Сөз мағынасының ұғымнан үшінші бір үлкен айырмашылығы мынада: қандай сөзде болсын белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей үғымды білдіре бермейді
Сөз мағынасының ұғымнан үшінші бір үлкен айырмашылығы мынада: қандай сөзде болсын белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей үғымды білдіре бермейді. Мысалы, одағайлардың, шылау сөздердің мағынасы болғанымен ұғымға қатысы болмайды.
Сөздің сыйымдылық қабілеті де әр түрлі болады. Кейде бір сөз қатарынан бірнеше ұғымды білдірсе, кейде бірнеше сөз бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Бұған омонимдер мен синонимдер мысал бола алады. Үғымның кейде бір сөзбен, кейде бірнеше сөздің тіркесімен берілуі мүмкін. Осыған орай «дара сөз», «күрделі сөз», «тұрақты сөз» деген атаулар пайда болған.
Зерттегендер: Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті
65. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер, компоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастарды нақтылаңыз Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Құрмалас сөйлемдер бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұларды түрге бөлу құрылысын тануға, құрылысына сай ортақ жəне ерекше белгілерін анықтауға бағытталған жəне сол жұмыстың қорытындысын көрсетеді.
Құрмалас сөйлемдер құрамына сай екі түрге бөлінеді.
1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.
Оның ішінде құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне қарай мынандай екі түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлу тұлғалық принципке негізделеді. Бірақ бұл тұжырым бірден қалыптаса қойған жоқ. Ғалымдар арасында салалас, сабақтасқа қандай сөйлемдер жатады деген сұрақ төңірегінде біраз пікірталастар болды. Алғашқы ұстанымды негізге алғандар ( С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, Қ. Жұбанов) көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н. Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С. Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай сөйлемдерді Қ. Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылатынын айтады.
Профессор А.Ысқақовтың “Құрмалас сөйлем мәселелері”атты мақаласында көңіл аударатын жай – сабақтас пен салалас құрмаластарды өзара ажыратуда негізгі ұстаным етіп екі жай сөйлемді байланыстырушы баяндауыш сөзінің тұлғасын басшылыққа алады. Осыдан келіп, Омар кітап оқып, Жамал хат жазып отыр тәріздес сөйлемдерді кейбіреулердің салалас деп ұғынуына қарсы мұндайларды сабақтас құрмалас деп дұрыс түсіндіреді. Мұндағы дәлелі - бағыныңқы сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада тұруы.
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты профессор Ә.Хасеновтың “Салалас құрмалас сөйлемге және олардың тыныс белгілері жөнінде” деген мақаласында іліктес салалас деп айтылып жүрген сөйлемдерді түсіндірмелі салалас деп атауды ұйғарады. Мысалы: Маған жаңа арман пайда болды: ол – наградты ақтау жолындағы арман ед.
М. Томановтың пікірінше, “өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер тобын салалас құрмалас дейміз” деген анықтаманың өзі дұрыс емес. Оған дәлел ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе білген кеңестерін білдіргісі келмеді ме, Жәкең үлкен әңгімелер қозғады сөйлемінің жоғарыдағы анықтама бойынша салалас құрмалас бола алмайтынын айтып, салаластардың “тұрақты принцип негізінде анықталмай жүргендігін” көрсетеді. Өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас деп танитын болсақ, оған баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе көсемше тұлғалы (-ып, -іп, -п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені мұндай сөйлемдердің құрамындағы алғашқы сөйлем соңғы сөйлемге бағынышты болатындығын айтады.
Сөйтіп қазақ тіл білімінде салалас, сабақтас құрмаластарды анықтауда екі түрлі ұстанымды негізге алу жөнінде пікірталас өрбіді: 1) компоненттердің мағыналық қатынасы; 2) компонент баяндауыштарының тұлғалық белгісі.
Негізінен үш және одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентгі сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:
Көп компонентті салалас құрмалас;
Көп багыныңқылы сабақтас құрмалас;
Аралас құрмалас.
Көп құрамды салалас сөйлем — көпқұрамды құрмаластың бір түрі. Оның ерекшелігі: құрамындағы компоненттердің саны үш және одан да көп мелшерде болып келіп, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғаларға аяқталып тұрады Жүмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі казак тіліндегі көп компонентті салалас қүрмалас сөйлемдер» деген такырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы такырыпка катысты зерттеу еңбек жазды.
Көп құрамды салалас сөйлем компоненттерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктеріне қарай ашық құрылымды және тұйық құрылымды болып бөлінеді.
Ашық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компоненттері өзара бірыңғай мағыналық қатынаста және құрылымы жағынан да біртектес болып келеді, сондықтан компоненттерінің саны шексіз соза беруге болады (Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, балуан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады. Мақал).
Тұйық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компонеттері әр түрлі мағыналық қатынаста және түрліше құрылымда тұратындықтан, тұйықталып келеді, ондағы хабар-мәлімет көлемі шектеулі болады (Әлі де қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес. Ғ. Мүсірепов).