Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет64/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Өзі үлкен қызметкер, қиналған жерінің сиқын! Неге қоямын, мүләйімсуін! (Нұрманов).
Сонымен бірге объектілік атаулы сөйлемнің номинативтік атаулы сөйлемнен ерекшелейтін қызметі бар. Ол — аса қатты жиіркеніш, менсінбеу, өкініш сияңты эмоцияны білдіру. Осы эмоциялық мазмұи объектілік атаулы сөйлемдердің жұмсалуына әсер етеді. Диалог үс-тінде атаулы сөйлем жақтық мағынаға сай өзгермей, барлық жағ-дайда тек Ш-жақта жұмсала беретіні жиі ұшырайды. Тіпа, адыра қал! Адам болып сөйлеуін!
Бұл жағынан объектілік атаулы сөйлем кейде репликаға жақын келетіні болады.
Объектілік атаулы сөйлемдер де... есім сөзден құралған атаулы сөйлемге теңесу процесінің әрекетінен пайда болған. Тілімізде эмо-цияны білдіруге бейімделген мына типтегі сөйлем бар: Күлгір дұш-панның сөзін қарашы! Бұл сөйлемдерде қарашы бастапқы конкретті мағынасын солғындатып, негізінен эмоцияны білдірудің амалы бо-лып қалған. Кейін тілде атаулы сөйлемге теңелу процесі пайда бол-ғанда, қарашы түсіп қалып, сөйлем атаулы форма алды. Бірақ тілі-мізде қарашы қатысып, тұрлаулы мүшелер негізінде құралған сөй-лемдер әлі де қатар жұмсалып жүр. Осы генезис объектілік атаулы
125

сөйлемнің тілден номинативтік сөйлемдермен қатар орын алуына


себеп болды.

Баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан


лепті сөйлем

Тұрлаулы мүшелер негіз болып құралатын лепті сөйлемдер баян- дауышының құрамы жағынан сұраулы сөйлемдер тәріздес. Бұл сөй- лемдердің баяндауыштары, негізінен, мына формада келеді.


1. Лепті сөйлем құрамында ең көп жұмсалатын -ғаны. бар ма формалы баяндауыш. Бұл баяндауыш өткен шақ есімше бар сөзімен предикативтік қатынаста тұрып, үстіне ма шылауын қосып жасалған
Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма! (Момышұлы).
2. -месі бар ма формалы баяндауыш мүше де лепті сөйлем құрауға қатысады.
Шөптібай жетіп к е л м е с і б а р ма! (Нұрманов).
Бұл формада предикативтік қатынастағы тіркес -масы, бар, -месі, бар -ға шылау ма қосылып құралған. Предикативтік қатынастағы тіркестің бірінші компонентінің морфологиялық құрамы мынандай; -ма (етістіктен есім жасайтын жұрнақ), -сы (тәуелдік жалғау). Өзі тәріздес предикативтік тіркестерден (-ғысы бар, -ғаным бар) өзгешелігі — бұл форма тек ма шылауын қосып жұмсалып, лепті сөйлем құрамында ғана ұшырайды.
3. Келер шақ есімше (болымды түрі) ма, ме шылауын қосып (-ар ма)лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Даусы мұнша з о р б о л а р ма! Аңқау басым әлгі машинесінің артын міне қоярмын ба! (Нұрманов).
-ар, -ер формалы есімше сөздер ренішті, таңдануды білдіретін лепті сөйлемдердің баяндауышын жасауға қатысқанда, өздерінің келер шақтық мағынасын жоғалтып, өткен шақта болған істі білдіреді. Оны ілгергі мысалдардан байқауға болады.
4. Келер шақ есімшенің болымсыз түрі па, пе шылауын (мас па) қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Бұл формадағы баяндауыш қатысқан лепті сөйлем өкінішпен айтылған арманды білдіреді.
Бәкеннің нашарлығы ғой, болмаса қақаңдатып қойғанша осы қатынды тіліп-тіліп салмас па! Әкім болған соң кәрленген күйімен жүрмес пе! (Майлин). Не амал болсын, білсе айтпас па?
Бұл баяндауыш жақсыз лепті сөйлем құруға көп қатысады.
5. Бұйрық рай етістігінің болымсыз түрі ба, бе шылауларын қа- тыстырып (-масын ба, -майын ба) лепті сөйлемнің баяндаушы ретінде жұмсалады.
Жантаев қызуланып Есіркептерді өз қолынан атпақ болып, нага- нын суырып а л м а с ы н ба! Сол Тұрсын... үйіне айлап ақы алатынды шығармасын ба! Қасқырдан бөлтірік т у м а с ы н ба! (Майлин).
Соңғы мысал лепті сөйлемге тән баяндауыштың генезисін жақсы танытады. Алдыңғы мысалдар лепті сөйлем баяндауышының форма- сының бастапқы төркінінен қаншалықты қашықтап, алшақтағанын байқатады.
6. Шартты рай формасындағы етістік сөз ма, ме шылауын қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде қызмет етеді.
Сенің түбіңе жетпесем бе! Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба!
-сам ба формалы баяндауыш қатысқан лепті сөйлемді сөйлеуші өзінің мақсатын орындауға бел байлағанын эмоциямен білдіру үшін жұмсайды.
126

7. Келер шақ есімше сөз шылау ма, ме, көмекші етістік еді-мен бірігіп (-ар ма едім) 13 лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Осындай суықта бір ыстық б о л а р м а еді.


Үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлем


Кейде сөйлемде бір мүше сұраулык; шылаудың көмегімен үстеме-леніп айтылады. Мысалы: сен бе, сен оңбайсың! Былай үстемелеу ой екпіні түсетін мүшені даралау, әрі эмоцияның соған қатысты екенін білдіру үшін пайдаланылады. Сондықтан да үстемелеуді лепті сөй-лем құраудың бір амалы деп білуіміз керек.


Сөйлемдерге тек екі мүше үстемеленіп айтылады. Ол — бастау-ыш пен толықтауыш.
Ол ма, ол, неден болса да құтылып шығады. Сені ме, сені мен қайтсем де оқытам!
Шылау ма, ме үстемелеу, екпін түсіру амалы ретінде -масам ба формасына қатысқанын біз ілгеріде көргенбіз І4. Шылаудың бұл қыз-меті, біздің ойымызша, айқындағыш сұрақ негізінде қалыптасты. Айқындағыш сұрақ формасының екпін түсіру үшін пайдаланылуы арқылы шылау жаңа қызметте жұмсалатын болды. ІПылаудың бұл қызметі дараланып, ерекшеленіп, ма, ме кейін реплика-сөйлем құрауға қатысатын болды. Шылау ма, ме-ге тән бұл қызметтің одан әрі дамуы оның Келдің бе, іске кіріс деген сияқты сөйлемге қатысуынан байқалады.
Байқап отырсыздар, лепті сөйлем құрайтын баяндауышта, көбіне, форма жағынан сұраулы сөйлем жасайтын синтаксистік формаларға ұқсас. Бұл ұқсастық лепті сөйлем баяндауыштарының генезисін байқатады. Бұлар бір форма емес. Синтаксистік қызмет, ситуация оларды грамматикалық омоним ретінде саралап қалыптастырды.
Лепті сөйлем құрау үшін қызмет ететін баяндауыштардың фор-масы, негізінен, риторикалық сұрақтардың эволюциясына сүйеніп, содан дамып қалыптасты. Баяндауыштардың -ғаны бар ма, -ар ма, -мас па, -масын ба деген формалары осылай шыққан. Бұл форма-лардың бөлек, сұраулы сөйлем формаларынан дербес екенін қосымша дәлелдейтін бір жай бар. Ол — лепті сөйлем баяндауыш-тарының өз бетімен аналогия беріп, сұраулы сөйлемде кездеспейтін форма құрайы. -масы бар ма — сұраулы сөйлемдерде кездеспейді. Бұл форма лепті сөйлемдердің өз аясында -ғаны бар ма-ға. аналогия ретінде шықты.
Бірқатар формалар шылау ма, ме екпін түсіруші амал ретінде қатысып қалыптасқанын біз ілгеріде айттық.


Реплика ретіндегі лепті сөйлем

Бірқатар лепті сөйлемдер конкретті хабар айтпай, сөйлеушінің реакциясын білдіру үшін қызмет етеді. Сөйлеушінің реакциясын ту-дыратын екінші жақтың сөзі, әрекеті.


Мысалы: 1. — Сен оған бүгін жолығасың ба?
Жолықпай н е м е н е!
2. Сен топты жұрттың үстіне осы түріңмен барасың ба?
Бармағанда ше!
Бұл тәрізді сөйлемдерді реплика ретіндегі лепті сөйлемдер дейміз. Репликалардың тек мағына жағынан ғана емес, структура жағынан да ерекшелігі бар. Көпшілік репликалардың құрамындағы сөздер


13 Қазіргі қазақ тілі, 1954, 373-бет.
14 Еңбектің.. 126 бетін қараңыз.
127

бастапқы өз ара синтаксистік қатынасын әлсіретіп, тұтас репликаға тән элемент ретінде ғана қатысады. Бұл жағынан репликалар фразео- логиялық тіркестерге жуық. Мысалы, десе дегендей, несі бар, ол ол- ма деген репликалардың құрамындағы сөздер бастапқы мағынасын, бастапқы синтаксистік қатынасын танытпайды. Бастапқы мағына-сын жоғалтып, бұлар құрамын бөлшектеуге келмейтін тұтас бір синтаксистік тұлға ретінде жаңа мағынаға ие болған.


Қорытып айтқанда, реплика-сөйлемдер сөздердің өз ара синтак- систік байланысына сүйеніп құралмайды. Олар белгілі функцияға бейімделген тұтас синтаксистік қалып ретінде ұйымдасқан. Бұл қа- лыптың кейбірі диалогтік мазмұнына сай жеке лексикалық элемент- терін құбылта алады, кейбірі ылғи бір ғана лексикалық құрамда ке- леді (десе дегендей). Осынысына орай реплика-сөйлемдерді екі топқа бөлуге болады.
1. Қалыпты реплика-сөйлемдер: десе дегендей, несі бар, т. б.
2. Босаң қалылты реплика-сөйлемдер: келмегенде ше, не сұрай-тыны бар, айтпай немене т. б.
Реплика-сөйлемдер — ауызекі сөйлеу тіліне тән синтаксистік құ- былыс. Ол диалог үстінде жұмсалады. Жұмсалуы сөйлеушінің өз реакциясын эмоциямен білдіру максатына байланыста болғандықтан реплика-сөйлемдер ылғи леппен айтылады.
Реплика сөйлемдерді мағынасына қарай мынандай топқа бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет