1.Сөйлеушінің шешімін,тәуекелін білдіретін реплика-
сөйлемдер.
Бұл реллика-сөйлемдер мына формада келеді.
а) Болымсыз өткен шақ есімше сөз ше шылауын қосып реплика ретінде жұмсалады.
— Несіне күлесің!
— Күлмегенде ше!
— Ағаңды да шақырасың ба!
— Шақырмағанда ше!
ә) -ғанда формалы есімше сөз бен қандай бірігіп реплика құ- райды.
— Апырмай, солай ма екен?
— С о л а й болғанда қ а н д а й!
— Сақыптың айтқаны тура шықты ма?
— Т у р а болғанда қ а н д а й!
б) Болымсыз көсемше сөз бен немене бірігіп реплика-сөйлем ретінде жұмсалады.
— Осыны аузың барп қалай айтасың!
— Айтпай немене!
— Осы шаңқай түсте барасың ба?
— Бармай немене!
в) Келер шақ есімше сөз (болымды, болымсыз түрі) бен несі бар бірігіп реплика құрайды.
Әлима" Айттым ғой өзіңе. Тіл табысса, менің қарсылығым жоқ. Қалауы білсін.
Ережеп: Қ а л а у ы-ж а л а у ы дейтін несі бар! Үйлі -жайлы болған соң асықпай оқуға да болады (Мұхамеджанов).
2. Сұраулық есімдік не, тәуелдеулі келер шақ есімше, бар болып та реплика құралады.
— Сұрап алайын деп ем.
— Не сұрайтыны бар!
Несі бар жеке келіп те реплика ретінде жұмсалады.
— Ал, балалар, жұмысқа шығамыз ба?
— Н е с і б а р, шығамыз.
Ренішті білдіретін реплика-сөйлем
Бұл топқа мына репликалар жатады: о не дегенің, о несі екен, о несі маған, қойшы әрі.
Бұл реплика-сөйлемдер тек осы сөздерді қатыстырады, осы лек-сикалық құрамда ғана құралады.
Ренішті білдіретін реплика-сөйлемдердің ішінде тек мына форма-лар ғана диалогтік ситуацияға сай құбылып айтыла алады. Ол фор-малардың бірі былай құралады: тәуелденген өткен шаң есімше + не-сі (не).
— Қайтсаң қайтеді?
— Қайтқаның н е, әдейі келіп тұрып!
Бұл мысалда қайтқаның не екінші жақтың сөзіне реакция ретін-де айтылып отыр. Мұнда сұрақ мағынасы жоқ.
Осы қалыппен диалогтік ситуацияға сай реплика басқа сөздерді катыстырып құрала береді.
Ережеп: ...Ертең өтетін бастықты танушы ма едіңіз?
Жақан: Танымағаныңыз не, ағайынбыз ғой! (Мұхамеджанов).
Келтірілген мысалдарға ңарағанда, бұл формадағы реплика-сөй-лемдер тек ренішті емес, ситуациясына қарай екінші жақтың сөзін олқысынуды да білдіретін сияқты.
Олқысынуды бір есімше сөздің предикативтік қатынас негізінде қайталақтап келуі арқылы құрылған (бұл келген келген бе тәріздес) реплика-сөйлемдер білдіреді.
— Звеношы бұл жолы жеңіліп қалды!
— Б ұ л жеңілген жеңілген бе! Оның көрері әлі алда.
Қазақ тілінде осы амалмен жасалып көп жұмсалатын ол — ол ма, бұл — бұл ма деген реплика-сөйлемдер бар.
Б ұ л — бұл ма! Әлі тоқтай тұрыңдар.
Кереев: Ол — ол ма! Осы ауылға шығатын күні әлгі сіздің сілтеуіңзбен бір келіншекті ала кетіп едім ғой... (Майлин).
Екінші жақтың сөзін олқысынуды, оған қатысты ренішті білдіру үшін не қылған басқа тәрізді репликалар да жұмсалады. Бұл тәрізді реплика тұрақты элемент не қылған -ға есім, өткен шақ есімше сөз (не қылған + есім сөз (есімше) қосылып құралады.
— Ей, ол алған менің балам емес, басқа бала!
— Н е қ ы л ғ а н б а с қ а бала! Мен өз көзіммен көрдім.
Осы топқа үй салу сенің неңді алған типті реплика да жатады.
Бұл репликада тұрақты, негізгі қалыпты элемент неңді алған (несін алған). Осы элементтің алдына есім, тұйық рай етістік сөз қосылып (есім сөз + неңді алған) реплика құралады.
— Мен ракетчик боламын!
— Ракета сенің неңді алған! (Мұратбеков).
Ілгеріде аталған репликалар диалогтік ситуацияға сай құбылтып тұратын элементі бар типтерге жатады. Бұлардан бөлек өзгермейтін, құрамы тұрақты, барлық ситуацияда бір қалыпта жұмсала беретін реплика — сөйлемдер бар. Олар: о не дегенің, о несі екен (о. несі екен-ай маған), қойшы әрі, ол — ол ма, бұл — бұл ма, т. б.
— Шаң шығарып көрсін, жанын қоса шығарайын. Құдағи емес, құдай келетіндей, о н е с і е к е н-ей мағ ан! (Мұхамеджанов).
Сес білдіретін реплика-сөйлем
Бұл мағынаны білдіретін реплика табыс септік зат есім (есімдік) + шылау ма, ме құрамында жасалады. Кейде атаулы сөз қайгалақтап келеді (атаулы сөз — шылау — атаулы сөз).
129
Достарыңызбен бөлісу: |