Т а ң атып, үйге с ә у л е кіре бастады. М ә ж і л і с ашылып, с ө з округтен келген өкілге берілді. Тыста ж е л күшейіп, б о р ан долдана бастады (Майлин).
Сабақтас құрмалас сөйлемнің грамматикалық бастауышы бола тұрса да, оның кейде арнайы айтылмауы бағыныңқы, басыңқы ком-поненттің бірінде болса, кей уақытта, тіпті, екеуінен де орын алады.
Әміржанды, жаныңа ертіп арық бойындағы көгалға қарап беттесең, әлгі ж а с ә й е л бір бүйірден тағы кездеседі (Майлин). Қайтыста бүгін т ү н суық болмаса, ж е р мықтап қатып қалмаса, бүгінгі келген жолмен жүре алмаймыз (Әуезов). Енді жар сүюге жәрдемдессең, жалғанда сенің жақсылығыңды өтей алар ма екем! (Мұстафин).
Бағыныңқы, басыңқы компоненттің өзіндік бастауыштары бо-луына орай олардың әрқайсысына тән арнайы баяндауыштары бола-ды. Сөйтіп, бастауыш пен баяндауыш — сабақтас құрмаласта да сөйлемнің ең негізгі қазығы, тірегі болып саналады. Сөйлемнің қай түрінде болмасын, әсіресе, баяндауыштың қызметі аумақтылау келе-ді. Өйткені, кейде, сөйлем бастауышсыз айтыла да, құрала беретін болса, ал, баяндауышсыз айтылатын сөйлем тілімізде некен-саяқ кездеседі. Сөйлем ішіндегі баяндауыштың атқаратын неше түрлі алуан қызметі, әсіресе, сабақтас құрмаласта айқын байқалады. Мәселен, сабақтас құрмаластың құрамында толымсыз немесе жақсыз сөйлемдер болса, олардың грамматикалық бастауыштары мен логикалык субъектілері осы баяндауыш сөзі арқылы белгілі болып отырады. Сонымен қатар сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы компоненті бағыныңқымен осы баяндауыштың тұлғалары арқылы өз ара тығыз байланысқа түседі. Бағыныңқының баяндауышы сабақтас құрмалас сөйлемде ұйымдастырушы орталық болып тұрады. Бағыныңқы сөйлемнің түр-түрге бөлінуінде де баяндауыштың ролі айтарлықтай.
Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы ондағы компо-ненттердің өзіндік бастауышы мен баяндауыштары болуымен тығыз астарласып жатады.
3) Бағыныңқы сөйлемдердің үшінші белгісі — интонациялық жік.
Интонациялық құбылыс кез келген сөйлем атаулыда, тіпті, син-тагмалық топтарда да болатыны белгілі. Алайда бұлардағы дауыс
194
интонациясымен бағыныңқы сөйлемдерде болатын дауыс интонациясы бірдей емес. Алғашқыларындағы дауыс интонациясы ритмикалық кідіріс ретінде ғана көрінсе, соңғыларында (бағыныңқыларда) бұл интонация айтылуы жағынан екінші бір сөйлеммен ұ л а с қ а н болып келеді.
Кез келген сабақтас құрмалас сөйлем басынан аяғына дейін бір сыдырғы дауыспен айтыла бермей, оның құрамындағы компонент-тер бір-бірінен айрықша пауза арқылы бөлініп тұрады. Алайда бұларда болатын дауыс ырғағының қимылы бірдей емес: алғашқы сөйлем күшті әуенмен айтыла келіп, екіншісінде бәсеңдейді.
Теңіз дем алысы, қанша қатты болса да, саққұлақ немістер көп мотордың күжілін есітіп қалыпты (Мүсірепов). Мұнда алғашқы сөйлем көтеріңкі де қарқынды интонациялық толқынмен айтыла келіп, екінші сөйлемде ол бірден бәсеңдеп кетпей, шамалы түрде баяулап барып тоқталады. Егерде интонациялық толқынның желісі бұлай болмай, кілт тоқтап қалса, онда мұның жай сөйлемге қатысты болғаны: Мен кеше қаладан келдім. Бұл жай сөйлем өзінің айтылу сазына қарай бір ғана интонациялық толқынға ие болып тұр. Көтеріңкі басталған дауыс қарқыны біртіндеп келіп баяулайды.
Сонымен, жай сөйлем бір ғана интонациялық толқынға ие болса, құрмалас сөйлем кемінде екі интонациялық толқынға йе бола алады. Бұл екі интонациялық толқынның дәрежесі, жоғарыда айтқанымыз-дай, біркелкі болмайды.
Бағыныңқы компоненттің қалай айтылуына назар аударсақ, мына бір құбылысты байқауға болады: ең алғаш дауыс интонациясы көтеріле айтыла келіп сәл баяулайды да, кейіннен баяндауышқа кел-генде, қайтадан жоғарырақ қарқында болады. Бұл қарқын басыңқы сөйлемге ұласады да, біртіндеп барып өз жайымен тоқталады.
Интонациялық толқынның бағыныңқы компоненттің соңында жоғарылауы — сөйлемнің әлі аяқталмағанын, жалғасы бар екендігін, соған орай, оның екінші бір сөйлеммен ұштаса, ұласа айтылуындағы паузалық байланыстың барлығын көрсетеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін айқындауда бағыныңқы компонент баяндауышының жасалу жолдары мен бүтіндей сөйлемнің мағыналық жақтары еске алынады. Осыған орай сабақтас құрмалас сөйлем төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
4. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
7. Түсіндірмелі сабақтас сөйлем.
8. Ыңғайлас сабақтас сөйлем.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Шартты бағыныңқылы сөйлемдер баяндалған уақиға, әрекеттер-дің мағыналық жақтан бір-бірімен өз ара шарттаса байланысуы не-гізінде құрылады. Мұндай шарттастық байланыс бағыныңқы сөйлем баяндауышының түрліше грамматикалық формаларда тұруы арқылы жүзеге асады. Алайда бұдан шарттылық мағынаны тек осы формалар туғызады деп түсінбеуіміз керек, бұлар жасалу жолдары ғана. Шарт мағынасы бүтіндей сөйлем бойынан көрінеді.
195
Мұндай шарт, әсіресе, бағыныңқы компонентте болады да, басыңқыдағы амалдың орындалуына негіз ретінде қолданылады. Шартты бағыныңқы сөйлемдерді жасалуы жақтарынан өз ара үшке бөлуге болады: ш а р т т ы р а й л ы етістік, көсемше және е с і м- ш е арқылы.
1. Шартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. Бұл — шартты бағыныңқы сөйлем жасаудың ең өнімді түрі.
Тюркологиялық еңбектердің көпшілігінде шартты бағыныңқы-ның тек осы –са/-се түрі ғана баяндалады. Мұның өзі шартты рай тұлғасының шартты бағыныңқы сөйлем жасауда бірден-бір актив роль атқаратындығын дәлелдей түседі.
Бір ескеретін жай — осы тұлғадағы шартты бағыныңқы сөйлем-дер кейбір тюркологиялық еңбектерде өз атауымен аталмай, екі жақ-ты айтылып отыратындығы байқалады (болжал — шарт, қалау — шарт т. б.). Бұлайша аталу кейбір шартты бағыныңқы сөйлемдердің ішінара болжау, қалау, тілек т. б. мәндерде жұмсалу заңдылықтары-мен байланысты болса керек. Ал, мұндай заңдылықтың орын алуы, негізінде, шартты бағыныңқының келер шақта айтылуымен астарла-сып жатады. Өйткені келер шақтық ұғымда айтушы адамның әр түрлі көзқарасы — тілегі, өтініші, болжауы т.б. бола береді. Олай болса, шартты бағыныңқы сөйлемдерде кездесетін сол модаль мәнді көріністерді шақтық қатынаспен байланыстыра қарау қажет. Түсінікті болу үшін мына бір сөйлемді талдайық: Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам, алып қашып кету еді (Майлин). Бұл — шартты бағыныңкы сөйлем. Алып қашудың шарты — Шұғамен көңіл қосу. Мұнда субъект ойына алған тілегін бірден қоймай, оның орындалуын алдын ала болжай айтып тұр. Әрине, мұндай болжай айтылуда субъект тарапынан белгілі бір мақсатпен шарт қойылады. Сөйтіп, шарттық ұғым адамның түрлі сипаттағы ойынан туады. Өйткені субъект не өзіне, не басқа біреуге бір нәрсе жайында шарт қою үшін, соған, ең алдымен, әрекет жасауы қажет. Сол әрекет қимылының көрінісінен шарттық ұғым шыңдалады.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің орын тәртібі, басқа бағыныңқылардай, негізінде, орнықты: бағыныңқы сөйлем бұрын, басыңқы сөйлем кейін келеді20.
Кейде шартты бағыныңқы сөйлем құрамында егер жалғаулыгы қосылып айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |