Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басын ала тұлымшақтай болып өс-кен шоқ-шоқ ағаш. Осы бұйрат-адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап (Мұстафин). Серуен көңілді болды. Сұлу көктем. Көк масаты тау. Жұпар ауа. Әндетіп сайрап жатқан бұлбұл. Алуан бояулы әсем гүл. Қала тәртібін көп көрген Нұрғали Бағилашына гүл жұлып беріп, көтертіп қойды (Әбілев).
Алынған мысалдағы атаулы сөйлемдердің қай-қайсысында бол- сын оның жасалуына арқау болып тұрған сөздер—бұйрат, адыр, ағаш, көктем, тау, ауа, бұлбұл, гүл деген сияқты конкретті зат атаулары.
Зат есімдердің ішінде дербес тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем түрінде айтылуға бейім сөздер болады. Олар қыс, жаз, көктем, күз, түн, кеш деген мезгіл мәнді зат есімдер мен ай, күң аттары; аяз, жел, боран, тұман, дауыл деген сияқты табиғат құбылысын білдіретін атаулар; қала, ауыл, өндіріс және басқа да мекен мәнді білдіретін жер-су аттары т. б. Алайда бұл сияқты дербес тұрып, атаулы сөйлем бола алатын сөздердің толық тізімін беру, тек осылар ғана болады деп үзілді-кесілді айту мүмкін емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей сөздер тобының үнемі дерлік атаулы сейлем жасауға қатысатынын айтпай кетуге тағы да болмайды. Мыс.:
Жаз. Қар кеткеннен кейінгі қара жер жасыл желек жамылған сұ- лу келіншекше жасарған (Сейфуллин). Тамылжыған ыстық жаз. Шағырмақ көк аспанда селдіреп ақша бұлттар қалықтайды (Соқпаңбаев). Кеш. Ымырт жабылып барады (Майлин). Күзгі кеш. Әлі ымырт жабылмаған кез. Терезе алдындағы, жапырағы сарғайып, тербелгені сайын, түсіп сұйыла бастаған селдір ағаштардың ішінде төрт-бес бала ойнап жүр (Лекеров). Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым (Жансүгіров). Жалпақ дала. Ұзын жол. Әскер жүріп келеді (Есенжанов). Көктем. Ауыл «Достық» дөңіне кеп үй тігіп жатыр (Мұқанов).
Алынған мысалдарда жаз, кеш, дала, түн, көктем деген сөздері дербес тұрып та, тамылжыған ыстық жаз, күзгі кеш, жалпақ дала деген сияқты басқа сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем жасауға арқау болып тұр.
Кейбір зат есімдер дербес тұрып, өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, тек басқа сөздермен тіркесіп, атаулы сөйлемге арқау бола- ды. Мысалы, түн деген сөз дербес тұрып, атаулы сөйлем жасаса, оның антонимі күн деген сез өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, басқа; сөзбен тіркесіп барып, атаулы сөйлем жасайды. Сол сияқты жыл, ай, уақыт, мезгіл, шақ, кез деген мезгіл мәнді зат есімдер де басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда, атаулы сөйлемге арқау болады. Мыс.:
Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт, Колхозда ұйықта-маған үй кемде-кем (Мұстафин). Күн кешкірген мезгіл. Жаңа салын-ған үйлердің біріне шаңданған бір автомобилъ келіп тоқтады (Сей-фуллин). Май айы. 1918 жыл. Петрконың күйген кірпіштен салған екі қабат тас болат үйі. Үстінде Совдеп, астында «Жас қазақ» ұйымы (Талжанов). Ымырт жабылған кез. Ауыл тағы да үрпиісіп отыр (Сейфуллин).
132
2. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі көмекші есімнен де болады. Бірақ көмекші есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байла-нысып, тәуелдік формада тұрады. Арқау сөзі көмекші есімнен бол-ған атаулы сөйлемдер оқиғаның болған мекені мен мезгілінің тұтас қалпын емес, оның бөлшегін, белгілі бір кезеңін, шегін көрсетеді. Мыс.:
Май айы. Таң алды. Ауыл Нұра бойында (Сейфуллин). Мамыр айының басы. Көк әлі шыққан жоқ (Жансүгіров). Июлъ айының жу-ан ортасы. Мал базарында халық сапырылысып жүр (Талжанов). Қараңғы. Шахта асты. Сүлеймен етпетінен түсіп жатыр (Ерубаев). Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы көлшімектің қасы. Көлшімектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар — айнаның жиегіне салған әдемі өрнек сияқты (Сейфуллин).
Алынған мысалдардағы таң алды, мамыр айының басы, июль айының жуан ортасы деген көмекші есімді атаулы сөйлемдер мезгілдің белгілі бір жуык, шамасын көрсетсе, шахта асты, Көкшетау маңы, айнадай тұнық сулы көлшімектің қасы деген атаулы сөйлемдер мекен-орынның жуық шамасын білдіреді.
3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен болады. Бұл да көмекші есімдер сияқты, өзінен бұрынғы ие сөзбен матаса байланысып, тәуелдік формада тұрады; көбінесе мезгіл мәнді сөздермен тіркесіп, мезгілдің болжалды, белгісіз шегін көрсетеді. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |