Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет68/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Октябрь айы еді. Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді (Сейфуллин). 9 май. Соғыстан кейінгі жылдардың бірі. Өзіміздің Алматы. Көгілдір аспанда жүзген күннің шұғыла-сында да ерекше бір жылылық бар (Лекеров).
4. Кейде атаулы сөйлем мезгіл мәнді үстеуден, шылаулы сөз тір-кесінен де болады. Мыс.:
Қыстыгүні. Сақылдаған сары аяз. Бес төсектің иелері бәріміз дг қазір үйдеміз (Соқпақбаев).
Сонымен, атаулы сөйлемнің жасалуында оның арқау сөзі болып, негізінде, зат есім, одан соң көмекші есім, бір деген белгісіздік есімдік, кейбір мезгіл мәнді үстеу мен шылаулы сөз тіркесі қатысады 15.

Атаулы сөйлемнің құрылымы


Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден, негізгі сөз бен кө-мекші сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болады. Бұлай деуіміз, бір жағынан, атаулы сөйлемнің қандай жолдармен жасалатындығын аңғартса, екінші жағынан, оның өз ішінде бір-бірінен құрылымдык (структуралық) айырмашылығы болатынын да аңғартса керек. Ол айырмашылық сыртқы түр-тұрпат, ішкі мазмұн-мағыналық жақтан да анық көрінеді. Негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан болған атаулы сөйлемде көмекші сөз негізгі сөзге грамматикалық мағына үстейтіндіктен, оның лексика-грамматика-лық мағынасы бір сөзден болған атаулы сөйлемге қарағанда күрделі-рек, ойдың саралануы басымырақ болып келеді. Ал, сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемде лексикалық та, грамматикалық та мағыналардың бірдей қатысатындығынан зат, болмыс туралы кеңінен түсінік беріледі, сипаттау, суреттеу сияқты бейнелік әсер күшті болады. Мысалы, март деген ай атының қатысуына




15 Бір ескеретін жай — атаулы сөйлемге арқау сөз дегенде, оның қай сөзге аяқталып тұрғанына, сыртқы тұлғасына көңіл аударылады, ол сөздің негізгі не көмекші сөз болуы тұрғысынан қарастырыл-майды. Сондықган арқау сөз дегеннің ұғымы сөз тіркесіндегі басыңқы компонент деген ұғымға сәйкес келмейді.
133

байланысты атаулы сөйлем мына құрылымда кездеседі: март марттың іші (басы, ортасы, аяғы) — март айы, март айының басы март айының бас кезі 10 март т. т. Бұлардың бәрі мезгіл мәнді атаулы сөйлем болса да, сол мезгілдік мағынаның берілуі бәрінде біркелкі емес: март және март айы дегендер оқиғаның басқа айда емес, тек сол айда болғанын жалпы көрсетеді; март айы-ның іші — мағынасы жағынан март, март айы дегенге жуық келген-мен, оның тұтас қалпын емес, бөлшектелетін қалпын көрсетіп тұр; марттың басы марттың аяғы марттың ортасы дегендер марттың іші деген бөлшектелетін мезгілдік ұғымның нақты бөлшегін атайды; март айының басы март айының бас кезі дегендер мағыналық жақтан марттың басы дегенмен тең түседі; 10 март деген атаулы сөйлемі мезгіл мәнін тұспалдап айтпай, нақты көрсетеді. Мағыналық жақтан осындай өзгешелік болса, олардың құрылымында сол мағынаға әсер ететіндей тағы да ерекшеліктер бар: март март айы дегендер мезгілді көрсетуі жағынан ешбір айырмасы болмаса, март айы тіркес түрінде болғандықтан, олардың арасында жекенің жалпыға қатысы, жалпылық ұғымды анықтау, нақтылау сияқты грамматикалық мағына беріледі. Марттың басы марттың бас кезі дегендерде мезгілдік мәнді беруде айырма жоқ, бірақ олардың құрылымында сөздердің өз ара байланысуы жағынан айырма бар: марттың басы — матасу жолымен байланы-сып тұр; марттың бас кезі дегенде де матасу байланысы бар, алайда ондағы матасу ілік септік пен тәуелдік жалғау жалғанған сөздердің жалаң өздері арқылы болмайды, бас деген көмекші есімді де қоса қамтиды; демек, бұл байланыста кез деген сөз өздігінен март сөзімен байланыспай, бас деғен сөз арқылы ғана, яғни 6ас кезі деген түрде ғана байланысады.


Атаулы сөйлем негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан не-месе сөз тіркесінен болғанда, оның құрамындағы сөз саны екідені бастап әлденеше сөзге шейін жетеді. Мыс.: Май айы, Таң алды. Түнгі Москва. Октябръ вокзалының алды. Паровоздың гүрілі. Трамвай жүре бастаған (Ерубаев). Жаздың бір желсіз күні. Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол. Бір автомобиль бұрқцыратып, дүрсілдете зымырап келе жатыр (Сейфуллин). Алынған мысалдарда май айы, таң алды, түнгі Москва, паровоздың гүрілі дегендер екі сөзден болған атаулы сөйлем болса, жаздың бір желсіз күні деген атаулы сөйлемнің құрамында төрт сөз, Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол деген атаулы сөйлемнің құрамында тоғыз сөз бар.
Кейде атаулы сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлем де бола-ды. 1919 жылдың көктемі. Қар жаңа гана еріп, ала сапыраң боп жатқан уақыт. Екі жігіт Есіл өзенінің жар қабағын жағалап келе жатырмыз (Мұқанов). Күн суытып, солтүстік участоктардың бойына қар жауа бастаған кез. Түн тастай қараңғы. Қатты жел ышқына соғып тұр (Тыныкин). Алынған мысалдардың ішінде уақыт деген сөзге аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында қар жаңа ғана еріп деген бағыныңқы сөйлем, кез сөзіне аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында күн суытып деген бағыныңқы сөйлем қатысқан. Атаулы сөйлемнің бұл сияқты көп құрамды түрі, яғни құрамында әлденеше сөзі барі түрі бір сөзден не екі сөзден болған түріне қарағанда контекске онша тәуелді болмай, өздігінен сөйлем бола береді.
Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бірыңғайласып, шоғырланып та келе береді, мыс.: Жер барактың іші. Әйел мен баласы. Сүлеймен отыр (Ерубаев). Салқын кеш. Мәдениет сарайының алды толған халық дырду шу, шат-шадыман өмір... Пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт. Бақша жақтан жүрек тербейтін музыка да естіледі (Шашкин)|
134




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет