Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет69/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Кең алаңда митинг. Толқыған халық теңізі. Теңіз толқынында жүзген желкендер қызыл тулар. Жиылыс. Парад. Митинг. Ту, топ, қару, халық (Жансүгіров). Келтірілген мысалдардың ішінде әйел мен баласы, пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт деген атаулы сөйлемдердің арқау сөздері мен/пен жалғаулық шылауы арқылы байланысып, бірыңғай мүше түрінде айтылған. Ал, басқа атаулы сөйлемдердің кейбіреулері жалғаулық шылаусыз байланыспай, іргелес топтала, шоғырлана орналасып, бірыңғай мүше интонациясымен айтылса (ту, топ, қару, халық), енді бірлеулері өз алдына жеке айырым интонациямен айтылған (Жиылыс. Митинг. Парад.). Атаулы сөйлемнің мұндай шоғырланған түрлерінің арасына жазуда нүкте не үтір белгілерін қою — олардың үласпалы интонациямен немесе айырым интонациямен айтылуын аңғартады.
Кейбір атаулы сөйлемдер шоғырлана, топтала айтылғанда, соң-ғылары алдыңғысының мағынасын айқындау, дәлдеу, нақтылау үшін тұрады, мыс.: Түн, Айлы емес, қараңғы түн, жаз түні. Кейде ақырын ғана желпіп өткен жел айқара ашық терезеден болар-болмас білініп қалады (Райымқұлов). 1916 жыл. Шілденіц ақырғы айы августың бас кезі. Қалың жаңбыр жауып ашылған (Сейфуллин).
Атаулы сөйлемнің шоғырланған түрі мына сияқты мағыналық қатынасты білдіреді:
1. Оқиғаны бір беткей сипаттай атап, айқындау, дәлдеп көрсету қатынасында болады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы Түн. Айлы түн емес, қараңғы түн', жаз түні. Немесе 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы август айының бас кезі деген атаулы сөйлемдер осындай мағыналық қарым-қатынасты білдіреді. Мұның өзінде айлы. емес, қараңғы түн, жаз түні дегендер сол бастапқы түн деген атаулы сөйлемді сипаттаса, 1916 жыл деген атаулы сөйлем оқиғаның болған мезгілін жалпы атап, шілденің ақырғы айы августың бас кезі деген атаулы сөйлем оны нақтылай түседі.
2. Оқиғаны әр мағыналық қарым-қатынаста сипаттай атап көр-сету: біреуі мезгілін, екіншісі мекенін, үшінші біреуі зат, болмыс атауларын т. т., мыс.: Октябръ айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (Сейфуллин). 1942 жылдың қаһарлы қысы. Түтеген боран. Ызғарлы аяз. Ленинградтың бозгыл да қысқа түні кірпік ілгізбей алпарыспен өтеді (Лекеров).
3. Бірыңғайласа айтылып, орын, уақыт бірлігіндегі көріністің бір тұтас суретін бейнелейді, мыс.: Тасшы кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар агаш шауып жатыр. Ағаш тасу, тас, темір, бетон, цемент тасу, арбаның сықырлауы. Айғай-шу. Бұл тынбай, біреуі әрі, біреуі бері жүгіріп жүрген, қайнаған еңбек тасқыны (Ерубаев). Үй-іші қара көлеңке. Абажадай үлкен үйдің есігінен төріне дейін сірескен жүк: оюланып тастаған сандық, тең-тең қылып тастаған асыл кілем, бұйымдар. Үйдің қақ ортасында... Сейпен отыр (Майлин).
Шоғырланған атаулы сөйлемнің бұл түрі көріністің тұтас суретін беруде қолданылады, сонымен қатар мұндай сөйлемдерден бұрын сол жағдайды түсіндіретіндей атаулы емес сөйлем келіп отырады. Демек, атаулы сөйлемнің жай түрі болсын, шоғырланған басқа түрі болсын, әдетте, абзацтың бас кезіне орналасса, жоғарыда аталған түрі контекстің ішкі жағына, атаулы емес сөйлемдердің арасына орналасады. Алынған мысалдардағы Тасшылар кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар ағаш шауып жатыр. Үй іші қара көлеңке деген сөйлемдер шоғырланған атаулы сөйлемдердің айтылуына жағдай болады да, атаулы сөйлемдердің өзі сол жағдайға тұтас көрініс, сурет болады.
135

Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері


Атаулы сөйлемді мағыналық түрлеріне қарап үш топқа бөлуге болады: мекен атаулы сөйлем, мезгіл атаулы сөйлем және зат атаулы сөйлем.
1. Мекен атаулыға жалпы және жалқы есімді мекен атаулары: жер, су, орман, тау атаулары және қала, ауыл, мекеме, үйым, завод, фабрика, үй, бөлме тағы басқалар жатады, мыс.:
Қалың тоғай. Күркіреп таудан аққан өзен. Кешкі тау қойынынан салқын леп келеді (Лекеров). Міне, тағы да жаз. Нұра өзенінің бойы. Танабай ауылы. Танабай ауылында едәуір өзгеріс болған (Сейфул-лин). Институт директорының кабинеті. Көзілдірікті директор отыр. Кабинетке Рахмет кірді (Ерубаев). Сегіз қанат үй. Жабыққа тіреле жиналған жасау жүктің астында Баянның шеберлері жасаған сүйекті, оюлы, сырмайлы жүк аяқтар сіресіп тұр (Жансүгіров).
2. Мезгіл атаулыға мезгіл мағынасын білдіретін күн, ай, жыл атаулары және мезгілдің белгілі бір мөлшерін білдіретін шақ, кез, түс, түн, қараңғы, кеш, күз, жаз, көктем, қыс, қарсаң, қара көлеңке уақыт, бейуақ деген сияқты атаулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет