Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР Президенті Н.Ә.назарбаевтың Қазақстан халықтарына жолдауы. 2011., 2012.

2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы.Алматы., Ана тілі.1999.,141-б.

3. Сетаров Д. С. Қазақтың тыйым сөздері//Бастауыш сынып әдістемесі. №5(6)., 2011.

4. Уалиханов Ш. Избранные произведения, М., 1986.

5. Ахметов С. Бастауышта білім берудің тиімділігін арттыру. 1998.

6. Кенжеахметов С. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолдану әдістемесі мен 

тиімділігі//Бастауыш мектеп. №1. 2009.



ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ: САБАҚ БАРЫСЫНДАҒЫ 

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

Рахимова А. М.

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған 

№ 2 мектеп-интернаты

Ақмола облысы

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада оқыту формаларының ішінде диалогтік тәсілдің тиімділігі жоғары екендігі жан-жақты 

көрсетілген. Білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алатыны, сабақта диалогтің 

маңыздылығы айқындалған.

Аннотация

В статье рассмотрен один из эффективных методов обучения – диалоговая форма. Новые подходы в 

преподавании и обучении: важность диалога на уроке.

Abstract

The article discusses one of the most effective methods of learning - the dialogue form. New approaches to 

teaching and learning: the importance of dialogue in the classroom.

 

 



 

 

Мен естідім және ұмыттым.



                                                                                                 Мен көрдім және есте сақтадым.  Мен 

істедім және түсіндім.

Конфуций

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогикалық біліктілігін арттыру курсының 

бағдарламасы  қазіргі кезде  жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан 

әрбір мұғалім сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден гөрі оқытудың жаңа 

технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерді және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.  Бұл бағытта білім 

берудің    әр  түрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрлымы,  ғылымға    және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар, 

жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың 


460

жас  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  алудың  маңызы  зор.  Қазіргі  таңда  оқытудың  озық  технологияларын 

менгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес сабақта қолданылған жаңа технологиялардың 

өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай «Кембридж» 

униветситетінің нұсқауымен ұйымдастырылған бұл курстың маңызы өте зор. Бұл бағдарламның басым 

бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл 

теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы 

түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан  алған  білімдерімен  өзара  әрекеттесуі 

жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Осы алған теорияны өз тәжірибемде қолданыдым. 

Жұмыс  барысында  сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  білімдері  мен  негізделген 

сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, 

белгілі  бір  тақырыпты  оқып  білу  негізінде  өз  түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Сабақтарында  жеті 

модульді қарастырған идеяларды, стратегияларды, тәсілдерді өзара байланыстырып пайдаландым. Әрине 

нәтижелерін  де  көре  алдым.  Оқушылардың  белсенділігі,  қызығушылығы  артты.  Өз  бетінше  тұжырым, 

қорытындыға келу қабілетін дамыды, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырды. Ойын түрінде 

өткізілген  сабақтар  бір-біріне  деген  тіпті  көзқарастарымен  өзгеруіне  де  себеп  болды.  Сонымен  қатар 

қиыншылықтар да қатар туып отырды. Кейбір оқушылардың топтық жұмыстарда өзін көрсете алмауы, 

бірлесіп жұмыс істеу және іздену қабілетінің жоқтығы, үйрейдің болуы. Жұмысты орындау барысында 

оқушылар өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін жол таңдап, ақпаратты ізденіс жасады. Оқушы 

өзінің істеген жұмысын дұрыс бағалауға, оны бере білуге үйренді. Туындаған проблеманы шешуге және 

оны түзетуге мүмкіндік алды. Мұғалімнің кәсібі шеберлігі – сапалы білімге кепілдік. Сондықтан мұғалімнің 

кәсіптік тұлғасы мен әдістемелік шеберлігі – сапалы білім мен жақсы тәрбие алған шәкірттерінде болашақ.  

Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейде  қол    жеткізетін  анағұрлым  танымал  білім  беру 

әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.  Бұл бағдарламаның 

басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. 

Бұл  теория  оқушылардың  ойлауын,  еркін  сезінуін,  шығармашылығын,  проблемалық  ситуациядан  шыға 

білуін  дамыту  олардың  бұрынғы  алған  білімідері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дерек  көздерінен, 

мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады 

деген тұжырымға негізделеді. Мұғалім оқушылардың оқуына  мүмкіндік тудырып, оқу материалы және 

өзге  де  қажетті  құралдармен  қамтамасыз  етеді,  ал  оқушылар  өз  кезегінде    пән  бойынша  өзтүсініктерін 

арттыру іс – әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Литлтон (2007) өз 

еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің 

өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [1]. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен 

достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі 

айтылған.  Выготский  кіші  жастағы  балаларды  когнитивті  даму  әрекеттері  әлеуметтік  қарым-қатынас 

үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-

қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде 

суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арадағы 

даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен 

қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, 

оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-

қатынасты  қамтиды  және  де  Выготский  бұл  жағдайда  оны  білім  берудің  негізгі  құралы  деп  есептейді. 

Выготскийдің  білім  беру  моделі  оқушының  диалог  құру  нәтижесінде  білім  алады  деп  жорамалдайды. 

Сондықтан,  оқушының  білім  деңгейін  дамытуға  әлеуметтік  қолдау  көрсетуде  мұғалімнің  рөлі  ерекше. 

Оқушылардың  көбірек  білетін  басқа  адамдармен,  әрине,  бұл  рөлдерде  сыныптастары  мен  мұғалімдері 

болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. Талданатын идеялар 

оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты 

болмақ [2, 38-39- б ]. Выготскийдің білім берудегі сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық 


461

зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына 

соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды 

құралдарды  қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын 

көрсетті  [3, 27-28-б]. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон  зерттеулері Барнстың ертеректегіжұмысына 

негізделе құрылып, білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. 

Қазірдің  өзінде  сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігін  көрсететін 

жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

•  мұғалімдерге  оқушыларға  білім  беру  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде  екендігін 

түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, 

оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген 

сыныптарда  оқушылардың  әңгімеге  қатысуға  құқықтары  шамалы.  Мәселен,  мұғалімге: «Бұл  көзқарас 

қызықты  екен»  деп  айтуға  көптеген  оқушылардың  дәттері  бармайды.  Зерттеуде  тоқталғандай,  мұғалім 

сұхбатты  бақылап,  маңызды  сұрақтар  қойып,  оқушылардың  жауаптарын  қайталап  және  мадақтап 

отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да 

дамытпайды [2,38-39-б].  Қашықтық  оқыту  кезеңінде  өз  практикамда  диалогтық  оқытуды  қолдандым.

Нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде 

диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес 

қосатындығын атап көрсеткен және жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына 

әсер  ететіндігін  айтқан [1]. Мен  де  осы  ойларды  негізге  ала  отырып,  практикамда  диалогтық  оқытуды 

қолдана  отырып,  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойларын  ашық  айта  алатындарын,өз  идеяларын 

дәлелдей алатындарына көзім жетті. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін бар күш- жігерін 

жұмсайды  және  білім  алуда  тең  құқылы  серіктестер  болып  табылады.  Қашықтықтан  оқыту  барысын  

7-сынып  оқушыларымен  жүзеге  асырдым.  Іс-тәжірибемде  қазақ  тілінің  сөз  таптарын  таңдап  алдым.  

Әр сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен сұрақ-жауап арқылы жаңа тәсілдердің бірі диалогтік 

оқыту  тәсілін  қолданып  отырдым.  Бұл  тәсіл  оқушы  мен  мұғалім  арсында  кері  байланыстың  орнауына 

үлкен ықпалын тигізеді. Бұл тәсілді жаңа тәсіл ретінде қарастырсақ та, ертеден қолданылып келе жатыр.

Дәстүрлі  сабақтарда  ертеден  келе  жатқан  сұрақ-жауап  формасы  жеңіл,  нақты,  бір  жақты  сұрақтарға 

негізделген.  Яғни  мұғалім  тек  қана  сол  сұрақтың  нақты  жауабын  талап  етіп,  оқушының  дұрыс  емес 

жауабына  теріс  баға  беріп,  оның  ойлануына,  ашылуына  уақыт,  мүмкіндік  бермейді.  Ал  диалогтік  жаңа 

оқыту тәсілі арқылы оқушыға проблемалық сұрақтар қоя отырып, оқушының терең ойлануына, оны өз 

ойын  ашық  та  анық  жеткізе  алуына,  өзінің  сенімді  болуына  мүмкіндік  береді.  Александер (2004) білім 

берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты 

бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды 

[4].  Диалог  барысында  оқушылар  (сонымен  қатар  олардың  мұғалімдері  де)  келісілген  нәтижеге  жету 

үшін  күш-жігерін  жұмсайтын  және  Мерсер (2000) сипаттағандай,  білімді  бірлесіп  алуда  немесе  «пікір 

алмасу»  барысында  тең  құқылы  серіктестер  болып  табылады [5]. Осындай  тәсіл  арқылы  оқушының 

үрейі,  қорқынышы  жоғалып,  оқушы  мен  ұстаз  арсында  тең  дәрежедегі  түсінушілік  қатынас  орнайды, 

яғни оқушы мұғаліммен болатын диалогта өз ойын еркін жеткізе алады. Мерсер атап өткен үш тәсілдің  

біреуі  әңгіме  дебатты  қолдандым.  Сөзіме  дәлеле  ретінде  мысалдар  келтіріп  кетсем.  Диалогтік  оқыту 

тәсілін зат есімді оқытуда қолдандым. Оқушыларға дәстүрлі сабақтардағы бірізді сұрақтардан гөрі, тиімді 

қызығушылықтарын оятатын сұрақ ойластырып, сабағымда қолдандым. Сұрақтар дұрыс та және арнайы 

қате мағынада ойластырылды. Көздеген мақсатым оқушылар  қате қойылған сұрақты  түзетіп, оның дұрыс 

жауабын айту. Сұрақтарды оқушының білім деңгейін негізге ала отырып, құрастырдым. Мысалы, «негізгі 

түбір, туынды түбір дегеніміз кім? ол қайда мекендейді?» деген сұрақтар қойылды. Оқушыларға сұрақ 

қойғанда оқушылар келер қоятын сұрақтардан қорқып, қорқынышы сезімі пайда болатын. Қорқынышыты 


462

сейілту  мақсатында  оқушылардың  көңіл-күйлерін    көртеретіндей  сұрақтар  қойылды.  Мысалы, «таңғы 

ас  іштіңіз  бе?Сөз  түрлендіруші  жұрнақ  түбірдің  негізгі  мағынасын  өзгертіп,  оған  жаңа  мағына  береді. 

Мысалы:  «өнерпаз, етікші?», « көңіл-күйіңіз қалай?», «ағаш» сөзін көптеңіз, септеңіз?» деген сұрақтар 

қойылды.

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан 

кейін  туындайтын  сұрақтардың  да  маңызы  зор.  Диалогтік  әңгімеде  де  мұғалім  сұрақтары  мен  оларға 

берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын 

олардың  білімдерінің  деңгейін  тексеру  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  оларға  өз  ойларын  анық  білдіруге, 

дамытуға  және  кеңейтуге  мүмкіндік  беру  үшін  де  пайдаланады.  Рэгг  және  Браун (2001) оқушылардың 

жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;

• жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;

• мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында жауапты басқа

сөздермен қайталап айта алады;

•  жауапты  мақтай  алады  (осы  немесе  одан  кейінгі  әңгімелесуде  қолдана  отырып,  тікелей  немесе 

жанама);

• жауапты түзете алады;

• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;

•  оқушыларға  маңызды  мәселелерге  назар  аударуға  көмектесе  алады [2, 41-б].  Сұрақтарды 

құрастырмастан бұрын осыны есекердім.

Жауап барысында оқушылар дәстүрлі, нақты жауапты қажет ететін сұрақтарға көп уақыт бөлмей, бірден 

жауап берді. Бұл сұрақтар бір сарынды болды, қызуғышылықтарын оятпады. Ал қате мағынада қойылған 

сұрақтар  оқушылардың  ойлануын  қажет  етті,  менің  сұрақтарыма  түзету  енгізді,  қызығушылықтарын 

оятты. Маған жасаған түзетулер арқылы оқушы бойында сенімділігі артты, оқушы мен ұстаздың орындары 

алмасқандай болды. Дәстүрлі сұрақтарды үштік деңгейдегі оқушыларға, проблемалық сұрақтарды 4-5-тік 

деңгейдегі  оқушыларға  қойдым.  Бұл  сұрақтар  жүйесі  оқушыға  да  маған  тиімді  болды.  Сабақ  соңында 

әр деңгейдегі оқушылардың осындай сұрақтардың қойылуын қалады. Диалогтік оқытудың тәсілі ретінде 

интервью әдісін тандап алдым. Сұраққа жауап бере отырып, олар зат есімнің мағыналық түрлерін қолданды. 

Мынандай сұрақтар ұйымдастырылды: «сәлем, есімің кім?», «туып-өскен жерің қай жер?», «сені достарың 

қандай  қасиеттері  үшін  жақсы  көреді?», «сүйікті  өнер  қайраткерлерің  кім?», «сүйікті  кинофильмін 

қандай?».  Сұраққа  оқушылар  қызыға,  белсенді  түрде  жауап  берді.  Оқушылар  арасында  достық  қарым-

қатынас нығайа түсті, өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Бинго ойынында көрсетілген кесте арқылы бір-

біріне сұрақ қоя отырып, бір-бірін жан-жақты тануға мүмкіндік жасалды. Бұл тәсілді қолдану барысында 

менің байқағаным, кестедегі берілген қасиеттер белсенді оқушыларға тән сияқты байқалып, белсенділігі 

төмен оқушылар солардың көлеңкесінен байқалмады. Алдағы сабақтарымды осы балалардың бойындағы 

кемшіліктерді жою жолына қарай ұйымдастыруға тырыстым, өзеріне сенімділіктерін арттырып, белсенді 

оқушылардың назарларынан тыс қалып қоймайтындай етіп тапсырмалар жүйесін өзгерттім.



Түрткі  болу:  түрткі  болуға  арналған  сұрақтар  бірінші  жауап  алу  үшін  және  оқушының  жауабын 

түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, 

дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу [2, 41-б]. Келесі әдісті диалогтік оқытудың 

тиімді  тәсілі  ретінде  қолдануға  болады  деп  ойлаймын.  Бұл  тәсіл  бойынша    толық  нұсқадағы  сұрақтар 

қойылмайды, мұғалім оқушыларға бір ұғым айтады, оқушылар сол сөзге қатысты өз жауаптарын ұсынады. 

1. Зат есім; 2.  Мағыналық түрлері; 3. Қалам; 4.Адамгершілік; 5. Айдос; 6. Кітап; 7.  Туған-жеріңіз қай 

жер? Қандай зат есім.

Оқушылар  дәстүрлі  сұрақтарға  үйренгендіктен,  бұл  тәсіл  жауап  алуда  қиындық  тудырды, 

қызығушылықтары  артты,  жауап  іздеуде  тереңірек  ойлануына,  ойын  дамытуына  жағдай  жасалды. 


463

Оқушыларға  өздеріне  диалог  құруға  мүмкіндік  берілді.  Оқушылар  мұғалім  тарапынан  берілген 

тапсырмаларды  негізге  ала  отырып,  өздері  бір-біріне  сұрақтар  құрастырып,  сахналық  түрде  көрсетті. 

1-жұп. Шаршаған сатушы мен сатып алушы; 2-жұп. Жүргізуші мен жолаушы; 3-жұп. Мұғалім мен оқушы; 

4-жұп.  Актер  мен  көрермен.  Өздерінің  шығармашылықтарын  арттыра  отырып,  сұрақтар  құрастыра 

білді, кейіпкерлер роліне ене білді. Менің  байқағаным, оқушылар бір-біріне қойған сұрақтары арқылы 

еркін  байланыс  орнатты,  ойларын  анық  жеткізе  білді.  Тұйық  келген,  өз  ойларын  еркін  жеткізе  алмаған 

оқушылар белсенділік танытып, басқа оқушылардың оларға деген көзқарасы өзгеріп, сенімдері арта түсті. 

Және де диалогтік оқытудың тиімді тәсілі ретінде өткен тақырыпты қайталау мақсатындағы оқушылардың 

өздерімен құрастырған сұрақтар қолданылды. (Оқушы басқа оқушыға доп лақтыру арқылы сұрақ қойып 

отырады.) Мұғалім мен оқушы ролі ауысады. Оқушының бойында сенімділік артады. Күнделікті өткізген 

сабағымда топтық жұмыстың өзі диалогтық оқытуға жатады деп ойлаймын. Зерттеу жұмыстарын талдау 

барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Мерсердің 

айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 

табылатын әңгіменіңтүрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда 

жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; 

идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті 

қалыптастырады.  Басқаша  айтқанда,  оқушылар  бірге  ойланады [6]. Себебі  топта  жұмыс  істей  отырып, 

белгілі  бір  іс-әркетті  жүзеге  асырарда  олар  бір-бірімен  диалогқа  түседі.  Менің  байқауымша,жоғарыда 

айтылғандай оқушылар дәстүрлі сұрақтарға үйреніп қалған. Яғни осындай сұрақтардың қойылуы мұғалім 

мен оқушы арасында кері байланыстың орнауына мүмкіндік бермейді, оқушы диалог барысында өз ойын 

ашық айта алмайды, еркіндік орын алмайды. Оқушылардың айтуынша алда қойылған сұрақтар қызықты, 

ойларын  еркін  айтуға  мүмкіндік  береді  деген  ойда.  Оқушылармен  диалог  орнату  үшін  мұғалім  мен 

оқушы арасында еркіндік, ынтымақтастық атмосфераның орнауы, сұрақтардың қызықты болуы маңызды 

деп  ойлаймын.  Болашақта  осы  модульді  дамыта  отырып,  оқушылармен  диалог  орнату  барысында  

оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, сұрақтарды одан сайын қызықтыра түсіп, күрделендіру 

керек  сияқты.  Және    де  диалогтік  оқытуда  ең  бастысы  тек  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ғана  емес, 

сонымен  қатар  оқушылардың  бір-бірімен  өздігінен  диалогқа  түсу  ең  маңызды  қозғаушы  фактор  екенін 

ұмытпауымыз керек.

Әдебиеттер тізімі

1. Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural approach. 

[Диалог және ойлауды   дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл.] NY: Routledge

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

3. Barnes, D., (1971). Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл және білім беру.]  Journal 

of Curriculum Studies, 3(1),       

27–38.

4. Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: 



сыныптағы               

әңгімелесулерді қайта түсіну.] Cambridge: Dialogos UK.

5. Mercer, N., (2000). Words and Minds. [Сөздер мен ойлар.] London, Routledge.

6. Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. 

[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер.] Clevedon: Multilingual 

Matters


464

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ 

САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Рахметова Ш. Б.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

«№15 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Бұл  жұмыста  ақпараттық – коммуникативтік  технологияны  география  сабақтарына  қолдану 

негізінде білім сапасын арттыру жолдары және тиімділігі қарастырылған.

Аннотация

В  статье  рассмотрены  эффективные  пути  повышения  качества  знания,  посредством  применения 

ИКТ на уроках географии.

Abstract

The effective of raising knowledge by using informatics communicative technology at the geography lessons 

are used at this work.

ХХІ  ғасыр – бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі,  айналадағы  дүниеге, 

адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.  

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  және  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу – 

тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлату  бүгінгі  күннің  басты    талабы 

болып саналады.  

Ақпараттық  коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  технологиясымен  жұмыс  істеуге, 

оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті 

құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламасына  негізделеді. 

Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім 

беруді жетілдіруді көздейді. 

XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей 

міндеттерді  шешу  көзделіп  отыр  компьютерлік  техниканы  интернет,  компьютерлік  желі,  электрондық 

және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне 

тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру./1/

Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар  - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға 

беру  процесi.  Бұл    процестi icкe  асырудағы    негiзгi  құрал  компьютeр  және  интерактивті  тақта    болып 

табылады. Интерактивті тақта   - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық 

мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. 

Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы – оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық 

–  құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны  өзіндік  даму  мен  оны  іске  асыру 

құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық 

бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік – ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның 

дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы – оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық – 

құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны  өзіндік  даму  мен  оны  іске  асыру 

құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық 


465

бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік – ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның 

дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

 

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп (1-сызбанұсқа). 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет