Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет32/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Жанама толықтауыш. Зат есімдер, немесе заттанып солардың орнына жұмсалған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікте-рінің бірінде тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде жанама толықтауыштарды меңгеретіндер тек салт етістіктері емес, сабақты етістіктер болуы да мүмкін. Жанама толықтауыш сабақты етістікке қатысты болғанда, тура толықтауышпен қосарланып, бір толта қолданылады, мыс.: Түнде сойган тауықтың өкп е-б а у ы р ы н Ботакөз балтамен ұсатып, ақ ірімшік араластырып тәтті түшпәрә пісірген еді. Бала бір кезде көзін ж е ң і м е н сүртті (Мұқанов). Табыс жалғаулы тура толықтауышпен бір топта айтылған жанама толықтауыш көмектес септікте тұр. Бұл арада мынадай бір ерекшелік бар: жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың мәнін жіктеуші екінші дәрежелі мүше ғана болады. Етістік-баяндауышқа тікелей қатысты, онымен тығыз байланысты, қалайда айтылуға тиіс мүше — тура толық-тауыш. Егер тура толықтауыш айтылмай қалса, оның орны жоқталып тұрады, ал, жанама толықтауыш айтылмаса байқалмайды. Өйткені, жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың ықпалынан; соның мәнінен тумайды.
Барыс септікті жанама толықтауыштар: Сыйлы жолаушылар қайтарда соғатын боп, жеңгейге де, қарындасқа да көп-көп рахмет жаудырып, қайта-қайта бас шұлгып қимай қоштасты (Т. Әлімқұ -лов). Жасымда албырт өстім ойдан жырақ, А й л а г а, а ш у ғ а да жақтым шырақ (Абай).
Барыс септік жалғауын қабылдап, басқа сөз таптары да (сын есім, сан есім) жанама толықтауыш қызметін атқара алады: Бұл алқап, мал аңсап жейтін ащы мен тұщыға кенелген. Ол биыл о т ы з ғ а шығады (газеттен). Барыс септікті жанама толықтауыштарды меңге-ретін сөздер тек етістіктер ғана емес. Қазақ тіліндегі бірсыпыра есім сөздер де басқа сөздерді барыс септікте меңгере алады: Ол жасы-нан - ақ о қ у ғ а ж ү й р ік. Биік төсек жанында дөңгелек столга шынтқцтап, оңаша ғана отырған А б а й ғ а есіктен кірген самал да ж а й л ы (Әуезов). Көшпек, қонбақ е л г е сән (мәтел).
Жоғарғы мысалдардан көрініп отырғандай, барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекетке ұшыраған жанама объектіні (кісіні,
68

затты) білдіреді. Жанама толықтауыштар етістік-баяндауыштың әсе-ріне тікелей емес, жанама ғана ұшырайды. Мысалы, мына сөйлемді талдап көрейік: Бір провокатор оны полицияның қолына алдап түсіріпті. Іс-әрекеттің әсеріне ұшыраған алғашңы объект — оны, содан соң ғана ойды әлде де жіктей, айқындай түсу үшін полицияның қолына — дейтін жанама толықтауыш айтылып тұр. Сөйлемді жана-ма толықтауышсыз да (полицияның қолына) айтуға болар еді, онан ой сындарлылығы бұзылмас та еді.


Барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекеттің орыны бола-тын, немесе барып тірелер затын, кейде тіпті мөлшерін де білдіруі мүмкін. Жоғарғы мысалдардағы... отызға шығады... тәрізді жанама толықтауыштар сондай. Кейде жанама толықтауыш кісінің айрықша қасиетін де білдіруі мүмкін (оқуға жүйрік). Сонымен, жанама толықтауыштың мәні кейде сол қызметте жұмсалған сөздің, не меңгеруші етістіктің лексикалық мәнімен ұласып, соның салдары болып отырады.
Кейде, сөйлем ішінде жанама толықтауыш пен тура толықтауыш қатар жұмсалғанда, тура толықтауыш іс-әрекет бағытталған объектіні білдіреді де, жанама толықтауыш іс-әрекетті жүзеге асыру-шы (не жүзеге асыратын) субъектіні де білдіретін кездері болады. Мысалы: —А, Рязанов мырза саған соны тапсырған екен ғой (Мүсірепов). Барыс жалғаулы жанама толықтауыш (саған) болашақ істі жүзеге асыратын субъектіні білдірген де, табыс жалғаулы тура толықтауыш іс-қимыл бағытталатын объектіні білдірген. Мұндай мағыналық ерекшелік баяндауыш қызметінде табыс, барыс септік-терінде бірдей меңгеретін сабақты етістіктер қолданылғанда ғана болуы мүмкін.
Жатыс септікті жанама толықтауыштар: О н ы ң әрекетінде байыпты іскерлік, тиянақты тындырымдылық жоқ (Ахтанов). Жаудыр к ө з і н д е бұрынғыдай ыстық наз жоқ , әлсіреген салқын-дық бар (Әлімқұлов).
Есім сөздер жатыс септікте тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарғанда, көбінесе, іс-қимылы таралған объектіні, зат, құбылыс-тың орны болған объектіні білдіреді. Соңымен бірге, жатыс жалғау-лы жанама толықтауыштар статикалық күй-қалыпты, әрекетті білдіретін етістіктермен тіркеседі. Есім сөздердің жатыс септікте тұруын қажет ететін етістіктер де, жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде қолданыла алатын сөздер де байырғы қазақ тілінде аса көп емес. Бірақ қазіргі әдеби тіл құрамында жатыс септік тұлғасы арқылы жанама толықтауыш қызметінде жұмсала алатын сөздердің сан жағынан молайғандығын айту керек. Әрқашан әдеби тілдің молығып, толығуымен, оның құрамындағы сөздердің тіркес құрау қабілеті артып, кеңейіп отырады. Бұл, әрине, халық тілінде жаңа ұғымдардың пайда болуымен, сөйлем құрамының күрделе-нуімен ұштасьш жататын құбылыс. Мыс.: С е с с и я н ы ң жұмысында кадрларды даярлау мәселелері үлкен орын алды... П л е- н у м ш е ш і м д е р і н насихаттауда, оларды жүзеге асыруға еңбекшілердің қалың бұқарасын жұмылдыруда коммунистік партияның идеялық өткір қаруы баспасөзге жүктелетін міндет те зор («Соц. Қаз.»). Осы келтірілген сөйлемдер құрамындағы сөздердің жатыс септік жалғауын қабылдауы да, сөйтіп жанама толықтауыш қызметінде жұмсалуы да қазіргі әдеби тілде ғана мүмкін құбылыс. Әдеби тіл атқаратын функцияның, қолданылатын сферасының кеңеюінен барып пайда болған. Сөздердің жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде жұмсалу-ынан кейде халық тілінде қалыптасқан ізбен үйлеспейтін де факті-лерді кездестіруге болады. Қазіргі әдеби тілімізде пианинода ойнау, скрипкада ойнау т. б. тәрізді жатыс жалғаулы есім мен
69

етістіктер тіркестері кездеседі. Мыс.: Өзі режиссер әрі драматург, домбыра тартады, скрипкада о й н а й д ы, нота таниды, білімді («Қазақ әдебиеті»). Егер халық тілінде қалыптасқан із сақталса, скрипка тартады болуға тиіс еді. Кейде пианинода ойнайды. дегеннің ізімен халық тілінде, ертеден бар тіркестің өзін өзгертіп, домбырада ойнау деп те сөйлеу иіндері кездеседі.


Жатыс жалғаулы сөздердің екі түрлі басты мағына беріп, екі түрлі синтаксистік қызмет атқаратыны белгілі. Олар бірде жанама толықтауыш болса, бірде пысықтауыш болады. Бұл, әрине, көбінесе сол сөздердің лексикалық мағынасына байланысты. Бірақ жатыс септікте қолданылатын кей сөздердің синтаксистік қызметі, соны-мен қатар, контекске және етістік-баяндауыштың мәніне де байланысты болады. Егер Тайман тоғызыншы класта оқиды дейтін сөйлемнің баяндауышын ауыстырып Тайман тоғызыншы класта отыр деп айтсақ, тоғызыншы класта тіркесі мекен пысықтауыш-тық мән алар еді. Сол сияқты жылқыда өт жоқ, ол жылқыда болды дейтін сөйлемдер құрамындағы жылқыда сөзінің синтаксистік қызметтері бірдей емес. Алғашңы сөйлемде жылқыда сөзі жанама толықтауыш та, соңғы сөйлемде мекен пысықтауыш. Бұл, — контексте қолданылу ерекшелігінің салдары. Жалпы жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатындар орын-мекендік, кеңістіктік мән бере алмайтын, кімге? неге? дейтін сұрақтарға жауап болатын сөздер ғана.
Шығыс септікті жанама толықтауышты, көбінесе, меңгеретіндер қорқу, үрку, қаймығу, жалтару тәрізді кісінің күйін, сезімін білдіре-тін етістіктер, кеңістік мәнге байланысты қолданылатын айығу, ары-лу, тазару тәрізді етістіктер және алу, шығу, қайту тәрізді етістік сөздер. Осы етістіктермен бір тіркесте айтылған есімдер ғана, көбінесе, шығыс септікте тұрып жанама толықтауыш болады. Кейде меңгеруші сөз қызметінде жақсы, артық, кем, кіші, үлкен тәрізді сын есімдер де жұмсалады. Меңгеруші етістіктер (баяндауыш қызметіндегі) салт та, сабақты да болуы мүмкін. Сабақты етістік баяндауыш қызметінде жұмсалса, шығыс септікті жанама толықтауышқа қоса тура толықтауыш айтылуы да мүмкін. Сөйтіп, кейбір сабақты етістіктер табыс пен шығыс септіктерінде қатар меңгереді. Әр қилы мағыналык, мәнерлер туғызады. Жанама толықтауыштың басқа түрлеріне қарағанда бұлардың қолданылу аясы да кең.
Себеп-салдарды білдіреді: Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды... К е у і п қалғандықтан жаңа бүріліп келе жатқан жара сияқтанып т і л і м-т і л і м болған еріндерін ішіне қарай жымқырып, жалай жұтынып қояды (Мүсірепов).
Заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді: Өнер-білім бар жұрт-тар т а с т а н сарай салғызды (Алтынсарин). Т а с т а н жер-ошақ жасап, шай қайнаттым (Мұстафин).
Кісінің, заттың, құбылыстың салыстырмалы ерекшелігін, белгісін білдіреді: Е ш т е н кеш жақсы. Сақалын сатқан к ә р і д е н еңбегін сатқан бала артық. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді (Әуезов).
Іс-қимылдың шығар арнасы болған объектіні білдіреді: Б а р оңештен бірдей оқ боратып, бізді жау атып жатыр (Мүсірепов). Он шақты тал қысқа шаш маңдайынан төмен түсіп, кірпігіне тірелген, оны да байқар емес (Әлімқұлов). С а б а д а н қымыз құй-дырып, ортасына қойдырып (Абай).
Іс-қимылдың өзгеруінің белгісін білдіреді: Ешнәрсе демесе де, Жолдасымның о с ы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды (Мүсірепов). Европада және дүние жүзілік көлемде өз билігін,
70




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет