаттар мен ережелер беріледі [4].
 
әдебиеттер тізімі
1. 2006 жылы мамыр айында н.назарбаевтың л.н.гумилев атындағы еуразия Ұлттық университетінде 
оқыған «инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты дәрісі.
2. әлімов Асхат «интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» оқу құралы, Алматы, 
2009ж.
3. садвакасова Зухра «оқытудағы тренингтердің рөлі» әдістемелік құрал, Алматы, 2010ж.
4. әлеуметтік –психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас түрі ретінде (ау-
дарма).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет