Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық қағидасы



бет55/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық қағидасы. Білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігн арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының жеңіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқуушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуының арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық қағидасын негізге алуы тиіс.
Оқытудың беріктігі және жүйелілігі қағидасы. Оқушылардың негізгі ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін жаттап алу немесе есте сақтауы білімнің беріктігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқушыларға жаттап алудың емес, түсініп алудың, есте сақтаудың әдістерін үйреткен жөн.
Көрнекілік әдісі – қазақ тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.

1. Ш.Оразбаева., Р.С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (оқу құралы) Алматы,2005. 47-72- бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет