Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет122/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Арашашылардан Сайлаубекті босатып алды да, наганын қайта-рып беріп:
Мә, құмарыңнан шықшы! Мен төбелесте айғайдан, оқтан қорықпаймын! деді Аман.
Мен сонда да аруақ-құдайға, дәм-тұзыма тапсырып, ағайын-ға, оның ішінде өте-мөте Мақаң ағама, Сайлаубек ініме сеніп, тиыш жата берем, деді Шәкен.
Бұларды төлеу сөзге айналдырып: Аман арашашыдан Сайлау-бекті босатып алды да, наганын қайтарып беріп, оның құмарынан шығуы керектігін, өзінің төбелесте айғайдан, оқтан қорықпай-тынын айтты. Шәкен өзінің сонда да аруақ-құдайға, дәм-тұзына тапсырып, ағайынға, оның ішінде өте-мөте Мақаң ағасына, Сайлаубек інісіне сеніп, тиыш жата беретінін айтты.
Мұндағы алдыңғы төл сөзде бірінші жақпен берілсе, төлеу сөзде оның бәрі үшінші жақпен берілген. Жоғарыда төл сөз құрамында бо-латын көптеген сөздердің төлеу сөзде берілмейтінін, беру мүмкін емес екендігін айттық. Тек жеке сөз ғана емес, сөйлеушінің ішкі сезіміне, эмоциональдық күйіне байланысты қолданылатын көптеген төл сөздер төлеу сөзге айналдыруды көтермейді, мыс.:
Ойбай-ай, енді қайтейін! Қалеке-ай, мынаның қорлығын-ай! Ой-пырым-ау, жаным-ау! Ассалаумәликем, Тәке! Әліксәлем. Әп, бәрекелді, келісіңе болайын! (Мұстафин), — дегендер тәріздес төл сөздерді төлеу сөз түрінде беру, тіпті, мүмкін емес.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың тілімізде қалыптасқан, ежел-ден келе жатқан тұрақты тәсілдері бар. Ол тәсілдердің ең ңегізгісі және өте жиі қолданылатыны — төл сөзде сөйлемнің тиянақты баян-дауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі.
Мұндай жағдайда төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай алдымен етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Бірақ табыс септік жалғауы есімшеге тікелей жалғанбайды, -д ы қ, -д і к жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады, мыс.:
Өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып, социализмді көре
алмай кетем бе деп қорцамын, деді Аман (Мұстафин) дегендегі
төл сөзді төлеу сөзге: Аман өстіп жүргенде өлшеулі өмір бітіп қалып,
232


социализмді көре алмай кетем бе деп қорқатынын айтты, — деп айналдыруға боладьг. Мұнда төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін төл сөзді сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қорқамын сөзіндегі жіктік жалғау айтылмай, қорық сөзі табыс жалғаулы (тәуелді септік) есімшеге айналдырылған. Бұл сөзге есімше жұрнағы мен жалғау арасына -д ы қ жұрнағын келтіріп қорқатындығын деп те айтуға болады. Ал, енді, Таласбай Аманға: Шырагым, сиырды иесіне қайырттың. Енді мені соттың алдына апара көрме. Туғалы сот алдын көрген жан емен. Не істесең де, өзің істе. Тек сотқа сүйремеші, айналайын! деп, қақсап келеді, — деген мысалда әр сөйлемнің баяндауышы әр түрлі шақта, әр түрлі райда берілген. Олар сөз табы жағынан да біркелкі емес. Соған қарай, олардың төлеу сөзге айналып, автор сөзімен байланысуында да азды-көпті өзгешеліктер болмақ. Оны мынадан да байқауға болады: Таласбай Аманға оның сиырды иесіне қайыртқанын, енді өзін сот алдына апармауын (апара көрмеуін), туғалы сот алдын көрген жан емес екендігін, не істесе де өзінің істеуін, тек сотқа сүйремеуін өтініп, қақсап келеді.
Мысалдан көрініп тұрғанындай, төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің тиянақты баяндауыштарының кейбіреуі есімшенің табыс жал-ғаулы түрінде айтылса, екінші біреуінің тұйық райдың табыс жал-ғаулы түрінде айтылғанын, ал, енді біреулеріне екен, керек сөзде-рінің көмекші болып қосылып айтылғанын көреміз. Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысқан. Бірақ солардың қай-қайсыларында болса да табыс жалғауының қатынасы бар. Сондықтан да табыс жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдыру-дағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.
Төл сөздің баяндауышы болып тұрған сөздің төлеу сөзде, жоға-, рыда айтылған сөз түрлерінің, қайсысымен берілуі оның қай сөз та-
бынан болғанына, егер етістіктен болса, оның қай райында, қай ша-ғында айтылғанына байланысты болады, Өйткені төл сөз төлеу сөзге айналғанда да ондағы әрекеттің шақтық мағынасы белгілі дәрежеде сақталады. Осы себептен егер төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылеа, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қ а н, -ғ а н, -к е н, -г е н жұрнақты түрі арқылы беріледі де, егер ол етістіктің келер шақ (бұйрық түрінен басқа) немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -т ы н, -т і н жұрнақты есімше арқылы беріледі. Ал, егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық рай формасына айналады да, баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық райдан болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. Бұл айтылған қорытындылар жоғарыда талданған мысалдардың қай-қайсысынан болса да байқалады.
Грамматика казахского языка. Часть II, Алма-Ата, Изд-во «Наука» Казахской ССР, 1967.
Стр. 236. (Академии наук КазССР. Инстигут языкознания).
Часть II. Синтаксис. Редколлегия: М. Валакаев, А. Искаков, Т. Кордабаев, А. Хасенова. Ответ. выпускающая Н. Искакова, 1967, стр. 236.
Редактор Айтмухамбетова С.
Худож. редактор Сущих И. Д.
Техн. редактор Ророкина 3. П.
Корректор Сулейменова Н.

Сдано в набор 23/УШ 1967 г. Подписано к печати 13/ХІ 1967 г. Формат 70Х108 1/16. Бумага № 2. Усл. печ. л. 20,6. Уч.-изд. л. 21,25. Тираж 5400. УГ00656. Цена 1 р. 48 к.


Типография издательства «Наука», г. Алма-Ата, ул. Шевченко, 28,
Зак. 171.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет