Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет101/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Е р м е к ашылмаған ж а с т а й ұ я л ы п қ а л ғ а н д а, Марияштың мөлдір көзі күлімдеп кетеді (Мұстафин).
Мұнда алғашқы бағыныңқы сөйлем басыңқыға қатысты айты-лып, сондағы болған әрекет қимылының қашан орындалғанын (мез-гілін) білдіріп тұр. Марияштың мөлдір көзінің күлімдеуі Ермектің ұялуына байланысты. Олай болса, басыңқының өзін әдеттегідей тиянақты сөйлем деп атауымыз да бір жақты болар. Бұл тиянақ-
192

тылық тек формалық жағынан ғана, мағыналық жақтан басыңқы сөйлем сырт қарағанда тиянақты сияқты көрінгенмен, бұл да өзіне екінші бір сөйлемнің сабақтаса айтылуын тілеп тұрады. Бұлай болмаған күнде оның мағыналық жақтан мазмұны жалаңаштанып, ойсырап қалады. Егер жоғарыдағы сөйлемнің алғашқы компонентін айтпай, тек екінші бөлшегін ғана айтатын болсақ, Марияштың мөлдір көзінің күлімдеуі неге байланысты, неліктен, қашан болатындығы белгісіз болар еді. Бұл жағдай бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдағы орындалған не орындалатын оқиға әрекетінің мазмұнын түрлі жақтан ашып тұратындығын байқатады. Мұндай заңдылықтар бағыныңқы мен басыңқылардың өз алдына қанша жеке сөйлемдер болып танылғанымен, олардың бір-бірімен тұлғалык, мағыналық жақтарынан өте тығыз, берік байланыстағы қатынасын көрсетеді. Бұл тығыз байланыстылық екі сөйлемді тұтасқан бір бүтіннің бөлшектері екендігін айқындайды.


Бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілері


Сабақтас құрмалас сөйлемдер өз ара топталып жікке бөлінгенде, бағыныңқы компонент негізге алынады. Бағыныңқының басыңқымен аралық қарым-қатынасы қай дәрежеде болуына байланысты сабақтас сөйлемнің түрлері ажыратылады. Олай болса, сөйлемнің бағыныңқы бөлшегі сабақтастың түрлерін саралауда ең басты қызмет атқарады.


Бағыныңқы компонентті, әдеттегідей, тиянақсыз болса да, сөй-лем деп танысақ, оның өзіне тән мынадай басты-басты белгілері болады: 1) өзіне тән ой дербестігі болу; 2) предикаттық қатынас негізінде құралу; 3) ұластырушы интонациямен айтылу.
1) Бағыныңқы сөйлемнің өзіне тән жеке ой дербестігі б о л у — ең басты критерий, өйткені өз алдына дербес ойға ие бола алмаған компонент сөйлем де бола алмақшы емес. Дербес мағыналы ойды тар көлемде түсінуге болмайды. Кейде жеке сөздердің де дербес ойға ие бола алуы мүмкін, алайда мұндағы ой-ұғым (понятие) дәрежесінен арта алмайды. Біз бағыныңқы сөйлемдерден ой дербестігі болу керек дегенді талап еткенде, ол ойдың айналадағы табиғат болмысының шындығынан туған әрекеттерді мазмұндау мақсатындағы айтылған хабар ретінде түсінеміз. Мұндай хабар кез келген сөйлем атаулыда болады. Бағыныңқыларда болатын баяндау хабарының басқа сөйлем атаулыда болатын хабардан басты өзгешелігі — мұнда ой-тоқтап қалмай, екінші бір оқиғаның мазмұнын ашуға бет бұрады. Сөйтіп, бағыныңқыдағы ой өз алдына жеке дараланған ой емес, келесі бір сөйлемге (басыңқыға) байланысты айтылған, соны толықтырып, мазмұнын айқындайтын қасиетте болады.
2) Бағыныңқы сөйлемнің екінші бір өзіндік белгісі — п р е д и- к а т т ы қ қатынастың негізінде құралу. Сөйлем атаулының басым көпшілігі, негізінде, бастауыш пен баяндауыштың төңірегінде құралады. Сондықтан да бұлар сөйлемнің түп қазығы, арқауы болып саналады.
Олай болса, әрбір бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдан бөлек өз алдына айырым дербес бастаушы мен дербес б а я н д а у ы ш ы болуы қажет. Ал, сабақтас құрмаластың бір сыңары (кейде, тіпті, екі сыңары да) жақсыз сөйлем түрінде келсе, онда болатын логикалық субъектіге қарамай, сөйлемнен грамматикалық бастауыш талап етілмейді. Е к е у і қосылып айтқан соң, тыңдамасқа б о л а м а? (Әуезов). Осылар сияқты ауыл пролетариатының 6 а с көтерер-лері көбейген кезде, б а й ғ а ш а б у ы л жасамаса болмайды (Мұстафин). Шаруашылықты басқарудың демократиялық негіздерін онан әрі дамытпайынша, өндірісті басқаруға
193


демократияның қатысуын айтарлықтай күшейтпейінше, шаруа-шылықты басқару ісін жетілдіру мүмкін емес (А. Н .Косыгин).
Сабақтас құрмаластың жақсыз сөйлем құрамынан басқа жолда - рының әрбір компонентінде дербес бастауышы болады. Мұндайда оның арнайы айтылуы да, арнайы айтылмауы да мүмкін. Арнайы айтылмаған бастауыштың орны сөйлемнің баяндауышынан белгілі болып тұрады. Әр компонентінің бастауышы арнайы айтылған сабақтас құрмаласқа мысал:
О л а р солай кеңесіп отырғанда, м ашина Торғай аралының босағасына кіре берді. О л а р қақпадан кіре берсе, арқасын шар- баққа сүйеп күзетші ш а л қалғып отыр. Шаңқай түсте келген қонақтардың алдынан неше түрлі а с өткендіктен, о л а р ықылық ата тойып отыр (Мұқанов).
Сабақтас құрмаластың әр компонентіндегі мұндай арнайы ай-тылған дербес бастауыштар тұлғалық жағынан сабақтас, мағыналық жағынан салалас деп танылып жүрген сөйлемдерде міндетті түрде болады. Мұндай сөйлемдердің алғашқы компонентінің баяндауышы тиянақсыз -п формантты көсемшеге бітеді де, ондағы баяндалған оқиғаның мазмұн желісі басыңқыдағы қимылмен бір мезгілде, іргелесе айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет