Куман тілінің зерттеушісі М.А.Хабичев –лы, -лі,-сыз, -сіз қосымшаларын синкретикалық аффикстер деп көрсетеді және олардың сөз де, форма да тудыратынын айтады. Соған байланысты орта ғасыр ескерткіштерінен мысал келтіреді. Бұл аффикстiң бiрден-бiр мағынасы - қатыстықты, тәндiк ұғымды бiлдiру: даулатлы тахт - дәулетi бар тақ, балшықлы су - балшығы бар су, ерлi, хатунлы теб - ерi, қатыны бар. М.Қашқари сөздiгiнде де бұл форма жоқ. Демек, -лы-ның орнына көбiнесе -лығ формасы қолданылған. Көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлiн зерттеген Ғ.Айдаров бiр зат пен екiншi заттың қатысын, байланысын бiлдiру үшiн түркi жазба ескерткiштерiнде де (теңрiлi, беклi), көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнде де (йарлы, йеклi, беклi, хатунлы) -лы, -лi аффикстерiнiң қолданылғанын көрсеткен. Э.В.Севортян бұл аффикстiң мекендi, кәсiптi бiлдiретiн сөздерге қосылып, зат есiм тудыратынына қарамастан, түркi тiлдерiнде сын есiм тудыру қабiлетi мол екенiн атап, қос қызмет атқаратынын алға тартқан.
С.Исаев тілдегі қосымшаларды қызметіне қарай жіктей келе, қос функция атқаратын қосымшаларды “қос функциялы қосымшалар” деп атайды. Және жоғарыда келтірілген –лы, -лі қосымшаларына қарама-қарсы болатын –сыз, -сіз қосымшаларын да қос функциялы қосымшаларға жатқызады. Себебі, бұл қосымшаның сөз тудыру қыры сын тудырумен байланысты. Мысалы, қағансыз сөзі көне түркі тілінде қансыра деген мағына беріп, -сыз тұлғасы сөз тудырушы ғана қызмет атқарса, қазір мұңсыз, күлкісіз т.б. сын формасын тудыру қызметін де атқарады.
Одан кейін М.Томанов қос функциялы қосымшалар қатарына-дай, -дей, -та, -тей қосымшаларын жатқызады:
(сын е.Тудырушы жұрнақ): Ботадай, тастай, күндей, даладай
(үстеу Тудырушы жұрнақ): Жаздай, қыстай
Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов жоғарыда келтірілген деректерді саралай отырып «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: |