Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет71/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Болмас іске болат бол. Жауға жалынба, досқа тарылма. Адал-: дық үшін ардым деме. Таспен ұрғанды аспен ұр. Атты қамшымен


16 М. Б а л а қ а е в, Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1961, 170-бет.
17 Ғ. М а д и н а. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. Алматы, 1959, 54-бет.
18 А. Әбілқаев. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сойлем түрлері. Алматы,. 1963, 10—14-беттер.
138


айдама, жеммен айда. Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме. Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласың.
Осындай белгісіз жақты сөйлемдер әдеби тілдің даму процесінде жеке ақын, жазушылардың көркем шығармаларында да қалыптасып жатады.
Мінін көріп безгенше, м і н і н а л ы п т ү з е (Мұстафин). Адам тәрбиелеуді оңай д е м е (Иманжанов). Уайым қайғыны орынсыз күлкімен а з а й т п а, орынды харекетпен а з а й т. Әрбір жаман кісінің жаман қылығына кү л с е ң, оған р а қ а т т а н ы п күлме, ы з а б о л ғ а н н а н күл. Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қ ашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, і з д е п т а б а а л м а й с ы ң. Досы жоқпен с ы р л а с, досы көппен с ы й л а с (Абай).
ә) 2-жақты 1-жақтың орнына әдейі қолдану мақсатынан туған белгісіз жақты сөйлемдер болады. Мұндай сөйлемдердің мазмұны айтушының өз басынан алынған іс-әрекетті көрсетеді де, тыңдаушыға өз атынан айтудан гөрі, жалпылама түрде жеткізу мақсаты көзделеді. Бұл вариантқа жататын белгісіз жақты сөйлемдердің де жалпы мазмұны біршама әдетке, дағдыға айналған уақиға болып келеді.
А д а м ғ а қ ұ р м е т п е н қ а р а с а ң , оның бойындағы қасиетті жайшылықтағыдан әлдеқайда к ө п а ң ғ а р а с ы ң. Осындайда а л ы с т а жү р г е н д о с қ а з а р б о л а с ы ң. Жаз шықты-ақ, жастардың үйден безетіні белгілі ғой. Қ а й ж е р- д е о й ы н-с а у ы қ б о л с а, с о н д а ж ү(р е с і ң (Иманжанов). Күйбеңдегі күйкі өмір. Ол құрғыр ізсіз, елеусіз... К ө с і л і п ш ы р- қ а й салғанды а й т с а й ш ы! Болмасты б о л д ы р а с ы ң! Қ о л жетпесті а л а с ы ң! Өзіңе өзің де, өзге де сүйсінерлік! Енді кім сүйеу? К і м г е өкпелерсің, кімге сөзің өтер! (Нұртазин). Мал баспаса да, адам жүрмесе де, бұл а р а д а қылтанақ ш ө п көрмейсің (Майлин).
Белгісіз жақты сөйлемнің бұл мағыналық варианты баяндауыш-тың морфологиялық құрылысының түрленуіне, оның құрамына түрлі модальдық мәні бар қосымшалар мен көмекші сөздердің қосылып айтылуына қарай мазмұны жағынан да түрленіп отырады. Олар бір нәрсеге қынжылу, таңдану, сүйсіну, кекету, ызалану сияқты т. б. модальдық айырмашылықтары бар сөйлемдер болады. Сөйлемнің баяндауышы 2-жақта тұрғанымен, нақты тыңдаушыға қаратылмайтындығы әңгіменің, контекстің жалпы жағдайынан байқалады.
Қас қылғандай, бәрінің қабаттасуын айтсаңшы! Әй, асығысшыл-дық-ай д е с е ң ш і! (Толстой). Япырай, мына баланың өзіме соғуын қ а р а й к ө р! (Әуезов). Қара, тілінің ащысын қ а р а ш ы сары сайтанның! (Шолохов). Әй, мынаның кісімсінуін қ а р а й к ө р! {Көбеев).
Баяндауышы 2-жаққа тәуелденген қалау райлы етістік пен кел етістігінің жекеше 3-жағының тіркесінен болған сөйлемдер де нақты 2-жақты көрсетпей, жалпыланған белгісіз жақта айтылады.
Осындайда... деді біраз тұрып қалған Мәулен көтеріңкі әуенде дірілі басым даусымен, осындайда салқын ойдан туар сөздің отын қанша үрлесең де, ұшқынын ала алмайтындайсың. Сөйлемей-ақ, сөз негізін іздеп қиналмай-ақ, өз жүрегіңді суырып алып, осы рюмкаша жоғары көтергің келеді. Жаңа өмірдің жаңа Данкосы б о л ғ ы ң к е л е д і (ПІаймерденов). Осы, таза ауаны. кеудеңді толтыра жұта бергің келеді (Сәрсенбаев).
Белгісіз жақты сөйлемдердің бірқатарының ішінде жалпыланған мәндегі сен есімдігі тұратыны да болады. Сен есімдігі тұрғанымен, оның конкретті тыңдауышының (белгілі субъектінің) грамматика-лық көрінісі бола алмайтыны, сен есімдігі әдейі жалпылама мәнде
139

қолданылып отырғаны контекстен айқындалып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет