Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет45/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Себеп пысықтауыш. Пысықтауыштардың енді бір тобы — іс-қимылдың болу себебін, не сол қимыл-әрекеттің болу-болмауына турткі болған жағдайды, белгіні білдіреді. Мұндай пысықтауыштар қимыл-әрекеттің болу-болмауына қатысты себеппен қатар, іс-әрекеттің нәти-
94

жесінен, салдарынан болған ерекшеліктерді де білдіруі мүмкін. Мы-салы: Ол қысылғаннан қызарып кетті, Ол аурулы себепті жиналыс-қа қатыса алмады. Егер алдыңғы сөйлем құрамындағы цысылғаннан дегең сөзді цызарып кетті баяндауышының себебі деп танысақ, соңғы сөйлемдегі аурулық себепті тіркесі әрі қатыса алмады дейтін баяндауыштың себебі есебінде, әрі оған дейінгі басқа бір күй-қалып, процестің салдары болып ұғынылады. Сөйтіп, кейде себептік мән мезт салдарлық мән бір-бірімен астасып жатады. Себептік мән туғызатын үстеулер қазақ тілінде көп емес. Сөйлем құрамында себеп пысықтауыш болып, себептік мән туғызатын үстеулер мыналар: босқа, құр босқа, бостан бос, амалсыздан, лажсыздан, амал жоқтықтан, шарасыздан, әншейін, құр әншейін, жәй, жәйдан жәй.


Талайының үйіне жаңағы сөзді амалсыздан қосып хат та жаздым (Мүсірепов).
Себептік мәнде жиі қолданылатындар -дық тұлғалы қимыл есім-дерінің шығыс септік тұлғасы. Осы күйлерді сезгендіктеи Абай әдейі үндемей кетті (Әуезов). Балға солай дәніккендіктен Қайыркенің «араның ұясын таптым» деген сөзіне иландым да, соңына ердім (Мұқанов).
-ған тұлғалы есімшелер де шығыс септікте тұрып себеп пысық-тауыш қызметін атқарады. Председателъ қысылғаннан абдырай қалды да, жөнді жауап қата алмады (газеттен).
-ған есімшелері соң, үшін, себепті көмекші сөздерімен тіркесіп келгенде де себеп пысықтауыштық қызмет атқарады. Әке-шешем кешке дейін тосады да, келмеген с о ң әкем өрген жагына жаяу іздеп кетеді (Мұқанов). Мұғалім сабақ б і л м е г е н і ү ш і н бала-ға қатты ұрысты.
Себеп пысықтауыш қызметінде шығыс жалғаулы көңілшектік, жеңілтектік, жалқаулық, кедейлік, байлық тәрізді абстракт зат есім-дер де жұмсалады. Кедейлігінен бе, дәуірлері жүріп түрған кезінде тізелерін батырғандықтан ба, бүл елде төре атаулыдан жексұрын кісі жоқ (Мұқанов). Кедейліктен қол қысқа, шырағым, деді шаруа (Ертегілер).
Кейде көсемшелер де өз айналасындағы сөздермен бірге себеп пысықтауыш қызметін атқарады. Бірақ осылай деп қыздың бағын байлап отырғаны болмаса, қалың малын да түгендемей, ұрын да келе алмай, өз әйелінен аса да алмай шырмалып жүр екен (Әуезов). Әрине, көсемшелермен келген осындай тіркестерді кейде амал пысықтауыш деп талдауға да болатын тәрізді. Бірақ, соларды баяндауыш мәнімен салғастырып, сонымен байланыста қараса, баяндауышта айтылған іс-әрекеттің себебі екендігін байқауға болады. Солай екендігі оны синтаксистік синонимімен салыстырғанда бірден көзге түседі. Жоғарғы сөйлемдердегі көсемшелі тіркесті әйелінен аса алмағандықтан шырмалып жүр екен деп айтатын болса, себептік мәні айқындалар еді.

Мөлшер пысықтауыш


Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдың мезгілдік созылу, көлемдік таралу мөлшерін, немесе істің қайталану дәрежесін, істі істеуге объектілердің қатыс дәрежесін білдіреді.


Мөлшер пысықтауыш қызметінде үзақ, қысқа сын есімдері мен көп, аз модаль сөздері, тегіс, жаппай, онша, сонша, бірен-саран, он-дай, екеулеп, аз-аздан, азғантай, азды-көпті, едәуір, бастан-аяқ, талай, бірталай, түгел, бірқыдыру, біртіндеп тәрізді сан-мөлшерлік мәндегі үстеулер, сан есімдер және сан есімдер мен зат есімдер тіркесі, т. б.
95

жұмсалады. Ұмытып барады екем: шайды мен шешеме еріп недәуір іштім ...Әрқайсысына жүздеп жылқы, мыңдап қой б-теді (Мұқанов). Біздің өзбек халқы ө м і р б о й ы су ішінде жүреді (Мүсірепов). Ол туралы Дәркембай қысқа айтты (Әуезов).
Мөлшер пысықтауыш етістік баяндауышты пысықтап, соның сан-мөлшерлік дәрежесін білдіреді. Мән-мағынасы жағынан ол анық-тауыштың кейбір топтарына ұқсас. Мөлшер пысықтауыш қызметін-дегі кейбір сөздерді есімнен болған мүшеге қатыстырып айтса, олар анықтауыш та болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемдегі қысқа сөзін есіммен тіркестіріп, қысқа жіп ыңғайында қолданса, ол анықтауыш болар еді. Сөйтіп, мөлшер пысықтауыштың жасалуы етістік баян-дауышқа қатысты болып, соған бағыныштылық қатынаста айтылуына байланысты болып отырады.
Мөлшер пысықтауыштар мағыналық жағынан үш түрлі топқа ойысады. Бір тобы — іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, қанша уақыт болғанын білдіреді де, екінші бір тобы — іс-әрекеттің көлемдік, ме-кендік таралу, жайылу дәрежесін білдіреді. Мөлшер пысыңтауыш-тардың үшінші бір тобы — баяндауыштың мәнін таза сан-мөлшер жағынан пысықтай айқындайды.
Іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, мерзімдік жайылуын білдіретін мөлшер пысықтауыш қызметінде ұзақ, қысқа, аз, көп сөздері мен едәуір, тез, бірталай, сонша, қанша, лезде үстеулері жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет