Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар (Әбішев). Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, әйтеуір, олармен қалай да хабарласу керек. Өзі кетіп кұтылды, ә й т п е с е өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік (Майлин). Күндіз олар
н е өзіне жем іздейді, н е өзінің басқаға жем болмауын
көздейді (Мұстафин)
Мысалдың бірінші сөйлемі компоненттерде айтылған, әрекеттер-дің қайсысының болатындығын кесіп айтпай, болжау, әйтеуір бірі болар деген мағынада баяндайды. Мұндай мағына не қар жауады, не жаңбыр жауады — дегендер тәріздес сөйлемдерде айқынырақ байқалады. Мысалдың екінші сөйлемі сөйлеуші ушін компонент-тердегі әрекеттің қайсысы болса да бәрі бір екендігін, сөйлеушінің ол әрекеттер турасында өзін бейтарап ұстайтындығын білдіреді. Мысалдың үшінші сөйлеміндегі компоненттердің бір-бірімен қатынасы алдыңғы екеуінен де өзгеше. Бұл тәріздес сөйлемдер субъектіні компонеиттердегі әрекеттердің бірін істеуге міндеттейді,
177
соны істеуді екінші бір әрекетке шартретінде алады. Не ол, не бұл: екінің бірі. Мыс.:
Сен қазір жұмысқа кіріс, ә й т п е с е мен сені бұл маңайдан қуамын (Әбішев). Сен оны өлтір, б о л м а с а өзің өлесің (А. Бек). Ал енді, бұл — әншейін келешегіне қарай қойылған ат, әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ (Мұстафин) деген сөйлемдердегі компоненттер арасында: жоғарыда айтылғандай талғаулық мән де жоқ., Мұндағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынасы талғаулылықтан гөрі қарсылықтыға жақын. Талданған мысалдар-дағы компоненттердің мағыналық қатынастарына қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулықтар арқылы жасалатын салалас сөйлемдердің бәрін талғаулы деген бір ғана атаумен атаудың өте шартты екендігі байқалады.
Талғау мәндес жалғаулықтардың я, н е, м е й л і, қ ұ й, ә л д е деген түрлері жай сөйлем сайын, қайталап та, айтыла береді. Ондай қайталауларда бірінші жай сөйлемде бұлардың бірі келгенде, екінші жай сөйлемде талғау жалғаулығының басқа біреулері келуі де мүмкін. Мыс.: Я мен барайын, я сен бар — деуге де, я мен барайын, болмаса сен бар — деуге де болады.
Талғау мәнді жалғаулықтар жай сөйлемдерді құрмаластырудан гөрі бірыңғай мүшелер арасында көбірек қолданылады, сондықтан да талғаулықты салалас сөйлем жазу тілімізде өте сирек ұшырайды.
Кезектес салалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлем деп, құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді ай-тамыз.
Кезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен б і р д е, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мыс.:
Б і р е с е бұлбұл нақышты, көп ырғақты «Жиырма бесті» — созады, б і р д е назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады. Біржан әкелген Сарыарқаның қан қазынасы к е й д е шырқап өрле-ген Әмір, Оралбай ундерімен шығады, к е й д е сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және сонша алысқа тарап естілік жатқан бойжеткен Балбала, сері сұлу Үмітей, сыпайы, сынды Керім-бала әндерімен сыр баяндайды (Әуезов). Үй иесі безектеп біресе өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, б і р е с е қирап жатқап ыдыстарына жүгіреді (Әбішев) Өзен б і р е с е төмен ағып жатқандай, біресе жоғары ағып жатқандай (Мүсірепов). Бірде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, б і р д е салқын тартып алыстап кетеді (Ақтанов).
Кезектес мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауысты- . ра бере алады және ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқан-дай нұқсан да келмейді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің ешқандай жалғаулықсыз немесе жалғаулық мәнді сөзсіз бір-біріне тіркесе, іргелесе айтылула-ры арқылы да жасалады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі жалғау-лықсыз салалас сөйлем деп аталады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерде компоненттер бірлігі, негі-
178
зінде, жай сөйлемдердің мағыналық жағынан өз ара байланыстылы-ғынан, шарттастылығынан, интонация тұтастығынан және компо-ненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан көрінеді.
Мағыналық жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас құрамына енген жай сөйлемдер бір-біріне жақын, өз ара іліктес, шарттас, мез-гілдес, себептес іс-әрекет, жай-күйді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екіншісі ашып, саралап түсіндіріп тұруы да мүмкін. Со-ның арқасында, алдыңғы жай сөйлем айтылғанда, ойдың аяқталма-ғандығы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |