Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет34/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Ж а б а й қ а р т п е н шүйіркелесе кетті (Мұқанов). Ақындық ша~ быт кейде осы а д ы р м е н көп сырласқандай болады (Әуезов). Көмектес септікті толықтауыштардың кейбірі заттың басқа бір өңкей заттардан айырықша белгісін де білдіруі мүмкін: Бұл екі кітап бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жанына әлі т і л і м е н де, сыры мен де ұғымсыз кітаптар (Әуезов). Жақсы і с і м е н жақсы (мәтел). А з ы ғ ы м е н жер мүсінді, е ң б е г і м е н е р мүсінді (мақал).
Көмектес септікті толықтауыштар білдіретін мағыналар осы тә-різдес. Осыдан бұрын ескертілгендей, көмектес септікті сөздер сөйлем құрамында екіншібір қызмет — пысықтауыш мүшелер қызметінде де жұмсалады. Қолданылу сферасы мен жиілігін еске алсақ, сірә соңғы түрі мол болуы да мүмкін. Жалпы көмектес септікті сөздер (тіпті жоғарыда толықтауыш есебінде талданган-дардың кейбірі де) үстеулік мән беруге әлдеқайда бейім, ыңғайлы сезіледі. Мысалға жоғарыда келтірілген мына сөйлемді алайық: Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Осындағы өкпесімен деген сөзге баяндауыштың ыңғайы-мен қалай? деп те сұрақ қоюға болар еді. Немесе: Ағашты б а л т а- м е н шапты — қалай шапты? — түрінде де талдауға әбден болар еді. Дегенмен, көмектес септікті сөздердің бұл тобын жанама толықтауыш деп талдауға үлкен дәлел — олардың сөйлем құрамын-да етістік-баяндауышпен грамматикалық байланысқа түскенде де өздерінің заттық, объектілік мәнінен түғел айрылмауы. Зат есімдер тобына жататын, бірақ конкретті затты емес, дерексіз ұғымды білдіретін сөздер, не контекс ішінде сол мағынада қолданылған сөздер көмектес септікте жұмсалғанмен, сөйлем ішінде жанама толықтауыш ретінде ұғынылмайды, мыс.: Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. Шүкіман кішкене әзіл қатып, тағы да с э н м е н күліп... жігіттің өз-өзіне сенімділігін азырақ ажуа қып отырды. Жастар үріккендей боп түйілген қабақпен, шошынған жүзбен қарасады (Әуезов). Осы сөйлемдердегі жас көңілмен, сәнмен, қабақпен, жүзбен сөздеріне немен? дейтін сұрақ қоюға әсте келмейді. Бұл реттерде тек қана қалай? деген сұрақ қойылады, сөйлем мағынасы осы сұрақты қажет етеді. Сөйтіп, баяндауыш қызметіндегі етістіктің ықпалымен мұндай сөздер көмектес септікте үстеулік жаңа мән алады. Бұлар, әрине, жанама толықтауыш емес, пысықтауыш мүше деп қана қаралғаны жөн.
Бұл айтылғандардан басқа, туралы, жайында, жөнінде демеуле-рінің негізгі сөздермен тіркесі де жанама толықтауыштық қызметте жұмсалады, мыс.: Ж е ң і с т у р а л ы сұрастыра берсеңіз, көп-теген жәйттерді естисіз, бәрі де мақтау, ел ризалығы (газеттен). Мен сіздерге тек өзбеттеріңізбен оқу ж ө н і н е н ақыл бер-
72


мекшімін (Калинин). Негізгі сөздер мен осы демеулердің тіркесі сөй-лемде айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді.

Анықтауыш


Анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соғаң қатысты болады. Мысалы: С ә л д е л і кісі ернін анда-санда бір қимылдатып ұзақ отырып, жұрттың қары талған кезде алақандарын маймитып әкеп бетін сипады (Мұқанов). Анықтауыштың мән-мағынасы да сол анықталатын сөзбен бір тіркесте қарастырғанда ғана анық байқалады. Соның салдарынан, анықтауыш пен анықталатын сөз сөйлеуде де бір әуенмен, бір ғана ритмикалық топта ғана айтылады. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесінің мұндай тығыз бірлігі кейде сөйлеу практикасында олардың күрделі сөзге айнальш, қалыптасуына да негіз болатын тәрізді. Жарқабақ , қарағаш тәрізді біріккен сөздер мен Көктің көлі, Иіркөл, Талдықорган тәрізді жер-су аттары, әрине, о баста анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесі болғанына сөз жоқ. Дегенмен, осы ізбен анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесін бөліп-жаруға келмейтін бір ғана лексика-грамматикалык, единица деуге болмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі анықтауыштар сөйлем құрамында лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар элемент ретінде өзіне лайық синтаксистік функцияны атқарады.


Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер — сын есім-дер. Ж а р а у, ж а т а ғ а н, қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к биені жетегіне алып Нұрыш келеді (Әлімқұлов). Сонымен бірге, сан есімдер де осы қызметте жұмсалуға лайық: Ат-сойылы, дайын отырған Бөкенші табынан жүз жігітті жүз боз атқа мінгізіп жіберіп, дәл күн батарда Жігітекке аттандырды (Әуезов).
Бұлардан басқа, анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдік-тер, етістіктің есімге жақын топтары (есімшелер мен қимыл есімдері), т. б. сөздер де қолданылады. Бірақ ондай сөздер сөйлем, сөз тіркесі құрамындағы тұрған орыны, не арнаулы грамматикалық тұлға аркылы өздерінің бұрынғы мәнінен ажырап, сын-сапалық, тәндік мәнге ие болғанда ғана анықтауыш бола алады. Қараш пен Елеусіз қ и ы р ш ы қ жолмен шоқыта тасырлата жөнелді ...Нұрша самарқау оянды да, алақанын шырағданныц сәулесіне тосып қалқалап қарады (Әлімқұлов). Саған кезкелген адам шешіліп сырын айта бермейді. Ертеңнен кешке дейін... б о с қ ы н халық ағылуда (Ахтанов).
Бірінші, үшінші, төртінші сөйлемдер құрамындағы қиыршық (зат есім), кезкелген (есімше), босқын (қимыл есімі) сөздері өздерінен соң тұрған есім сөздермен орын арқылы байланысып анықтауыштық мән алған. Егер олардың орнын өзгертіп есімдерден соң қойып айта-тын болсақ, олардың синтаксистік қызметі де өзгеріп кетер еді. Сон-дай-ақ, екінші сөйлем құрамындағы шырағдан зат есімінің анықтау-ыш қызметінде жұмсалуы да ілік жалғауына байланысты екені анық.
Анықтауыштар, негізінен, сөйлемнің бастауышын анықтайды, соның сындық сапасын, мөлшер санын, тәндік белгісін, әлде процес-суалдық ерекшелігін білдіреді: Қалиманың төркіндері бірінен соң біріне жылжып, соларда екі күн жатты (Мұқанов). Сол күні, құ-дай көрсетпесін, бір қатты боран басталып,... бар қой ығып кетіп қырылыпты... (Әуезов). Дегенмен, анықтауыштар тек қана бастау-ышқа қатысты болып қалмайды, ол есімнен болған толықтауышқа да, тіпті есім баяндауышқа да қатысты болып, солардың сындық сапасын, т. б. білдіріп тұрады.
73




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет