Сәуленің Бөлекбас арқылы Нұрланныц сырын білмек болған ма-нағы ойы әлі арылып кеткен жоқ еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге қайтқанын мақұл көрді (Әбішев). Соқпақтың екі жағындағы қар да малдың белуарынан келерліктей қалың, қарсы келген сиырлар бір-бірімен сүзісе, бірін-бірі қарға жыға, сығылысып әрең өтеді (Мұқанов). Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден жасырынып жетпеген кезде келіп жетті (Есенжанов). Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ
185
тұмсыққа көздерін аларта қарады (Мұстафин) Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді (Майлин). Жабайды сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, әлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады. (Мүсірепов).
Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бәрінде де бірінші ком-понент себепті білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нәтижені білдіріп тұр. Ең соңғы сөйлемдегі Жұманның Жабайды әл-деқалай аттан ц құлаған болар деп ойлауының себебі — оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен, сол білмеудің нәтижесінен туған қорытынды.
Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл жалғаулықтар айтылмаса да, олардың мағыналары сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан байқалып тұр.
Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керісінше,бірінші компонент нәтижені, екінші компонент сол нәтижеге жеткізген себепті білдіріп те құрмаласатыны болады. Мыс.: Шалабай ұзац жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Мұстафин). Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған (Майлин). Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды. (Мүсірепов).
Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-әрекет-тің неліктен солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды? Оның ұзақ жүре алмайтын себебі — үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер де осы тәріздес.
Сөйлемде айтылмағанымен компоненттердің мағыналық қаты-настарынан олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтар келтіріп айтуға болатындығы байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік — бірінде бар жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.
Қарсылықты салалас сойлем
Құрмалас сөйлемнің бұл түріне компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында еш-қандай өзгешелік жоқ, бұл екеуі — қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тәсіл ғана. Сондықтан да: Жараланған жайларымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, Ақбота оп-оңай бетін ашыпты (Мүсірепов) десек, қарсылықты салаластың жалғаулықсыз түрі болады да, осы сөйлемнің өзін: Жараланған жайымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты, — деп жалғаулық қосып айтсақ, қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі болады. Мұндай құбылыстан сөйлемнің стильдік жағына да ешбір нүқсан келіп тұрған жоқ.
Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі бо-лады. Мыс.:
1. Заттың, құбылыстың, оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі куй салыстырыла қарсы қойылады:
Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып
алды (Майлин). Орта белінен жерге батқан ағаш үй ерте күнде еді-
рейіп-ақ тұрған шығар, су тасқыны бұны да шоңқитыпты (Мұстафин).
Мен білетін жолдардың ізі ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол үстіне қарай шығыңқы (Мұқанов).
186
2. Бірінші компоненттегі субъектінің іс-әрекетіне, ой-ниетіне екін-ші компоненттегі субъектінің әрекеті, ісі қайшы келеді:
Қасындағы ұсақ қыздар тен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ болып еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқ (Әуезов). Біраз бермей тұрып едім, біреуі арт жағымнан келіп қамшымен тартып-тартып жіберіп мылтығымды тартып алды (Сейфуллин). Ағашқа кірген соң адастырып кетем бе деп біраз тырысып ем, оны сезді ме, немесе сыбдырымнан біле ме, я қыр соңымнан қалмай қойды (Мұқанов). Сүзісер жеріміз осы болар ма деп Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші ә рі асып кетті деген хабар алды (Мүсірепов).
3. Бірінші компоненттегі іс-әрекеттің логикалық қорытындысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті әрекет болмай шығады, не-месе басқаша болады:
Достарыңызбен бөлісу: |