Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет74/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Жиенді олай қумас болар (Мүсірепов). Жазықтыны зауалдар б о- л а р. Түк күшің жоқ. Міне, б ы л а й с о ғ а р б о л а р. Қонақты о л а й қ а р с ы а л м а с б о л а р (Сәрсенбаев). Өзі берген білімін Отан бақытынан а я м а с б о л а р (ІПаймерденов).

Күрделі баяндауышы -у тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған жақсыз сөйлемдер


Тұйық етістік -м а қ формалы қимыл есімі түрінде де келеді.


Істелетін іс-қимыл үш жақтың біріне де қатысы болмай, жалпы айтылуы да немесе белгілі субъектіге бағытталуы да мүмкін. Бірақ белгілі субъектіні көрсететін сөз атау емес, барыс септігінде тұрады да, синтаксистік субъектіні — жақты ғана көрсете алады, ал грам-матикалық субъект (бастауыш) болмайды. Күрделі баяндауыштың тұйық етістіктен болған компоненті тәуелденіп келгенде, мұндай жақсыз сөйлемнің субъектісі ілік септігінде де тұра алады.
Көңілдің көзіне б а с т а т у к е р е к. Бірақ мұның қазіргі көңілін ұ ғ у к е р е к е м е с, с е з і н у к е р е к. Ендеше, мына тұста осындай шалғай кетіп бара жатқан баланы ұлықтықпен қ а й т а т а р т у к е р е к. Арқа-басыңды бұдан былайғы ауыртпалықтан б о с а т у к е р е к (Әуезов). Енді қолмен істегенді мойынмен көтеру керек (Мұқанов). Жарайды, бізге де бір тынығу к е р е к ш ы ғ а р (Нұртазин). Рас, с а ғ а н інілеріңді а с ы р а у к е р е к (Сәрсенбаев). С а ғ а н Қауменовты да құтқару к е р е к б о л д ы (Әуезов). Міндетті бойға шақтау к е р е к (Мұстафин). Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын б і л- м е к к е р е к (Абай).
Тұйық етістік тәуелденіп келсе, бұл сөйлемдердің қимыл субъек-тісі ілік септіктегі есім болуы да мүмкін. М е н і ң т ү с у і м ке-рек. Сенің к е т у і ң к е р е к. Сонда, менің ауданға б а р у ы м керек п е? Баруың керек. Бәрібір менің жатуым керек (Иманжанов).
Қимыл субъектісі ілік септігінде тұратын жақсыз сөйлемдердің
143

ерекше белгісі сол, мұндағы ілік жалғау бірде көрініп ашық тұрса, бірде жасырын тұрады. Мәселен, Біз адамды ақтық өміріне дейін тәрбиелей беруіміз керек. Оларға мен емес, сен өзің айтуың керек (Иманжанов) деген сияқты сөйлемдер қазіргі әдеби тіл нормасынан едәуір орын алады. Бұл жағдай — ілік септігі жалғауының басқа септіктермен салыстырғанда түсіп қалып айтылуға икемділік қасиетімен байланысты тілдік процесс. Соның нәтижесінде ілік септіктегі қимыл субъектісі активтеніп 19, грамматикалық субъектіге айналған.


Қазіргі қазақ тілі фактілерін үнемі тарихи тұрғыдан ғана қарап анықтамай (өйткені тіл фактілері де елеусіз дамып, өзгеріп, бір кате-гория екінші категорияға айналып жатады), дәл қазіргі даму дәреже-сіне сәйкес қарайтын болсақ, жақсыз сөйлемдердің кейбір жақты ва-рианттарының болатыны байқалады.
Б і з енді қалай да жақсы оқуымыз керек. Б і з оған көмекте-суіміз керек (Иманжанов). Бұл ж а с б у ы н өз өмірінің бар мінде-ті сол қоғамды құру екенін білуі керек («Ленин комсомолы» жинақ).

Күрделі баяндауышы барыс септіктегі тұйық етістікке


тура келу тіркесінің 3-жағы тіркесіп келу арқылы
жасалатын жақсыз сөйлемдер

Мұндай құрылыстағы жақсыз сөйлемнің қимыл субъектісі барыс септіктегі есім болуы да мүмкін, Істі істеуге я істемеуге мұқтаждық мәнді білдіреді.


Билетті екі-екіден екі вагонға а л у ғ а т у р а к е л д і (Мұқа-нов). Кімнің жағасы болса да, жыртуға тура келеді. Қазір амалсыздан осылай і с т е у г е т у р а к е л е д і (Мұстафин). Тағы да баланың үйіне б а р у ғ а т у р а к е л д і. Сіздің балаңыз жақсы оқиды, бірақ, амал жоқ, оны оқудан шығаруға дейін шара қ о л д а н у ғ а т у р а к е л і п о т ы р (Көбеев). Амал не, к өнуг е т у р а к е л е д і (Сәрсенбаев). Бәрібір екеуімізге ажырасуға т у р а к е л е д і. С а ғ а н Жанқия апайдың «бөлмесіне» ертең-бүрсігүні көшуге т у р а к е л е р (Сәрсенбаев).
Күрделі баяндауыштың негізгі компоненті тұйық етістік тәуелде-ніп барып барыс септігінде тұрса, сөйлемнің қимыл субъектісін бай-қататын сөз ілік септігінде тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет