Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет43/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

К ү н к е н і ң ауылына барып, екі қоржын басы кітап әкелді (Әуезов).
Барыс жалғаулы есімдер істің, қимылдың бағытталған не тірелер мекенін білдіреді де, жатыс жалғаулы есімдер іс-қимыл болған мекенорынды көрсетеді. Ал, шығыс жалғаулы сөздер іс-қимыл басталған кезін, мекенін білдіреді. Сөйтіп, септік жалғауларының ауысуымеи бірге мекен пысықтауыштардың мән-мәнері де өзгеше больш отырады.
Осымен байланысты еске салатын бір жәй — мекен пысықтауыш болатын сөздердің лексикалық мағынасы. Кез келген сөз барыс, шы-ғыс, жатыс, көмектес септіктерінде тұрып мекен пысықтауыштық; мәнге ие бола алмайды. Мекен — көлемдік мәні жоқ сөздер аталған септік жалғауларында келіп тек қана жанама толықтауыш болатын-дығы бұдан бұрын әңгімеленген. Ал, осы жалғауларда тұрып мекен пысықтауыш болатындар жер-су аттары, қалайда болса мекендік мәні бар, біршама үлкен аумақ-көлемді білдіретін сөздер ғана. Дегенмен, қазақ тілінде кейбір сөздердің әрі толықтауыштық, әрі пысықтауыштық мәнде жұмсалуы кездесіп отырады. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде болсын, көркем әдебиетте болсын ол жыл-қыда істейді, ол малға кетті (ол жылқы фермасында істейді, ол мал қыстайтын жерге кетті деудің орнына) тәрізді қолданыстар кездесе береді. Мұндағы жылқыда, малға сөздерін қалайда мекен пысықтауыш деп тануға тура келеді. Бірақ осылар немесе осыған ұқсас сөздер бар уақытта, мекен пысықтауыштық мән береді деп қағида шығаруға негіз бола алмайды. Дұрысында, мұндай сөздер жанама толықтауыштык, мән береді. Тек кейбір реттерде ғана синтаксистік қоршауға байланысты меңгеруші сөздің әсерімен іс бағытталған пунктті, не істің болатын мекенін білдіріп, мекен пысықтауыштық қызмет атқарады.
Мекен пысықтауыш қызметінде қарай, таман демеулерімен және алды, қасы, басы, жаны, түбі, маңы, бойы, арасы тәрізді көмекші есімдермен келген түйдекті тіркестер де жұмсалады. Көмекші есім-дермен және демеулермен келген тіркестер басқа сөздерге қарағанда мекен-орынды біршама анығырақ, дәлірек көрсетеді. Бұл ерекшелік, әрине, демеулер мен көмекші есімдердің грамматикалық қасиетінен туып жатады, мыс.: Түнге қарай жауынгерлерімді көпірдің алдына қойсам, күндіз ж о л б о й ы н өрлей, әр с а й д ы ң қ а б а ғ ы н а қоям (Мүсірепов). Қалың топ бата оқыршы шанқай түс кезінде сансыз көп салт атты боп күнбатыстағы Жәнібекке қ а р а й тартты... Салиқа қыз... осы Балқыбек б а с ы н д а болатын (Әуезов). К ө з а л д ы м а тұмсығын қарға тығып өлген су тышқандай бүкшиіп жатқан манағы жау капитаны келеді... Бірақ М ос к в а түбінен жау армиялары оқыс шегінгенде, мрамор біздің қолға түсіп қалыпты (Мүсірепов). Мұндай қызметте қолданылатын түйдекті тіркестердің бірінші компоненті болып жер-су аттары, мекен-көлемдік мән бере алатын басқа сөздер жұмсалады. Егер бірінші компонент қызметінде басқа мағыналық топқа жататын сөздер қолданылса, онда мұндай тіркестер мекен пысықтауыш та бола алмас еді.
Көмекші есімді түйдекті тіркестер бұл қызметте шығыс, жатыс, барыс, көмектес септіктерде тұрып жұмсалады. Басқа септік жалғау-ларында мекендік мән бере алмайды. Мыс.: — Гитлер енді М о с к- в а маңын көре алмайды, бұл анық, дейді тағы да Ревякиннің даусы (Мүсірепов). Осы сөйлемдегі Москва маңын тіркесі табыс септікте келіп, тура толықтауыштык, мәнге ие болған.
Сонымен, көмекші сөзді түйдекті тіркестердің мекен пысықтауыш болуы олардың бірінші компоненті қызметіндегі негізгі сөздердің лексикалық мағынасына және көмекші сөздің грамматикалық тұлға-сына байланысты болып отырады.


Амал пысықтауыш

Пысықтауыштың бұл түрі істің, қимыл-әрекеттің сапасы мен бел-тісін, сынын және істің, қимылдың істелу тәсілін, амалын білдіреді. Мағыналық жағынан бұларды екі топқа істің сын-сапасын және белгісін білдіретін пысықтауыштар және істің істелу тәсілі мен амалын білдіретін пысықтауыштар деп бөліп қарастыру мақұл. Бұл екі топта жұмсалатын сөздердің характерлері де осыны қажет етеді.


Сын-сапаны, белгіні білдіретін пысықтауыштар қызметінде жұм-салатын сөздер, әрине, үстеулер. Олар: едәуір, оншама, шапшаң, әлінше, пәрменінше, біржолата, тікелей, іле-шала, әрең-әрең, дереу, жедел, жатпай-тұрмай, ашықтан-ашық, т. б. Мысалдар: Жақын
91




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет