Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет103/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Е г е р сол қаулыны колхоздың жалпы жиналысы мақұлдаса, жоғарғы орындар есептеседі (Мұқанов). Мұндай егер жалғаулығы қосылыл айтылған шартты бағыныңқы сөйлемдерде шарт мағынасы бұрынғыдан да саралана, айқындала түседі. Алайда бұдан шартты-лық мағынаны осы егер жалғаулығы тудырып тұрады деп түсінбеуі-міз керек, өйткені мұның бағыныңқы сөйлем құрамында арнайы ай-тылуы да, айтылмауы да мүмкін. Әдеби тілімізде шартты бағының-қы сөйлем, көбінесе, егер жалғаулығынсыз айтылады. Олай болса, шарт мәнін егер жалғаулығынан іздемей, баяндауыш тұлғасы және сөйлемнің өн бойындағы мағыналық мазмұнымен тығыз байланыстыра қарағанымыз жөн.


20 Кейбір жағдайларда бағыныңқының орны ауысып келе беретіні де байқалады: Осы қалпыммен қанша жүгірерім белгісіз болар еді,
е г е р а у ы л д а н ұзаңқырап а л ғ а н М ұ с т а ф а тоқтамаса. Олардың солай қанша тұрары мәлімсіз еді, е г е р арттарынан п а р ат ж е к к е н т а р а н т а с т ы Масақбай к е л е қ а л м а с а. Сол қалпында ол солқылдап жылап коп жатар ма еді, қайтер еді, е г е р әлдекімнің з і л д е й а у ы р а д ы м м е н ү й г е к і р і п к е л е ж а т қ а н д ы б ы с ы естілмесе (Мұқанов).
196

Шартты рай тұлғасы, негізінен алғанда, шартты бағыныңқының өнімді грамматикалық көрсеткіші бола тұра, сөйлем ішіндегі қызметіне қарай басқа да бағыныңқыларды жасауға қатынаса алады.


2. Көсемше арқылы құрмаласу. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшенің болымсыз түрдегі тұлғасында келіп, өз басыңқысымен шарттасу негізінде байланысып тұрады.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.
Үрпейген жүрек б а с ы л м а й,
Талапты к ө ң і л елірмес (Абай).
Мұндайда бағыныңқыдағы шарт басыңқы сөйлемдегі нәтиженің орындалуына қайшы келмейді, ол сөйлеу кезінде не кейін, әйтеуір, бір орындалатын болады. Сондықтан да бұл тұлғада келген сөйлемді шартты бағыныңқының реальды (болымды) түріне жатқызған жөн. Тюркологиялық әдебиеттерде шартты бағыныңқының реальды түрінде тек -са/-се тұлғасы әңгіме болады да, бұл жол аталмайды.
Көсемшелі шартты бағыныңқы сөйлемнің басыңқысының баян-дауышы да, алғашқы компоненттегідей, көбінесе, етістіктің болымсыз түрінде келеді. Сондықтан да мұндай тұлғада жұмсалған сөйлемдерді талдағанда, тек бағыныңқының баяндауышына қарау жеткіліксіз, басқа бағыныңқы сөйлемдердегідей, басыңқының да баяндауышына барынша назар аудару қажет. Өйткені басыңқы сөйлем баяндауышының түрліше құбылыл отырылуы бүтіндей сөйлемнің мағынасына әсерін тигізеді. Жан қиналмай, жұмыс бітпес (мақал).
Мұнда бағыныңқының да, басыңқының да баяндауыштары етіс-тіктің болымсыз түрінде келген. Осыған байланысты мұндағы синтаксистік компоненттердің арасындағы шарттастық байланыс өте берік болып тұр. Ал, егер осы сөйлемнің басыңқысының баяндауышын (бітпес) өзгеріп, оны болымды түрмен айтсақ, былай болып шығар еді: Жан қиналмай, жұмыс бітер.
Енді бұл сөйлемнің компоненттері арасында ешбір шарттастық негіздегі мағыналық байланыс жоқ, қайта, керісінше, бағыныңқы сөйлем басыңқының амалын білдіріп тұр. Олай болса, -ма + й тұлғалы сөйлем басыңқысының баяндауышы етістіктің болымсыз түрінде қолданылуы — оның шартты бағыныңқы екендігін таныта алады.
Көсемшелі шартты багыныңқы сөйлемнің бұл жолы, көбінесе, фольклорлық шығармаларда (жыр, мақал-мәтелді сөйлемдерде және халық әндерінің текстерінде) жиі кездеседі.
-ма + й тұлғасындағы шартты бағыныңқы сөйлем кейде -ма + й + ынша түрінде де қолданылады: Колхозда өнетін мәдени дақыл-дардың барлық түрі мектеп жанында ө с п е й і н ш е, оқушы соларды өз көздерімен көріп, өз қолдарымен егіп, өз өнерлерін жұмсап жемісін татпайынша, әр жақты білім беру жүзеге аспайды (Иманжанов). Ел бетін осы сасық салындылардан а й ы р- м а й ы н ш а, жаңа леп, жаңа ауа бара қоймайды (Мұстафин).
Көсемшелі шартты бағыныңқы сөйлемдерде мезгілдік оттенок болатыны байқалады. Мәселен, ол айғай шықпай, ешкім үн шығар-масқа керек (Мүсірепов) тәріздес сөйлемде синтаксистік компоненттер арасында шарттастық байланыс болумен қатар, ондағы оқиға, әрекеттің орындалу барысы мезгілдік ұғыммен сабақтасып жатады: үннің берілер уақыты айғайдың шығуымен байланысты келеді.
-ма + й тұлғалы көсемшелі бағыныңқы сөйлем әрдайым да шарт-ты бағыныңқы бола бермейді. Кейде осы тұлға арқылы жасалған кейбір сөйлемдер мағыналық жақтан басқа бағыныңқылардың да (мезгіл, амал, себеп) қатарына жатады.
197

3. Есімше арқылы құрмаласу. -ған тұлғасындағы есімше жатыс септігінде тұрады: Құнанбай бұлай б е т т е п а л ғ а н д а, қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі (Әуезов). Бұл тұлғадағы есімше бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болғанда, көбінесе, болымсыз түрде қолданылады, алайда мағыналық жағынан мұнда (бағыныңқыда) қимыл, әрекеттің болғаны үғынылады. Бұл орындалған қимыл, әрекет шартқа негізделеді. Ал, басыңқы сөйлемде болатын нәтиженің шығысы орындалмайды. Сондықтан да бұл тұлғадағы сөйлемдер тюркологияда шартты бағыныңқының ир-реалды (болымсыз) түрі делінеді. Мұндай сөйлемдердің синтаксис-тік компоненттері арасында ішкі мағыналық қатынасы жағынан с е-б е п т і л і к мән де болады.


Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер (фольк.). Москаленконың ар жагындағы бір разъезге поезд ұзагырақ тоқтамағанда, біздің үсіп өлуіміз сөзсіз еді. Егер сол арада Гүлнар түрып медициналық тиісті жәрдем көрсетпегенде, олар өлетін еді (Мұқанов).
Бұл сөйлемдердің алғашқы бағыныңқы жақ сыңарларындағы оқиға желісі басыңқы компоненттердегі қимылға шарт есебінде баяндалған. Сонымен қатар, бұлардағы қимыл, әрекеттің орындалу барысына себеп мәнінің болуы да әсер етіп тұр.
-ғанда тұлғасындағы есімше мезгіл бағыныңқының да баяндау-ышы бола алады.

* * *

Шартты бағыныңқы сөйлемдегі синтаксистік компоненттер ара-сында болатын уақиға, жағдайдың болашақта орындалу, орындал-мау нәтижесі әр сапада больш отырады: бірінде шартқа негізделген уақиға іс жүзінде шындыққа асырылатын больш көрінсе, енді бірінде мұндай қатынас керісінше келеді, яғни бағыныңқы сөйлемдегі қойылған шарттық болмысқа басыңқыда баяндалған қимыл, әрекет қарсы тұрады, осыдан келіп құбылыстар арасындағы шарттық нәтиже іс жүзінде шындыққа аспайды. Енді бір шартты бағыныңқы сөйлемде қимыл, әрекеттің орындалуы айтушы адамға дүдамал, екіталай, ықтимал ретінде көрінеді. Шартты бағыныңқы сөйлемдерде болатын мұндай мағыналық көрініс бағыныңқыдағы шарт пен басыңқыдағы нәтиженің бір-бірімен өз ара байланыстағы қарым-қатынасынан туады.
Шартты бағыныңқы сөйлемнің синтаксистік компоненттері ара-сында болатын мұндай көрініс жалпы тіл біліміне, соның ішінде түр-кі тілдеріне де тән. Түркі тілдерінде шартты бағыныңқы сөйлемдерді жоғарыда айтылған шарт пен нәтиженің бір-біріне ара қатынасына байланысты соңғы кезде үш түрге бөлсе (реалды, ирреалды, болжал-ды), кейде екіге (реалды, ирреалды) бөліп жүр. Қазақ тілінде шартты бағыныңқы сөйлемнің жоғарыда аталған үш түрі де (реалды, ирреал-ды, болжалды) кездеседі. Енді соған тоқталайық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет