дабырлап, — деген екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің өзі... сөздері үздіксіз шығады да, — деген үшінші жай сөй-лемге сабаңтаса байланысады, ал бұл үшінші жай сөйлем... Лиза үйге қайтса, — деген төртінші жай сөйлемге салаласа байланысса, төртіншінің өзі... сөз ортасынан үзіліп, — деген бесінші сөйлемге сабақтаса байланысқан, сол сияқты бесінші алтыншы жай сөйлеммен де сабақтаса байланысқан. Сөйтіп, мұнда төрт жай сөйлем сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан. Талданған мысалдарға қарағанда, төрт, немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компонент-тердің бір-бірімен байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болса, бірде сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе береді.
Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөй-лемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты аралас құрмаластағы сала-ласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар ар- қылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. Кеше іңірде Жабай жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті (Мүсірепов).
Мысалдың бірінші сөйлемінде екінші компонент соңғы үшінші компонентпен б і р а қ деген қарсылық жалғаулығы арқылы құрма-ласса, үшінші сөйлемнің бірінші компоненті өзінен кейінгі жай сөй-леммен д е жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық-сыз, іргелесе байланысқан.
Дәл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөй-лемдердің сабақтаса байланысу тәсілінде де жалпы сабақтас құрма-ластағы жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де өзі жетегінде тұратын компоненттерге етістіктің есімше, көсемше, шарттырай, тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы сабақтаса баиланысқан жай сөйлемдер дәл осы айтылған формалар арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе аралас құрмалас сөйлем дегені-міз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің — салаласу мен сабақтасу тәсілінің — бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздердің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз — төтенше көрініс, және ол — орыс рухының бірден-бір қөрінісі болуы да мүмкін», —деп, Гоголъ Пушкиннің орыс әдебиеті тарихын-дағы ролін өте жоғары және соншалық әділ бағалады, — деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы — Пушкин дегеніміз — төтенше көрініс, — деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен ж ә н е жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің — ол — орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін, — деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған жай сөйлемге сабақтаса байланысып тұр, т. б.
224
V. БӨГДЕ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Адам сөйлегенде я жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай келтірінді сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады.
Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі — сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің, байымдауларының дұрыстығын дәлел-дей түсу мақсаты. Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріс-сіз, түп нұсқасы бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың фор-малар қосылып, немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формала -ры түсіріліп айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.
Төл сөз
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша, төл сөз деп, жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған басқа біреудің сөзін айтамыз.
Біз бұл арада қалыптасқан атауды өзгеріссіз қолданып отырмыз. ІІІындығында, «төл сөз» деген грамматикалық атау бұл арада өзінің мазмұнына сай қолданылмаған. «Төл» деген сөз меншікті, тән деген мағынаны білдіреді және осы сөздермен синонимдес. Ал, сөйлеуші-нің я жазушының өз сөзі ішінде келтірген басқа біреудің сөзі оған, яғни авторға төл сөз бола алмайды, ңайта керісінше, ол автор үшін басқа біреудің сөзі, яғни бөгде сөз болып табылады.
Қолдану орнына, қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат түрінде және диалог түріңде болады.
Цитат түріндегі төл сөз, негізінде, саяси әдебиеттерде, ғылми жә-не әр алуан публицистикалық еңбектерде қолданылады. Цитат ре-тінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған
225
жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол сөз автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын қызметі — төл сөздің кімдікі екендігін, қайдан алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырған үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзіндіні қандай күйде, қандай жағдайда, іш-кі сезім дүниесінің қандайлық құбылыстары жағдайында айтқанды-ғын және қалай айтқандығын, тағы сол сияқтыларын білдіру. Оны мына мысалдардан да байқауға болады: Гоголь «Пушкии туралы бірнеше сөз» деген мақаласында: «Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пущкиннің лексикасына дарыған тәрізді», — деп жазады. Ы. Алтынсарин өз халқының бойындағы игі қасиеттерін айта келіп: «Қазақ деген жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық. Бірақ оның сол қарапайымдығының өзінде көп жақсылығы жатыр», — деп жазды А. С. Пушкин шығармалары-ның ұлылығына сүйсінген сыншы: «Пушкин поэзиясы теңіз тәрізді», — деп бағалады.
Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа. Қолданылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар көркем шығар-малардағы персонаждар сөздері, ал, персонаждарға сөз беріп, олар-ды сөйлестіріп отырған жазушының өз сөзі, автор сөзі, болып есептеледі. Сондықтан диалог төл сөз цитаттағыдай оны қолданушы автордың пікірін дәлелдеу үшін қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың) бір-бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі түрінде болады.
Диалог төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқа-ратын функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешелікте-рі болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін білдіру, оны қандай құбылыста, қандай күйде, қалай айтқандығын және кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен бірге автор сөзінің әрбір сөйлеушінің сөзі сайын қолданылып оты-руы шартта болып есептелмейді. Оны мына мысалдан да көруге болады:
— Мынау, аттан түсіп жатқан кім? — деді Шұға.
— Әбдірахман ғой, — дедім.
— Әбірахманың кім?
— Қазақбайдың баласы.
— Иә, әлгі учителъ баласы ма?
— Иә.
— Жап-жас жігіт екен ғой, — деп, бірер қарады да, Шұға отау- ға кіріп кетті. Бір сөздің ретінде Әбдірахманға:
— Еліңді қыстан шығардың ба, бала? — деді бай. .
— Шүкір, шығардым, — деді Әбдірахман.
Достарыңызбен бөлісу: |