Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет94/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Ол қасқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті (Есенжанов). Шоқытыңқырап келген қалпыммен көлге түсіп кетпек боп ем, аттар жалтақтап жоламады (Мұқанов). Әңгімемен көмір көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды (Мұстафин).
Бұл келтірген үш түрлі сөйлемнің үшеуінде де олардың бірінші компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, олардан кейін тағы да бірдемелердің айтылу керектігі, ой жалғасы барлығы байқалып тұр. Сонымен бірге, бұл сөйлемдердегі компонент мағыналары да өз ара бір-бірімен тығыз байланысты: бірінші сөйлемдегі Ол қасқа айғырға қарай ұмтыла беріп еді деген компонент өзінен кейінгі Бақы тізгінге жармаса кетті деген сөйлемсіз аяқталған ойды білдіре алмайды, өйткені ол бір уақыттың ішінде болған мезгілдес оқиғаның бір сыңарын ғана баяндайды, оның екінші сыңары кейінгі компонентте айтылған, ал сөйлем бүтіндігі, ой тұтастығы бір мезгілдің ішінде болған осы екі компоненттің бірігуі арқасында ғана жүзеге асады. Осы тәріздес мағыналық және интонациялық бірлік, өз ара тығыз байла-ныстылық жалғаулықсыз салалас сөйлемнің қай түрінде болса да кездеседі.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері арасындағы жоға-рыда айтылған бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтардың, немесе жалғаулық мәнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас сейлемнің бұл түрі салалас тобына да, сабақтас тобына да қосылмай құрмалас сөйлемнің үшінші бір түрі ретінде қаралады.

Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары


Құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда, жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.


Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің қалыптасқан, тек өзіне ғана тән баяндауыш формасы жоқ. Қалыпты тиянақты жай сөйлем баян-дауышы қызметінде қолданылатын сөз таптарының қай-қайсылары болса да, жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің баяндауы-шы қызметінде де қолданылады. Десе де жалғаулықсыз салаластың алдыңғы компонентінің баяндауыштары көпшілік жағдайда е д і, екен, емес етістіктерін көмекшіге алып тұрады. Бұл көмекшілер кейбір жағдайларда өзі құрамына еніп тұрған жай сөйлемдерге тия-нақсыздық мән беріп, екі жай сөйлемді құрмаластырушы дәнекер болып келеді. Мысалы: Айналага мойын созып қарап едім, қыбыр еткен жан көрінбеді деген сөйлемдегі е д і м деген көмекші етістікті алып тастап, бірінші компонентті — айналаға мойын созып қарадым деп құрсақ, алдыңғы түріне қарағанда, бұл компонент едәуір тиянақтылық мәнге ие болады да, компоненттердің иитонациялық бірлігі бұзылып, олардың арасындағы
179

құрмаластылық байланыс көмескіленеді, компоненттердің дербестігі күшейеді.


Тілдік фактілерге қарағанда, жоғарыда аталған көмекшілерге аяқталған жай сөйлемдердің көпшілігі құрмалас сөйлемнің компо- ненті болып келеді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем жасауда алдыңғы компоненттің баяндауышы қызметінде қолданылатын с о л есімдігінің де ролі ерекше. Бұл есімдік алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы функ- циясында қолданылғанда, формалық құбылыстарға ұшырап, с о н –ш а, соншалық, сондай, соншама болып айтылады, мыс, Тек бір-ақ қана тілегім с о л, толып дами берсеңші, биікке баса берсеңші (Әуезов). Сіздерден тілегім с о л, біз бір-бірімізді, Отанды, елді, мемлекетті жан-тәнімізбен сүйейік, адал болайық . Менің ең алдымен айтарым с о л, сіздің пікіріңізге түгелімен қосылам. Оның үстіні киген қытайдың қызыл шайысынан тігілген оқалы көйлегінің ұзывндығы с о н ш а, оныц етегін бірнеше қыздар саусақтарының үшімен ұстап көтеріп келеді (Айбек). Пластының енсіздігі, жұқалығы сонша, бұлар жер бауырлап келе жатыр (Ерубаев).
Мысалдан көрініп тұрғанындай, баяндауышы жоғарыда атал-ғандар тәріздес сілтеу есімдігінен болған компоненттер іс-әрекетті жай-куйді өздері баяндамайды, кейінгі компнентте баяндалатынды-ғын білдіреді, соған сілтейді. Мағыналық қатынастары жағынан бұ-лардың барлық түрлері бірдей емес. С о л есімдігі арқылы құрмала- сатын салаластың бірінші компоненті жалпылауыштық мәнде, сілтеу мәнінде айтылады да, екінші компонент тұтасымен бірінші компоненттегі бастауыштың баяндауышы функциясында,яғни с о л есімдігінің орнына жұмсалады. Мысалы: Сізге беретін кеңесім сол, Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз (Айбек) деген сөйлемдегі Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз деген компонент бірінші, с о л өзінің орнына қолданылып, соның мағынасын ашып көрсетіп тұр. Егер с о л сөзі айтылмаса, Сізге беретін кеңесім Бадуизаман мырзаны жөнге салыңыз деген бір ғана сөйлем болады да, соңғы компонент кеңесің не? деген бір ғана сұрауға жауап болып, сөйлемнің баяндауышы болып кетеді.
С о л есімдігінің жоғарыда көрсетілген формадағы түрлері аркылы жасалатын құрмаластардың екінші компоненті алдыңғы айтыл- ғандай бірінші компоненттің баяндауышы болып тұрған сөздің ор- нына қолданылмайды, ол бірінші компоненттегі, әсіресе оның бастауыш қызметіндегі сөздің мағынасынан байқалатын жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.
Жоғарыда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері жеке алынғанда ойдың тиянақталмағандығы, ой жалғасы барлығы байқа- лып тұрады дедік. Компоненттердің мағыналық жағындағы мұндай сүйеншектік олардың интонация жағынан да тиянақсыз болуын туғызады және сол арқылы өзінің тиянақсыздық сипатын күшейте түседі, мыс.: Ауылнай Дүйсен Саржанға ақырып ұмтыла беріп еді, Әбді омыраудан бүріп алып сүйрей жөнелді (Әуезов). Бір күні түнде шырт ұйқыда жатыр ем, әлдекімнің «Ойбай!» деген қатты дауысы оятып жіберді (Мұқанов). Тағы да бір-екі рет баппен қағып тыңдай қалып еді, ішкі есіктің ақырын ғана сықырлағанын естіді (Есенжанов).
Келтірген мысалдағы салалас сөйлемдердің бәрінде де бірінші компонентте интонация дербестігі жоқ, олардың бәрі де құрмалас- рушы, яғни тиянақсыз интонациямен айтылады.
Бұл айтылғандардан шығатын бірінші қорытынды: компонент-тердің мағыналық жағынан бір-бірімен іліктес, сабақтас
180

болып, интонациялық жағынан бір бүтін болыл келуі — жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем жасаудың ең басты тәсілі болыл табылады.


Жай сөйлемдер құрмаласуының тағы бір елеулі жолы — компо- ненттердің бәріне бірдей қатынасты, солардың басын құрап тұратын ортақ бір сөздің (мүшенің) болатындығы. Ондай сөз салалас құрмалас сөйлемнің тек бірінші компонентінде ғана айтылады да, оның кейнгі компоненттерге қатынасы, ортақ мүше болып тұрғандығы компоненттер мағыналарынан өте айқын байқалып тұрады. Мұны айқынырақ байқау үшін мына мысалдарды талдал көрейік:
Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді, Самарқанның мазар, ғымыраттарына қадалтады, Мерв, Мешхедтың миалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына әкетеді, ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медреселеріне, кітапханаларына әкетеді (Әуезов). Алдарында жапырық т а с ү й тұр, төбесін жаңада көтеріп жауыпты, екі жақ қабырғасы шыпырлаған есік (Мұстафин). Қазақтың ұ ғ ы м ы н д а кедей я момын болу ұят емес, келімсек я кірме болу ұят, ал кұл болу қорлық (Мұқанов). Жүз қырық түйенің жүгі артылды, енді қалғаны екі жүз пұт, он түйеге артылады да кетеді (Мүсірелов),
Мысалдың бірінші сөйлеміндегі төрт жай сөйлемге ортақ сөз парсы, түркі кітаптары деген сөз, ал, екінші сөйлемдегі үш түрлі компонентке ортақ сөз — үй. Ол тек бірінші компонентте ғана айтылған, ал оның кейінгі компоненттерге қатынасы төбесі, қабырғасы деген тәуелдік жалғаулы сөздерден байқалып тұр. Екінші салалас сөйлемдегі компоненттерге ортақ сөз — қазақтың ұғымында. Бұл сөз де тек бірінші компонентте ғана айтылғанымен, үш компоненттің ушеуіне де бірдей қатысы бар, ортақ мүше болып тұр. Ал, соңғы үшінші сөйлемдегі ортақ мүше — жүк деген сөз. Ол да тек бірінші компонентте ғана айтылған, кейінгі компоненттер оған (жүкке) байланысты жайттарды баяндап тұр.
Сөйтіп, мұндай сөйлемдердегі компоненттер ортақ мүше болып тұрған сөз мағынасынан байқалатын затты, құбылысты, оқиғаны түрлі жағынан баяндап тұрады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаластың қатынасы компонент баяндауыштарының бір бастауышқа ортақтасып тұруы арқылы да, белгілі бір с ө з д і ң (мүшенің) бірінші компонентте де, екінші комлонентте де қайталап
а й т ы л у ы арқылы да байқалады. Мыс.:
1. Інісі оған жәбірленген жоқ, ұзай берген ағасының желкесіне ай сәулесін түсірем деп әуреленген бойы қала берді (Мүсірелов). Олжабек е к е у м і з кезеңді жерде кездесіп едік, тағы бір кездескелі отырмыз. Ш ы ғ а н а қ оған тек бала оқытушы деп қана қарамайды, жаңа заманның ой-қырын, оң-солын, көбінесе, содан сұрап, қанып отырады (Мұстафин).
2. Кетерде Боржабай маған амандасқан жоқ, мен о ғ а н аман-дасқан жоқпын (Мұқанов). Жолдасын таппаған ер а з а д ы, басшысын таппаған ел а з а д ы. Түғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңб а с. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. Алтын тісті ауыздан аса жаман сөз шығ а р, жаннан безген жауыздин жазығы жоқ көз ш ы ғ а р (мақал).
Мысалдың бірінші тобындағы бастапқы салалас сөйлем компо-ненттері інісі деген, екінші салалас сөйлем компоненттері екеуміз деген, үшінші салалас сөйлем компоненттері Шығанақ деген бір-
181

бір бастауышқа ғана ортақтасып, сол арқылы компоненттер бірлігі, ой тұтастығы қамтамасыз етіліп тұр.


Мысалдың екінші тобында компоненттер бірлігі, олардың өз ара байланыстылығы әр салалас сөйлемнің бірінші компоненттерінде айтылған сөздің (мүшенің) екінші компоненттерде сол функцияларда қайталап айтылулары арқылы қамтамасыз етілген.
Салалас құрмалас сөйлемнің мұндай құрылыстағы түрлерінде кейде алдыңғы компонентте айтылған сөздің орнына екінді компо-нентте есімдік қолданылуы да мүмкін. Мыс.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет