Осыдан келерсің үйге, с е н і м е сені! О с ы н ы м а, осыны! Сенд-ерді ме!
Сонымен, реплика-сөйдемдер сөйлемдердің функциялық бейімде-луі негізінде пайда болған. Бұл олардың структуралық қалпыңа әсер етті. Соның өзінде реплика-сөйлемдер құралу қалпы жағынан бірдей емес. Бір топ репликалар тек бір лексикалық құрамда ғана жұмсала-ды, ал, кейбір реплика-сөйлемдер жеке элементін өзгертіп, құбылып жұмсалады. Осы сипатына орай реплика-сөйлемдерді екі топқа бөл-дік. Реплика-сөйлемдер диалог үстінде дара да жұмсалады. Кейде олар толық мағыналы сөйлемнің құрамына қыстырылып та жұмсала береді. Оны ілгеріде келтірілген мысалдардан байқауға болады. Мұндайда ол бүкіл сөйлемге леп түсіреді.
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы мен мағынасы жағынан жай сөйлемнің бірде-бір түріне ұқсамайды: а) атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, басқаша айтқанда, оған үйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп тап басып айтуға келмейді. Негізінде зат есімнен болып, атау септік-те тұруы жағынан ғана оны бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деп жалпы жорамал жасалынып жүр, бірақ оны сыртқы ұқсастығына қарап айтқанымыз болмаса, бастауышпен тепе-тең дәрежедегі мүше деп есептеуге келмейді; ә) атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құ-былысты, болмысты атап қана көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті болмайды. Солай бола тұрса да, атаулы сөйлемде интонация, оқиғаның, құбылыстың шындық өмірге, шаққа қатыстығы сияқты сөйлемге тән айрықша белгілері болады. Атаулы сөйлем, негізінде, хабарлау интонациясымен, кейде лептік интонациямен айтылады. Бірақ интонацияның қай түрімен айтылсада, атаулы сөйлемдегі интонационалық рең тұрлаулы мүшелері бар басқа сөйлемдердің хабарлы не лептік интонациясы-на сәйкес келмейді, дауыс ырғағында қандай да бір өзгешелік сезіліп тұрады. Мысалы: Дала. Егін д а л а с ы. Егін даласы рақат құшағында (Әбішев). Алғашқы екі сөйлемнің айтылу әуені соңғы сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезіледі. Дала деген атаулы сөйлем қалпындағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш қызметін атқарып тұрғандағысымен немесе диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде өзгешелік байқалады: баяндауыш қызметін атқарғанда (Бұл — дала.; — Мынау не? — Дала.), дала сөзі дауыс қарқынының бәсеңдеуі жағдайында айтылып, тиянақты интонацияға ауысады; бастауыш қызметін атқарғанда (Дала — мидай жазық.), көтеріңкі әуенмен ай-тылып, интонация жағынан тиянақсыз болады; қаратпа сөз ретінде; келгенде де (Тыңда, дала, Жамбылды!), ол жалпы қаратпа сөзге ла-йық әуенмен айтылады. Дала сөзінің атаулы сөйлем болып тұрғанда-ғы әуені баяндауыш қызметіндегі әуенінен гөрі сәл көтеріңкі болады да, жеке сөздің өзін айтқандағы әуенге жуықтайды. Атаулы сөйлем-нің интонациялық ерекшелігін эксперимент жолымен зерттеу арқылы ғана толық сипаттауға болады.
Кез келген сөзді не сөз тіркесін атай берсек, өздігінен атаулы сөйлем бола қалмайды. Атаулы сөйлем болу үшін ол сөздің не сөз тіркесінің әңгімеленбекші болып отырған оқиғаға, шындық болмыс-қа катысы болу керек. Мысалы. Түн. Бұлт а с т ы н д а қ а л қ ы- ғ а н а й. Жай басып Төлеп келеді (Ерубаев).. Т о ғ а й. Е г і н.. Ш а л -ғ ы, н. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде
130
жоны ғана көрінеді (Мұстафин). Бұл мысалда түн, тоғай, егін, шалғын дегендер тіліміздегі басқа сөздер сияқты лексикалық мағына, ұғымды білдіретін атау ғана болып тұрған жоқ, сол ұғым, лексикалық мағыналарының қазіргі кезде сөз болып отырған оқиғаны суреттеуге тікелей қатысы болып отыр. Түн деген атаулы сөйлемді айтқанда, көз алдымызға түннің бейнесі елестеп, бұдан былайғы сөйлемде оқиғаның сол түн ішінде болғаны не болатыны жайында айтылатындығын алдын-ала сезетіндей, сондай жайды күткендей қалыпта боламыз. Демек, атаулы сөйлем оқиғаны, құбылысты жай ғана атай салмайды, белгілі бір мақсатқа байланысты атайды және оның мағынасы өзінен кейін тұрған сөйлемдердің мағынасымен сабақтас болады. Тоғай, егін, шалғын деген сөздерді жай атағанда, біз олардың зат атаулары екендігін ғана білетін болсақ, ол сөздерді атаулы сөйлем қалпында атағанда, олардың бүкіл заттық бейнесі көз алдымызға елестеумен бірге, соған байланысты басқа бір оқиғаның баяндалатындығын күні бұрын хабарлап та тұрады. Ендеше, жеке сөз не сөз тіркесі атаулы сөйлем болуы үшін, біріншіден, олардың оқиғаға қатысы болу керек, екіншіден, өзінен кейін тұрған атаулы емес сөйлеммен сабақтас болуы керек, ол сөйлем атаулы сөйлемде атап қана көрсетілген оқиғаның нақты өзін баяндайды, мазмұнын ашады, атаулы сөй-лемнің не себепті қолданылып тұрған мақсатын көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда, мекеменің маңдайшасына жазылған атаулар, газет-журнал, кітап аттары атаулы сөйлем бола алмайды, өйткені бұларда хабарлау мақсаты көзделмейді, оқиғаға қатысты жағдай көрсетілмейді.
Атаулы сөйлем — кәбінесе көркем шығармада оқиғаны, құбы-лысты суреттеу, сипаттау мақсаты қойылғанда, қатысатын, сол үшін қызмет атқаратын жай сөйлемнің ерекше түрі. Бұл жағынан атаулы сөйлемнің тілде қолданылу аясы тар. Бірақ оқиғаны ықшамды, тар-тымды етіп беруде мұның ерекше маңызы бар. Атаулы сөйлем жазба әдебиеттің, соның ішінде проза, драматургия жанрларының өркендеуімен байланысты қалыптасқан жай сөйлемнің типтік түрі. Драмалық шығармалардағы авторлық ремарка, көбінесе, атаулы сөйлем арқылы беріледі. Хаттың сыртына жазылған адрес те белгілі дәрежеде атаулы сөйлем бола алады.
Атаулы сөйлемнің шаққа қатынасы. Жай сөйлемдердің басқа түрлері сияқты, атаулы сөйлемде де шақ болады: ол осы шақтағы құбылыс, болмысты білдіреді. Мұндағы шақтық мағына да арнаулы шақтық көрсеткіш арқылы берілмей, сол сөйлемнің өзінен аңғары-латын синтаксистік шақ арқылы беріледі. А в г у с т айы. Е с і л ө з е н і н і ң б о й ы. Жайдақ өткелдің жағасында қалың талға ғана қонған ауыл. Кешке жақын алты қанат үйдің ішінде екі адам әңгімелесіп отыр (Талжанов).
Атаулы сөйлем құрылысы, құрамы жағынан жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді, мыс.: Кеш. Ел орынға отырып, үйлерге шам жағылды (Жансүгіров). 9-май. Таң мезгілі. Жараланған солдаттардың арасында отырмын (Лекеров). Әдемі, бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп, аспанның батыс жагы сары қызыл тартты (Жансүгіров). Бұл мысалдардағы кеш, 9 жай, таң мезгілі дегендер — жалаң атаулы сөйлемдер де, әдемі, бір қоңыр кеш деген құрамында анықтауышы бар (әдемі, бір қоңыр) жайылма атаулы сөйлем.
Құрылысы жағынан тұрлаулы мүшеге талданбайтын, мағынасы жағынан оқиғаны, құбылысты, болмысты тек атап қана көрсетіп, ол туралы баяндамайтын, өзіне тән айырым интонациясы бар жай сөй- лемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
131
Атаулы сөйлемнің жасалуы. Атаулы сөйлемнің жасалуын сөз еткенде, алдымен, оған үйытқы, тірек болатын сөздің қай сөз табынан болатындығын қарастырамыз.
1. Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз — негізінде зат есім. Ол әрқашан атау септік формасында айтылады. Алайда кез кел- ген зат есім атаулы сөйлем жасауға қатыса бермейді (мысалы, кісі аттары, дерексіз зат атаулары т. б.), көбінесе мекен, мезгіл, табиғат болмысы, нәрсе, бұйым атауларын білдіретін зат есімдер атаулы сөйлем жасауға арқау болады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |