Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Дыбыстарды қарастырудың аспектілеріне тоқталыңыз. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз



бет43/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

72. Дыбыстарды қарастырудың аспектілеріне тоқталыңыз. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз
Адамның дыбыстық тілі — өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық (биологиялык) аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық (функциональдық) аспект.
Анатомия — физиологиялық аспект. Адамның тілі — ең алдымен биологиялық кұбылыс, яғни ол — дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша кызмет атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, дыбыстық тілге ие болды.Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерін және олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелер сөйлеу аппараты деп аталады. Сөйлеу аппаратына: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б.
Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолында орналаскан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген.Дыбыстарды жасауға катысатын дене мүшелерінің қызметі алуан түрлі. Олардың ішінде дауыс шымылдығы, тіл және еріннің кызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып, керіліп қозғалыста болады. Ауаның әсерінен керілген кезде дауыс шымылдығы дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарға тонның қатысу дәрежесі әртүрлі болып, салдыр жетекші кызмет атқарады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді. Сөйлеу аппараттары атқаратын кызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппараттарына жататындар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді: тіс, мұрын қуысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет