Адырды көзі к ө р ме д і,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұягы
Саз балшықтай и л е д і («Қобыланды батыр»).
Тоғыз тармақ, жеті жай сөйлемнен құралған бұл шумақтың (құрмалас сөйлемнің) басын қосып тұрған, ең алдымен, бұлардағы ритмикалық бірлік, ұйқас болса, сол ритмикалық бірлік пен ұйқас жай сөйлемдердің баяндауышы болып тұрған етістіктердің бірыңғай жақта, бір шақта берілуі арқылы жүзеге асқан.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда компоненттер бірлігін қамтамасыз ететін, немесе олардың байланысын күшейтуге септігін тигізетін жоғарыда талданған амал-тәсілдерді жинақтап көрсеткен-де, мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жай сөйлемдер мағыналарының бір-бірімен байланысты, ілік-тес, сабақтас болып келуі арқылы;
2) интонация тұтастығы арқылы;
3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мү-шенің) болуы арқылы;
4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы;
5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;
6) бірінші компоменттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы;
7) компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктің жақтық, шақ-тық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері
Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келгенде, құрмалас сөйлемнің бір тү-рін (салалас түрін) жасаудың екі түрлі тәсілі ғана. Сондықтан да са-лалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құр-маластырьш айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз егіп айтуға да болады. Мыс.:
Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелгі әдеті еді, бірақ бұл жолы оның осы ниетіне басқа нәрсе араласты (Есенжанов). Замандастың тілін кім алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым (Майлин).
Бұл келтірген мысалдағы жалғаулықтарды түсіріп, оларды жал-ғаулықсыз түрде: Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту — Биғайшаның ежелгі әдеті еді, бұл жолы оның осы. ниетіне басқа нәрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, мен ертіп бармақ болдым, — деп құрсақ , одан сөйлем байланысына да, компонент-тердің мағыналық қатынастарына да нұқсан келмейді. Алғашқы вариантта қарсылықты, себептес салаластардың жалғаулықты түрі болса, кейінгі вариантта сол екеуінің жалғаулықсыз түрі болады.
Бірақ бұдан салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғау-лықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз етіп айтуға, немесе оның, керісінше, жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп ай-туға бола береді деген қорытынды шықпайды. Мыс.:
Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай еш-теңе айтқан жоқ, с ө й т с е д е Зеренің күрсінуі күшті (Әуезов). Исполкомның әскери комиссары Нуждин ұйымдастырып үлгерген шағын отрядтың көпшілігі тері-тон заводында еді, а л жиырмаға тарта жауынгер еркімен жазылған тиірмен жұмысшылары болатын (Есенжанов). Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұ л үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан оның еркелей айтқан сөзіне Сәуле сүйсінді (Әбішев). Осы сөйлемдердегі сөйтсе де, ал, сондық-тан деген жалгаулықтар айтылмаса, компоненттердің байланыстары мейлінше әлсірейді, кейбіреулері, тіпті, құрмалас сөйлем болудан қалып, компоненттерінің басы бірікпей бытырап кетеді. Бұл жағдай жалғаулықты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салалас сөйлем ара-сында мағыналық бірлік болумен қатар әрқайсының өзіндік ерекше-ліктері де болатындығын байқатады.
Ондай ерекшелік салалас сөйлемнің бұл екі түріндегі компонент-тердің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан бірдей болып келмеуінен де көрінеді. Мысалы, салалас сөйлемнің жалғаулықты түрінде кездесетін талғаулы, кезектес деп аталатын сөйлемдер жалғаулықсыз түрінде кездеспейді. Сол сияқты, салалас сөйлемнің жалғаулықсыз түрінде кездесетін түсіндірмелі, шартты, салыстыр-малы деп аталатын сөйлемдер жалғаулықты түрінде кездейспейді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Мезгілдес салалас сөйлем,
2. Себептес салалас сөйлем.
3. Қарсылықты салалас сөйлем.
4. Түсіндірмелі салалас сөйлем.
5. Салыстырмалы салалас сөйлем.
6. Шартты салалас сөйлем.
7. Көп тармақты салалас сөйлем.
184
Мезгілдес салалас сөйлем
Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде, немесе бі-ріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-әрекеттерді я бір мезгіл ішін-дегі көріністі, жай-куйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалғаулықты түрі бірдей. Мысалы: Холдың екі қолын артына қайырып біреулер ұстап әкеле жатыр, біреулер темір тәшке дайындап тұр. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ (Мұстафин). Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді (Сейфуллин). Қаңтарулы аты қасында, қамшы, мен шылбыр белінде (Мүсірепов) Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын (Мұқанов).
Мысалдың бірінші және ең соңғы сөйлемдерінде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса, басқа сөйлемдерінде бір уақыт ішінде байқалған, көрініп тұрған жайттардан мәлімет береді. Ал енді: Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім (Мұқанов). Нілдіден әкелген жүз көлік кенді сұрыптап алып тәжірибе ретінде Бернер үш тас пеште қорытып еді, қаймагы алынбаған бай кен лоқ еткізіп аса көп мыс берді. Қалың қол сол екпінімен айғай-шу, тасыр-тұсырымен тұтас келіп Игілік аулына төніп еді, иек артпада ғана тұрған үлкен бір қол бұларға көлденеңдеп келіп соғып, еріксіз екіге бөліп әкетті (Мүсірепов). Жастар бір бөлек әңгімелесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым (Майлин). Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналап оған да бір атым тапты (Мұстафин). Алдымен селодан шығып кетейік, содан кейін бұл отрядтың не пиғылы барын және қалай қарай қозғалатынын сырттан байқайық (Есенжанов), — деген сөйлемдерде компоненттер бірінен кейін бірі іркес-тіркес болған, я болатын әрекеттерді баяндап тұр.
Мезгілдес салалас сөйлемге компоненттері бірыңғай, біртектес іс-әрекет, жай-күйлерді санамалап, тізбектеп, жарыстыра көрсететін сөйлемдер де жатады. Мыс.: Қуанышы ботасының айналасында, қайғысы іңгенніц маңайында. Мұндағы завод аты — Спасс, кен аты — Воскресен, Нілдідегі кен аты — Успен (Мүсірепов). Төрт-бес жылдан бері мырзаның ашылмаған қабағы биыл ашылайын деді, жасты көзі биыл құрғайын деді. Қымыз ішусіз, жұрт тілсіз қалды біразға дейін. (Мұстафин).
Мезгілдес салалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары шақ-тық, жақтық жағынан кейде бірыңғай, біртектес болып келеді. Соған қарап кейбір әдебиеттерде ол ыңғайлас салалас деп те аталып келді, бірақ бұлай атау компоненттердің мағыналық қатынасын білдіре ал-майды.
Себептес салалас сөйлем
Бір компоненті екінші компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің себе-бін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нәтижені білдіретін, немесе, керісінше, біріншісі — нәтижені, екіншісі — соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес салаласқа жатады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |