Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын с е н жемек пе едің? (Абай).
Шіркін қарақат тәтті де, сүлу да жеміс-ау! Жібек шалғынды, жыныс тоғайлы табиғаттың бұл байлығына көзің тойған кезде, оның иесін і з д е й с і ң. Ол, әрине Есіл! С е н Есілді іздейсін де, көпке шейін ұ ш ы р а т а а л м а й с ы ң.
Есіл жағасының қаттылығын с е н суына сүңгігенде ғана к ө- р е с і ң. Моп-момын, тұп-тұнық сияқтанып, оның суы тізеңнен аспай-ақ сені қабықтай қалқытып ала жөнеледі. С е н м а л т ы м п а з болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің (Мұқанов).
Баяндауышы етістіктің жекеше 3-жағында тұратын белгісіз жақты сөйлем
Белгісіз жақты сөйлемнің баяндауышы жекеше 3-жақта (жалғаулы, жалғаусыз) тұрады, бірақ іс-әрекет нақты үшінші жақты көрсетпей, белгісіз біреулердің іс-әрекеті екені білінеді. Сондықтан сөйлемнің бастауышы болмайды. Мұндай сөйлемдер қара сөзде де, мақал, мәтелде де ұшыраса береді.
Тәуке-ау, мойынды тігінен қаламайды ғ о й (Мұстафин). Елде мінетін арба жоқ. Бәрін т ы ғ ы п қ о й с а к е р е к (Сейфуллин). Ырыс алды — тірлік дейді, ол қай тірлік... Көкірегі, көңілі тірі болса, с о н ы а й т а д ы (Абай)... бұрын біздерді у к о м щ и к - т е р д е у ш і е д і, ал қазірде райкомщиктер д е с е д і (Фадеев). Беліне шом салып, екі өркешінің арасын жоталап б и і к т е т і п т і д е, соның үстінен бастыра бір ашамайды орнатып, мықтап шандып, т а ң ы п т а с т а п т ы. Әріден келе жатқан д е с е д і- а у, балам, мұның түбін (Әуезов). Кедейдің баласын алмайды десіп жүр ғой? (Сәрсенбаев).
Баяндауышы -а р\\-е р, -р тұлгалы күрделі етістікке -м а шылауы мен -е көмекші етістігінің жекеше 3-жақта тіркесіп келуі арқылы белгісіз жақты сөйлем жасалады. Мұндай сөйлемдердің жақтық мәні 1-жаққа тән болады, бірақ сөйлемнің баяндауышы 3-жақпен айтылады.
Белгісіз жақты сөйлемнің бұл түрінің де мағынасы контекске ба-ғынышты келеді. Стильдік маңызы да зор болады. Әдетте, баяндау-ыш үшінші жақта тұруы айтушының әдейі белгісіз жақта айту мақ-сатымен байланысты болады. Егер конкретті 1, 2-жақтарда айтылса, жақ белгілі болады да, сөйлемнің бастауышын қойып айтуға мүмкіндік туады. Жалпы белгісіз жақты сөйлемдердің стильдік ерекшелігі, баяндауыштарының әдейі 2-не 3-жақтарға қойылып айтылуында. Егер оларды айтушы конкретті 1 не, 2 не 3-жақтардың біріне арнаи айтса, сөйлем белгілі жақты сөйлем болып шыға келеді де, бастауышы да табыла кетеді. Темекі тартып алар ма еді деген сөйлемде мазмұны осы тұрған күйінде 1-жақтың өз атынан-ақ айтылып отыр. Бірақ айтушының әдейі 3-жақты қолдануымен байланысты сөйлемнің айқын бастауышы бола алмай, белгісіз жақта айтылады. Бұл мазмұн контекске байланысты, стильдік ұғыммен байланысты айқындалып отырады.
Әттең, осы туралы жұрт көп оқитын роман, хикая, әңгімелер ж а з а р ма е д і! (Көбеев). Менің теріме сені қ а п т а п қояр ма е д і (Шолохов). Сол дәрияға сүңгіп кетіп, тереңде жатқан асыл-дарын алып ш ы ғ а р мА е д і, иектеп еркін жүзер ме е д і! — деп қызығатын (Мұстафин).
340
Баяндауыш көрсеткен қимыл бұйрық райдың 3-жағында тұрып та, белгісіз жақтың ңимылын білдіреді. Бірақ іс-қимыл нақты 3-жаққа арналмағандықтан, бұйрық мәні жойылып, белгісіз жақтың іс-әре-кетін көрсетеді.
Қазанғап наборға кетіп, Қасқырбайдың басы жарылғаннан бергі күнімізді и т к е б е р с і н (Сәрсенбаев). Жалғыз-ақ, өзгені берсе де, әкеңнің қ а т т ы л ы ғ ы н бермесін (Әуезов). Патша заманын-да езілген халықтың күнін итке берсін.
Жақсыз сөйлем
Бір тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнің енді бір түрі жақсыз сөйлем-дер болады. Жақсыз сөйлемде айтылатын ой тұрлаулы мүшенің тек біреуі арқылы ғана, яғни баяндауыш арқылы ғана қалыптасып, жа-рыққа шығады. Ал, сөйлемдегі баяндауыш көрсеткен іс-қимылдың субъектісі бастауыш арқылы берілмейді. Сондықтан жақсыз сөйлемде атау тұлғасында тұрып кім, не сұрағына жауап беретін бастауыш болмайды және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға да мүмкін емес. Мұның себебі баяндауыштың бастауышпен қиыса байланысу қабілеті болмай құрылуында. Баяндауыш тұлғасы әрқашан жекеше 3-жақта ғана тұрады.
Жақсыз сөйлемдер түрлі модальдық қатынастарды білдіре алады. Әр түрлі модальдық қатынастарды, мәндерді білдіруі жақсыз сөйлемдердің баяндауыш құрылысының формаларына байланысты туып, өзгеріп, құбылып отырады. Сөйлемнің модальдық қатынаста-рын түрлендіріп көрсетуде жақсыз сөйлемдер ролі күшті болатын-дығын кейбір тюркологтардың мұны «Модальды жақсыз сөйлем-дер» деп атауынан көруге болады (А. Н. Кононов. Грамматика современного узбекского литературного языка. М.-Л., 1960, стр. 401). Жақсыз сөйлемдер құрылысына қарай жалаң да, жайылма да болып келе береді.
Жақсыз сөйлемдер бастауышы болмай, бір тұрлаулы мүшеден, баяндауыштан ғана құралатындықтан, оның түрлері баяндауыш құ-рылысына қарай жіктеледі.
Күрделі баяндауыш құрамына бол көмекші етістігінің қатысуы аркылы жасалатын жақсыз сөйлем
Жақсыз сөйлемнің бұл түрі күрделі баяндауыш құрамындағы негізгі компоненттің тұлғалық түрленуімен байланысты модальдық оттеноктарға да өте бай келеді. Күрделі баяндауышы етістіктерден болады, кейде есім де араласып келіп отырады. Сөйлемдер болымды істі де, болымсыз істі де, сұраулық мәнді де көрсете алады. Сонымен қатар істі істеуге болатынын я болмайтынын тұжырымдап айту, бол-жай айту, істелуі я істелмеуі мүмкін еместігін, істің істелуі қажетті шарт екенін, істі істеуге я істемеуге мұқтаждықты тағы басқа мо-дальдық мәндерді білдіреді.
а) Бол етістігінің жекеше 3-жағы ашық райдың болымды, болым-сыз формасында барыс септігіндегі тұйық етістікпен тіркесіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |