Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет88/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

1967 жылғы «Грамматикада» бәсең, шағын шырайларды біріктіріп, сын есімнің мынадай 4 түрі берілген:
1.Салыстырмалы
2.Бәсең, я шағын
3.Күшейтпелі
4.Асырмалы.
Кейін ғылымда грамматикалық категорияларды топтауда олардың түрленбей тұрған түрін есепке алатын дәстүр қалыптасты. Бұл дәстүр бойынша етістік негізі өзге туынды тұлғалардың бәріне негіз болады, атау септік те “басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма” деп танылды, яғни олар етістіктің басқа формаларында қандай өзгеріс болғанын немесе қалған септіктердің тұлғаларында қандай ерекшелік бар екенін салыстырып көрсету үшін алынған. Сондай-ақ басқа шырайлардың тұлғаларында қандай өзгеріс болғанын көрсету үшін кейінгі еңбектерде шырайдың жай шырай деген түрі алынған. Шын мәнінде жай шырайдың мағынасында салыстыру жоқ. Жай шырайдың осы ерекшелігін ескере отырып, шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма деп санаған проф. А.Ысқақов оқулығында шырайлар -жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай деген төрт түрге бөлініп, әрқайсысының мағынасы және олардың жасалу жолдары сөз болған.
Салыстырмалы шырайға оқулықтарда “бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылған белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді”деген анықтама беріліп жүр. Шындығында салыстыру мағынасы шырайдың басқа түрлеріне де қатысты. Сондықтан жай шырайдың атауы дәстүр бойынша сақталған.
Салыстырмалы шырай –рақ,-рек,-ырақ,-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, үлкенірек, үлкендеу т.б. Сонымен бірге -қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-тым,-шыл,-шіл,-қай,-аң секілді өнімсіз жұрнақтар да салыстырмалы шырай көрсеткіштері болып саналады. Мысалы, дымқыл, сұрғылт, қоңырқай, қысаң т.б.
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай күшейткіш буын арқылы жасалады, яғни сын есімнің алғашқы буыны алынады да, оған -п қосылады. Мысалы, қып-қызыл, жап-жақсы, біп-биік т.б.
Заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым асыра төмендетіп білдіретін шырай түрі асырмалы шырай деп аталады. Бұл терминді проф. А.Ысқақов қолданған. Асырмалы шырай сын есімнің алдында аса, өте, тым(дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, орасан, керемет секілді күшейткіш үстеулер сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, тым үлкен, аса қиын, өте ақылды т.б.
Соңғы шыққан “Қазақ грамматикасында” жай шырайды шырай категориясына жатқызбайды, ал салыстырмалы мен күшейтпеліні бір шырай деп есептеп, шырайдың екі-ақ түрін- салыстырмалы мен күшейтпелі шырайды көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет