Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар



бет62/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет
ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: ашшы асшы колхошшы колхозшы
б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы тұз сал тұс сал, жазса жасса, бозжігіт божжігіт
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Тіл мәдениетінде бұл ықпалдар сақталуы тиіс. Яғни, орфоэпиялық нормаға сай айтылып, орфографиялық нормаға сай жазылса, тіл мәдениетіне оң әсерін береді. Қазақ тілінің үйлесімділігі, әуездлігі сақталады.
90 Әдеби тілдің нормалары туралы ұғым-түсінігіңізді баяндаңыз
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең. Тілдік норма - тіл мәдениетінің қарастырылатын мәселесі. Тіл мәдениеті дегеніміз (тілді мәдениетті пайдалану)– қарым-қатынас ситуацияларында коммуникативтік қарым-қатынас жетістіктерін қамтамасыз ету үшін тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, тәртіпті әрі жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды. Олар:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбыстану нормасы);
этика –сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.
Әдеби нормалар
Лексикалық норма
Грамматикалық норма
Орфоэпиялық норма
Орфографиялық норма
Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.
Орфографиялық норма. Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.
Орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйенбейді, ал морфологиялық принцип бойынша – сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп танимыз. Сұршағыз, Болдығыз, Құрманғазы, Жанғабыл, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты күрделі біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы – екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен жері болса, Аманкелді, Ботакөз, Досжан (айтылуы – Дош- шан), Сәтбаев (айтылуы – Сәтпаев) сияқтылардың жазылуы айтылуынан алшақ жатыр.
Мұндайдың қайсысы дұрыс? дегенге жауап беруден бұрын “ол екеуінің қай орайда басы түйіседі, қай жерде екі айырылады?” дегенге жауап беру керек. Орфография ережелері бойынша күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды (мысалы, күрделі сын есім, сан есім, етістіктер). Бірігіп жазылатындары көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер. Күрделі сөздердің бірігіп не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға да, ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы, темір жол(железная дорога), теміржолшы(железнодорожник), бес жылдық қор(пятилетный запас), бесжылдық жоспар(пятилетный план), ақ сүйек(белая кость), ақсүйек(игра).
Осының барлығын бірізділікке түсіру мақсатында .р.Сыздықова, Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова басшылығымен Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі бірнеше мәрте жазылған болатын.
Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, әдеби тіл нормасынан ауытқып кетеді. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.
Мысалы, сөйлемнің құрамындағы кідірістер арқылы жекелеген бөлшектердің, яғни тұтас алғанда мағыналық бөліктердің де атқаратын қызметі ерекше. Мысалы, «қонақ үй» орфоэпиялық нормаға сәйкес «қонағ үй» болып айтылады. Бірақ «Қонақ үйге кірді» деген сөйлемдегі кідірістің орнын өзгерту арқылы екі басқа мағынада түсінуге болады. Біріншісі «Қонағйгө // кірді», ал екіншісі «Қонақ // үйгөгірді» болып шығады. Алғашқы сөйлемнің бастауышы «ол» деген жасырын тұлға болса, келесі сөйлемде «қонақ» екенін аңғарамыз. Ал кідіріспен ажыратылып тұрған ырғақтың ішінде қаншама сөз болмасын олар бір әуенмен, бір деммен айтылғандықтан, олардың арасына жік салмай тіркестіріп көрсетіп айтқан дұрыс деп есептейміз. Сонда кідіріс арқылы ажыратылған ырғақтардың ішінде қаншама сөз болмасын, өзара дыбыстық құбылыстарға ұшырап орфоэпиялық жағынан тұлғаланып тұрады екен. Сонда орфоэпиялық нормалар сөз ағымындағы кідіріссіз іске аспайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет