оқушының ойын қорытындылай білуге үйретудің тағы бір жолы– эссе жаздыртуға төселдіру.
Заманауи талаптарға сай, әр адам өзіндік көзқарасын сауатты дәлелдей отыра, жаза алуы керек. осы ретте
эссенің тигізер пайдасы мол.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірибе, лат.т. exagium - құрау) - философиялық, әдеби, тарихи,
публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы автордың жеке көзқарасын білдіретін
прозалық мәтін. жанр ретінде енгізген 1580 ж. мишель монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет
қолданып, осы жанрда 1597 жылы френсис бэкон кітаптарын жазып шығарды.
460
461
жүйелі жұмыс нәтижесінде туған жер тақырыбына байланысты жазылған оқушының эссесін оқып
көрелік:
тақырыбы: ұрпағымын ұлтымның
Қазақ деген ұлттың өкілі болу – зор бақыт. мен – сол бақытқа ие болған жанның бірімін. Қазақылықтың
бәрін сүйемін. күмбір-күмбір қара домбыра дауысынан басқа әсем дауыс жоқтай. жастарға ақ батасын
жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай
жорғалағаны да жарасатын секілді. «еркежан» деп жұмсайтын ақ жеңешелерімнің тауып айтатын, кейде
тіпті «сойып салатын» әзіл-қалжыңдарына төтеп бере алмай, қызарақтап жеңілген қандай ғанибет!
басқаны қайдам, ақ кимешекті әжелердің «әй, құрдас, ән салсайшы», - деп қасындағыларына қолқа
сала отырып, олардың «әу» деуін күтпей-ақ, «жүгіріп шықтым белестен, белес жақын емес пе, осы
отырған отырыс, бір ғанибет емес пе-ай!» деп биязы жүнін түтіп отырып айтар әнінен өзге әнді тыңдағым
келмейді. жаны дарқан, жүрегі жұмсақ, қолы ашық, көңілі дария қазақ баласымын.
осындай ұлтқа мекен болған кең-байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған
батыр бабаларым-ай!
о шеті бұ шетіне көзің жетпейтін, шапса тұлпардың тұяғы тозатұғын, ұшса қанаты қыранның талатұғын
қазақ жері – менің де жерім.
жасыл жайлау түкті кілем болып қазаққа төселіп жатыр. Ақ бас тауы өр мінезді қазақ баһадүрі секілді
мызғымай қасқаяды. Қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті сабырыңды сынайтын, шыдамыңды шыңдап,
шалқар шабытыңды шақыратын сырлы өлке де – менің отаным.
Ұлт болашағы ұстамы мықты, ұят пен намысты ту еткен ұлдарының қолында. Ұлан-байтақ берекесі та-
сып жатқан елге еміренер ер керек. ері де бар, «ерім» дейтін елі де баменің туған жерімнің! Қазақ ұлтының
тағдыры үшін алаңдамаймын. халық барда тіл де, дәстүр де, қасиет те жоғалмақ емес. киелі жерге жа-
стар ие болып қалады. Қазақ жастары – білімді, озық ойлы, алдына мақсат-міндет қойған Қазақстанның
ертеңі.» оқушы жүрегін жарып шыққан шығармашылық әлеуетті дәлелдейтін сөз емес пе бұл?!
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде жүйелі әрі бірізді, сонымен қатар сауат-
ты қолдана білу әрбір сабақтың қызықты өтілуіне жол ашады. тіл үйренушінің бойында қазақ тіліне деген
қызығушылық, асыл сөз астарына біртабан жақындық, ең басты тіл меңгеруге деген ынта пайда болады
деген ойдамын.
әдебиеттер тізімі
1. тұрғынбаева.б. А. Дамыта оқыту және шығармашылық қабілеттер – Алматы,1997ж.
2. глускин в.м. «применение тсо на уроках английского языка». – м. 1978 г, 11- бет
3. керімбаев м. с. мектептегі инновациялық процестер: мәселелер, болашағы, ізденістер. – Алматы,
1995 ж.
4. бұзаубақова к. “жаңа педагогикалық технологиялар” // Қазақстан мектебі. № 4. 2005.
5. бұзаубақова к. жаңа пеД-технологияны меңгеру – міндет. //Қазақстан мектебі. №9-10. 2005.
форМируЮЩее оценивание ПродуктивныХ речевыХ уМениЙ на урокаХ
англиЙского языка
куватова М. б.
Специализированная школа «Жас дарын» г. Павлодара
Республика Казахстан
аңдатпа
берілген мақалада оқу үдерісі мен ағылшын тілі сабағындағы тәжірибеде қолданатын формативті
бағалаудың ролі қарастырылады. формативті бағалау әр түрлі форманы қабылдайды, бірақ бұл қабылдау
қателіктерді түзету, оқу мен оқыту үдерісінің деңгейін көтеруде ғана іске асады. мақалада ауызекі сөйлеу
тіліндегі формативті бағалаудың қолданылуы нақты мысалдарымен дәлелденген.
аннотация
в данной статье рассматривается роль формирующего оценивания в процессе обучения и его практи-
ческое применение на уроках английского языка. формирующее оценивание может принимать различные
формы, но оно является таковым только тогда, когда его данные используются для корректировки, улуч-
шения процессов учения и обучения. в статье приводятся конкретные примеры использования формиру-
ющего оценивания продуктивных речевых умений.
Abstract
this article regards the role of formative assessment in the learning process and its practical application at
english lessons. formative assessment can take many forms, but it is formative only if the assessment data is used
to correct, to improve the process of teaching and learning. the article provides examples of formative assessment
of productive speech skills.
в процессе учения иностранного языка ученики овладевают лингвистическими знаниями, применяют
речевые навыки, познают культуру изучаемого языка, познают стратегии учения.
оценивание учения языка может выражаться в различных формах в зависимости от цели. Это может
быть формальным или менее формальным, это может делать учитель или независимый оценщик, это мо-
жет быть оценка работы учителя, или учеников. в любом случае оценивание – это сравнивание того, что
есть с регламентированным уровнем достижения.
тем не менее, признавая важность цели оценивания, также важно знакомить учеников с результатами
оценивания, которые не могут включать в себя только формальное выражение оценки, или заключение,
что ученик выполнил или не выполнил задание.
учителю важно оказать положительное воздействие на процесс учения учениками. таким типом оце-
нивания, который позволяет оказать поддержку ученику, дать всю необходимую помощь для успешного
учения, является формирующее оценивание.
Целью формирующего оценивания является непрерывный сбор информации, сообщающей об уровне
успешности выполняемых действий в процессе учения. формирующее оценивание позволяет учителю
видеть слабые и сильные стороны учеников в отношении конкретного программного материала, позволяет
ученикам видеть их текущий уровень в отношении четко определенных ожидаемых результатов обучения
формирующее оценивание может выступать регулирующим механизмом деятельности учителя, по-
зволяя улучшить его работу. вместе с тем такое оценивание не может быть типовым в своем выражении.
Для каждого конкретного задания, конкретных учеников и конкретных условий обучения осуществляется
свое оценивание. и учителю необходимо сравнивать конкретное выполнение с ожидаемым результатом.
потому формирующее оценивание основывается на критериях[1, с 3]
462
463
так как язык является средством коммуникации, имеет смысл рассмотреть, каким образом можно осу-
ществить формирующее оценивание речевых навыков. как известно, речевые навыки можно разделить
на рецептивные и продуктивные. не умаляя важность ни одного из навыков, ведь в речи мы пользуемся
всеми четырьмя, хочется заметить, что для учеников говорение и письмо на иностранном языке, то есть
продуктивные речевые навыки, представляют наибольшую трудность. перед учителем встает цель снять
эти трудности, и одной из задач для решения этой проблемы может быть применение формирующего оце-
нивания. первоначально разрабатываются критерии оценивания, при этом ученики могут увидеть:
- какой словарный запас им необходим для выполнения задания
- какие грамматические конструкции им нужны для выполнения задания
- какие навыки учения им нужны для выполнения задания
- какие навыки речевого и неречевого поведения им нужны для выполнения задания
как ученики могут это увидеть?
Для оценивания задания им предоставлены критерии, в которых отражены конкретные компоненты,
выполнение которых обеспечивает достижение ожидаемого результата.
важно, чтобы результат был видимым и конкретным, то есть оценивание идет в рамках конкретных
заданий. ролевая игра, задания на обмен информацией, написание письма другу – примеры заданий, где
понятен конечный продукт речевой деятельности.[1, с 5]
благодаря критериям учитель и ученики могут наглядно увидеть, что они могут делать успешно, чего
им не хватает для достижения ожидаемого результата.
но для этого необходимо, что ученики понимали критерии, какие умения и навыки проверяет тот или
иной критерий, выбор критерия для данного задания. ученики могут быть сами причастны к разработке
критериев. например, как это было сделано в рамках задания по чтению в одном классе. Для чтения в клас-
се ученикам был дан весьма сокращенный вариант отрывка книги, содержащей биографические данные.
Далее учитель, разбив детей на пары, попросил обсудить и сообщить, какие подробности из жизни автора
повествования они хотели бы узнать. в конце после обсуждения и объединения предложений учеников,
был создан перечень вопросов. в последующем ученики прочитали неадаптированный вариант того же от-
рывка и получили ответы на все свои вопросы. Эти же вопросы они использовали для создания критериев
при написании своей автобиографии и эти же критерии они использовали для взаимооценки работ друг
друга. [2, с 9]
формирующее оценивание может принимать различные формы: самооценка, взаимооценка, наблюде-
ние, вопросы, обсуждение, ведение дневника, письма-вопросы учителю, графики (kWl charts), заметки
учителю после урока (exit ticket), и т.д.
характерной чертой формирующего оценивания является рефлексия. когда учеников просят обду-
мать, что они изучили и каким образом, у них больше возможности понять их собственное учение, и даже
обозначить его цели. Цели должны быть максимально конкретно сформулированы, достижимы за корот-
кий период времени и посильны ученику. важно прописать и пути достижения цели, обдумав несколько
возможных вариантов
essay 1: “Why people don’t help in a crisis”
i opened my essay with an attention grabber 1
2 3 4
i used at least one example from my life to support
my opinion.
1 2 3 4
i used at least one example from another text, a
movie, or an observation to support me opinion.
1 2 3 4
i wrote a conclusion in which i summarized my
main points and left the reader with something to
think about.
1 2 3 4
essay 2: “poets in the kitchen”
i opened my essay with an attention grabber
1 2 3 4
i used at least one example from my life to support
my opinion.
1 2 3 4
i used at least one example from another text, a mov-
ie, or an observation to support me opinion.
1 2 3 4
i wrote a conclusion in which i summarized my main
points and left the reader with something to think
about.
1 2 3 4
журнал улучшений
один из способов следить за прогрессом навыков письма – сравнивать по прописанным критериям
эссе, написанные в разное время. ученики смогут ясно увидеть, какие изменения происходят, где есть
улучшения, а где изменений так и нет. [4]
также есть прием «two stars and a Wish», то есть две звезды и желание. ученику предлагается оценить
работу, выделив два положительных аспекта и одно конкретное пожелание для улучшения. так, в одном
классе, учитель проверил письменные задания учеников, где они привели примеры историй из личной
жизни на тему «животные» для публикации в школьном журнале. учитель объяснил, что он оценил ра-
боты учеников по вышеуказанному принципу. и далее ученики будут оценивать работы друг друга по
этому принципу. ученики обсудили, какие виды комментариев можно использовать при обозначении по-
ложительных сторон работы, какие комментарии можно использовать при выработке предложений по
улучшению, а также каких комментариев следует избегать. [3, с 8]
Для заданий на говорение, можно дать заранее готовые критерии для каждого конкретного задания,
предложить написать свой комментарий к тому, как было выполнено задание, собственные предложения
учеников по оценке задания. [1, c 23]
rarely
sometimes
often
asked all the questions in english
asked interesting and suitable questions
asked various types of questions
used different question words
gave the listener time to reply
comments and suggestions
исследования показали, что формирующее оценивание может улучшить способность учеников оце-
нивать прогресс своего учения, определить собственные цели учения и корректировать ход учения. так
достигается автономность учения, когда ученик сам регулирует процесс своего учения, развивается его
аналитические, исследовательские навыки, способность мыслить критически. критерии такого оценива-
ния позволяют ученикам понять, каким образом знания и умения применяются на практике в реальной
жизни. также формирующее оценивание позволяет учителю получить представление о том, насколько
эффективно его учение и что можно изменить для улучшения процесса обучения.
важно заметить, что формирующее оценивание не повышает успеваемость учащихся само по себе.
ученики не только должны научиться оценивать свой прогресс на данном этапе, но и научиться исполь-
зовать полученные данные для построения стратегии своего дальнейшего учения. тогда формирующее
оценивание достигнет своей цели – способствовать успешному учению предмета.
использованная литература
1. formative assessment of english as a second language
- http://www.caslt.org/pdf/background_formative_assessment.pdf (27.10.2012)
2. bethan marshall, assessment in english
- www.ite.org.uk/ite_readings/assessment_20071130.pdf (27.10.2012)
3. e caroline Wulie, formative assessment: examples of practice, council of chief state school officers,
Washington, dc, 2008 http://www.ccsso.org/resources/publications/formative_assessment_examples_of_
practices.html (27.10.2012)
4. larry ferlazzo, Ways to include students in the formative assessment process -http://blogs.edweek.org/
teachers/classroom_qa_with_larry_ferlazzo/2012/01/matt_townsley_asked_carol_boston.html (27.10.2012)
464
465
МұғаліМнің кәсіби даМуы: дәстүрлері Мен өзгерістері
куншыбаева Ж. т.
№107 лицей
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы
аңдатпа
Жас ұрпаққа уақыт талабына сай заманауи деңгейде білім беру және жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді
пайдалана отырып, жан - жақты дамыған зияткер тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі.
аннотация
в статье исследуется роль учителя в воспитание молодежи, в личностном развитии ученика, в соот-
ветствии с требованиями времени.
Abstract
to the requirement of time young to the generation smear education and only what method-methods ravine
advantageously used on modern level, soul is an intellectual person, that developed, personality role of teacher on
to bring up.
«мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани
жан дүниесіне үңіле білу. педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға
білу болып табылады» - деп орыстың ұлы ғалымы в.А. сухомлинский айтқандай ұстаздық-ұлы құрмет.
«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» - демекші, адамзат баласының зердесіне білімнің іргетасын берік
қалап, тәлімі мен тәрбиесін, білімі мен жан тазалығын сыйлайтын да адами құндылықтармен сусындатып
қиын өмір белестеріне аттандыратын да осы ұстаздар қауымы.
Ұлы Абай атамыздың “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”- деген нақыл сөзін басты
назарда ұстай отырып , бүгінгі заман талабына сай, ой-өрісі жоғары, зерделі және зияткер шәкірт
тәрбиелеу –әр мұғалімнің кәсіби борышы, әрі ізгі арманы деп есептеймін.
елбасы н.ә.назарбаев «болашақта еңбек ет іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. сондықтан ұс тазға жүктелетін міндет ауыр»
деген еді. Ұстаздық жолында жүрген әрқайсымыз осы сөзге сай болуымыз керек. Қазіргі уақытта
елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. осы бағытта
назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін көтеруде қазіргі заманғы білім жүйесінің
негізгі қазығы болып отыр. сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп екені
сөзсіз.
мұғалім тұлғасының кәсіби бағыттылығы мамандығын өз еркімен таңдап, сүйіп, буыны бекімеген жас
ұрпаққа білім беруге ынталы болуынан, еңбектену арқылы өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруынан көрінеді.
сондай-ақ, өзінің тұлғалық сапаларының өзі жүргізетін педагогикалық әрекет әсерін де білуі қажет,
себебі білімі шамалас болғанмен, тұлғалық сапалары әртүрлі мұғалімдердің қол жеткізген нәтижелері
әртүрлі болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. ондай сапаларға мұғалімнің қайырымды болуы,
бірақ тым жұмсақ болмауы, оқушыға дер кезінде көмек беруі, жаны ашуы, педагогикалық такт сақтауы,
яғни сақтықпен сөйлеп қарым-қатынас жасауы, талап ете білуі, бірақ дөрекі, қатал болмауы, юморды
орынды қолдана алуы, әзілдеймін деп жүріп баланы ренжітіп алмауы, балаларды алаламауы, шыншыл
болуы, оқушысын тұлға деп танып құрметтеуі тағы сол сияқты сапалар жатады.[2]
Өзінше бір шешімге келе алмайтын, өз идеясын қорғай алмайтын, «ішкі дүниесі тар» мұғалімнен
шығармашыл тұлға шықпайтындығы белгілі. шығармашылықта «ілгері секіру», «белгісіздікке секіру»,
зияткерлік қана емес, педагогтің тұлғасы, атап айтқанда, жарты жолда қалмайтындығы, табандылығы, ой
батылдығы, ерлік, өз идеясына адалдық, әріптестерінен көш ілгері ойлауы сияқты сапалардың да маңызы
орасан зор. білімі шамалас педагогтердің қол жеткізген нәтижелерінің бірдей болмауы олардың тұлғалық
сапаларының маңыздылығының айқын дәлелі.
Қалыптасқан түсінік бойынша кәсіби өсудің басты мақсаты мұғалімнің өз мамандығы бойынша жан-
жақты қосымша білім алуы және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп отыруы.
міне, осылар біріншіден, мұғалімнің кәсіби өсуі және өзінің негізгі мамандығы бойынша жаңа
әдістерді меңгеру ғана емес, сонымен қатар осы жаңа білімін өз іс әрекетіне байланысты қолдана,
жетілдіре білуі, өзін-өзі реттеуі,рефлексиясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға негіз қалыптастырады.
сонымен қатар қазіргі таңдағы жаңа оқыту әдістемелері оқушының танымдық қызметі мен ойлау
жүйесінің ара қатынасын анықтай түседі. ол оқушының дербестігін, қажеттілігін, интелектуалдық
ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. сондай оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін қолданып
оқыту – жаңа жетістікке жетелейтін сара жол десек қате болмас.
Екіншіден, мұғалімдерді методикалық және методологиялық тұжырым жасауға үйретеді. Өйткені олар
көбіне дайын оқулықты, бағдарлама мен әдістемені дайын нұсқау ретінде қабылдайды да, тәжірибеде
кездесетін жаңа жағдайларда ізденістік - танымдық өресі жетпей жатады.
Қазіргі кезеңде еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде түбегейлі өзгерістер болып жатқаны
белгілі. олардың негізгілеріне 12 жылдық білім беруге көшу, білім беруді дүниежүзілік стандартқа
жақындату, өмірлік және политехникалық бағыттылық сияқты мәселелер маңызды.
Қазіргі уақыттағы білім беру үрдісі сапалы, тиімді, нәтижелі білім болуы керек. Өйткені ххі ғасыр
жандану заманы, сол себептен де білім беру тарихында осындай жаңалықтар маңызды рөл атқаратын
мәселелердің бірі. білім беру жүйесі төңірегінде сөз қозғау қазіргі өскелең өміріміздегі көкейкесті
мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, қай саланы тілге тиек етер болсақ та, білім, ғылым ауылына
соқпай өту мүмкін емес. бұл саланы реформалаудың маңыздылығы әлемдік стандарттар өлшемімен
үйлесім тапқандығында. себебі, ауқымды түрде болып жатқан жаһандану кезінде өміршеңдікті мұрат
тұтып, жас ұрпаққа уақыт талабына сай заманауи деңгейде білім беру, сондай – ақ рухани қуаттандыру
бүгінгі таңдағы алдыға қойған басты мақсаттардың біріне айналып отыр.
білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оның философиялық, педагогикалық-психологиялық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. бүгінгі философтар мен педагог
– ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей,
білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс
жасау қажеттігін дәлелдеуде.
білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен
әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. білім саласында болып жатқан бұл ауқымды өзгерістер жаңаша бастамалар мен өзгерістерге
кең жол ашуда. осындай жағдаймен байланысты ойландыратын мәселенің бірі- тіл білімінен санамызға
сіңісті болып қалған бірізді жазылған зерттеулерді саралап, заман талабына сай инновацияланған тың
деректерді назарға алып, зерттеулер жүргізу. жалпы «инновация» сөзі латын тілінен енген «жаңару, жаңа
жаңашылдық, өзгерту» деген ұғымды білдіреді. ғылым саласындағы бұл ұғым ашылатын жаңалықтар
мен ғылыми зерттеу жұмыстарын пайдалануға деген қажеттіліктен туындап отыр. инновациялық үрдістің
негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. кез – келген жаңа
әдіс жекелілік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. бұл яғни, педагог үшін тапқан әдіс, жаңалық басқа
педагог үшін өтілген материал тәрізді.
Заман талабына сай ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми – таным әдіснамасы
өте зор маңызға ие. оқытудың басты сауалы: «нені оқыту, қалай оқыту» мәселесі күн сайын күрделеніп
келеді. оның бірден бір себебі, білім ауқымы кеңейіп, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі
466
467
алдыңғы қатарға шықты. олай болса, «мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең
білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» міндеті жүктеледі. «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік
білім стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан,
жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу
керек. [3]
ххі ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір
жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. елбасымыз н.ә.назарбаев
білім мен ғылым қызметкерлерінің
3 сьезінде: «құрылымдық өзгерістер мен кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту ұрпағы
білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы керек, бұл-
уақыттың талабы» деген еді. олай болса оқушыларды ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен
қамтамасыз ету оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарына сусындату – қазіргі заман
мұғалімдеріне басты міндет болып саналады. бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы білім беруге жаңаша қарауды,
оқытудың озық технологияларын меңгертуді талап етеді.[2]
Ал, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының
деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтандыру. ол үшін мектепке заман талабына сай білім стандартын
енгізу жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру сынды
маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселелерді енгізу.
әр ұлттың танымдық әлемінің, рухани мәдениетінің, адамзаттың болмысының көрінісі болып
табылатын әдебиетіміз бен тілімізді түпкі нәтижеге бағдарлай оқыту дәстүрлі әдіс – тәсілдерді озық
технологиялармен ұштастырғанда ғана жүзеге асады. Ахмет байтұрсынұлының «мектеп керектері»
атты мақаласында: «ең әуелі мектепке керегі терең білімді, педагогика мен методикадан оқыта алатын
мұғалімдер. екінші – оқыту ісіне керек құралдар һәм сай болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар
қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы» деп көрегендікпен айтқан пікірі бүгінгі оқыту ісінің де
алдынан шығып отыр. шын мәнінде әдіскер – ұстаз, қажетті көрнекі құралдар, ұтымды шеберлікпен
ұйымдастырылған оқыту үрдісі қашанда нәтижелі болары сөзсіз. [1]. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың
күрт дамып, өрістеуіне , еліміздегі өзгерістерге байланысты ғылымның барлық саласында талантты, жан-
жақты дамыған, талапты, зерек жастарды қажет етеді. себебі, қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген
білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Қоғамымыздың дамуын дүниежүзілік деңгейге
көтеретін –еліміздің саналы да дарынды да талантты ұрпағы.
әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қарыштап қадам басқан өз еліміздің болашақ иегерлерін
оқыту мен тәрбиелеу педагог-ұстаздардың алдына қойылған негізгі мақсат болып отыр. мақсатқа жету
үшін заман талабына сай оқытудың тиімді жолдарын әдіс-тәсілдерін игеру қажет.
міне, сондықтан да қазіргі таңда мектептер оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете
отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру,
алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты
ақыл – ой белсенділігін дамыту қажет. ендігі жерде білім беру жүйесінен шығармашыл, техникада,
экономикада, жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл– ойы дамыған
ұрпақты тәрбиелеу талап етіледі. оқу – танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі
білімді игеріп қана қоймастан, олардың қабілеті мен шығармашыл ойлауы да дамытылады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына,
жаңаны ойлап табуына,шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-
әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.
жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші мәселе болса, жасыратыны
жоқ, бұрын оқыту ісіне бір жақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. соның
салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімдерге түсті: сұрайды, түсіндіреді, қосымшамен толықтырады.
бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің тозығын да, озығын да қайта қарап, оқытудың жаңа технологиясы
енгізілді. инновациялық жүйеге негізделген әрбір сабақтың өзіндік құндылықтары бар. инновациялық
оқыту білімді тереңдетумен қатар оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. мұндай
педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдер және технологиялар шығармашылық қабілеттің дамуына жағдай
туғызады.
белгілі қоғам қайраткері әбіш кекілбаев «күшті мемлекет деген сөз – халықтың рухани сұранысын
қалтқысыз қалыптастыратын мемлекет деген сөз».
тәрбиесіз адамның білімді болуы ақылға сыймайтын нәрсе. Ал, қазақтың балаларының иманды,
тәрбиелі болмағы бесігінен. олай болса, буыны бекімеген бала арманының жүзеге асуына, ұлттық рухани
құндылықтарымызды қастерлей білуіне ізгілендіру баршамыздың міндетіміз болып табылды.
Қорыта келгенде, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» -деп орыс ойшылы к.Д. ушинский айтқандай үнемі
жақсылыққа жанымыз құмар, шығармашыл, құзіретті, білімді де білікті ұстаздар қауымы осы қасиетті
қағиданы әрдайым жүрегіміздің түкпірінде ұстағанымыз жөн.
әдебиеттер тізімі
1. А. байтұрсынов «мектеп керектері» мақала
2. к.Қ. найманбаева «білім берудің жаңа жүйесінде мектепішілік әдістемелік жұмыста мұғалімнің
кәсіби біліктілігін жетілдіру» Алматы, 2011жыл.
3. мұғалімдерге арналған нұсқаулық «назарбаев Зияткерлік мектебі»ДббҰ, 2012жыл
Достарыңызбен бөлісу: |