Байланысты: Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
ҚОРЫТЫНДЫ Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған талай зерттеулер жазылды. Бұл тақырыпқа талай ғалымдар мен жазушылар қалам тартты. Өткен ғасырда қазақ ғалдымының асыл мұрасын зерттеуге Россия мен Батыс Еуропаның әйгілі оқымыстылары қатысқан болса, біздің ғасырымызда көптеген шоқантанушы ғалымдар дүниеге келді.
Шоқан Уәлиханов жайлы кім, не айтты емес, қалай айтты дегенге көз тоқтатсақ ең алдымен Әлкей Хақанұлы Марғұланға қарыздар болармыз. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, жан-жақты ашып, жинақтап кетуі Шоқан Уәлихановтың маңдайына бітсе, Шоқанның өзін жырлау үшін Әлкей Марғұлан дүниеге келді. Әрине, Шоқан хақында роман, шағын өлеңдер баршылық. Бірақ Әлкей Марғүланның орны бір бөлек. Ә.Х.Марғұлан Шоқан Уәлихановтың қазақ ауыз әдебиетін тұңғыш қағаз бетіне түсіруші екендігін және нағыз қазақ елінің патриоты екендігін айтып кеткен.
Шоқан Уәлиханов қоғамдық ғылымдардың қандай саласына болса да ерекше көңіл бөліп, айтарлықтай мұра қалдырған ғалым. Оның шығармалары қазақ және басқа халықтардың болашағына, олардың адамгерршілік тазалығына, еркін мәдени дамуына деген зор қамқорлыққа толы. Ол «Қазақтың Ұлы жүзінің ертегілері мен аңыздары», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жөніндегі жазбалар», «Жоңғар очерктері», «Сот реформасы жайында хат», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және басқа белгілі еңбектері сериясында мәселенің байыбына ғажайып кеңдікпен терең үңіле отырып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін сан алуан жақтарын зерттеді.
Ш.Ш.Уәлихановтың 1858-1859 жылдары Шығыс Түркістанға жасаған өте қатерлі саяхаты оның есімін дүние жүзіне әйгілі етті. Бұл шын мәніндегі ерлік еді. Ғылыми ізденістердің нәтижесі оның «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бүқараның) шығыстағы алты қаласының жайы туралы (1858-1859жж.)» іргелі зерттеуі жарияланды. Аңызға айналған Сериндияны жаңа заманда ашу Ш.Ш.Уәлихановтың үлесіне тиді. Ол Қашқарияға барған саяхаты кезінде Шығыс Түркістадағы жазиралық өркениет жайында қисапсыз көп материал жинап, осы аймақты мекендеген халықтың тұрмысын, аруашылығын, мәдениетін егжей-тегжейлі суреттеді.Уәлихановтың өз заманындағы Шығыс Түркістанның жағдайын жан-жақты зерттеп, суреттеп қана қоймай, өткен ғасырлар тұңғиығына да терең бойылауына жәрдемдесті, оның қазіргі шығыстану ғылымы үшін бірінші дәрежелі маңызы бар бірқатар тұжырымдар ұсынуына мүмкіндік берді. Ш.Ш.Уәлихановтың сіңірген еңбегі ғылымда лайықты бағасын алды. 1863 жылғы «Орыс географиялық қоғамының хабаршысында»: оның Шығыс Түркістанға сапары «Марко Поло заманынан кейінгі тамаша географиялық ерлік болып табылады», дап атап өтілді.
Ресей мен Еуропаның ресми топтары, сондай-ақ ғылыми жұртшылығы жас қазақ зерттеушісінің ғылыми еңбегін жоғары бағалады. Орыс ғылымы «Тянь-Шаньды зерттеуге жол ашылғанын» ғылыми әлемге мақтанышпен хабарлады. Орыс география қоғамының 1865 жылы есебінде: «бұл сапар тамаша географиялық ерлік болып табылатыны ... айтылған. Осының артынша Уәлихановтың бірқатар еңбектері, оның ішінде «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұқараның) шығыстағы алты қаласының жайы туралы (1858-1859 жж.)» еңбегі шет тілдерге аударылып, Еуропа елдерінде басылып шықты. Ш.Ш.Уәлихановтың еңбектерін батыс еуропалық ғалымдар кеңінен пайдалынып, оларға орасан зор маңыз берді.
Бірақ ғылымдағы аса үздік жаңалықтар, Петербургтегі салтанатпен қарсы алу Шоқан Уәлихановтың жағдайын орнықтыра алған жоқ. Неше түрлі қиыншылықтар, бақас адамдардың айла-шағылары қыр-соңынан қалмай қойды.Біз ол жайында оның достарына қынжыла жазған хаттарынан білеміз. Бір жағынан Бас штабқа жұмыс істеп, Азия департаментінде қызмет атқарып, офицерлік жаңа атақ алып жатса, екінші жағынан патша әкімшілігі тарапынан жас офицерге деген сенімсіздік пен күдіктенушілік күшейе түсті. Уәлихановың соңынан саяси бақылау қойылды.
Шоқан Уәлиханов туған еліне оралғаннан кейін өз халқының ауыр тағдырын жеңілдету жайын, өзінің ақыл-ойы мен талантын не нәрсеге арнау жайын ойластырған еді. Ол өзінің ойларында Ф.М.Достоевскийдің ақыл-кеңестеріне жүгінісіп, өзінің аңсаған армандарын, толғандырған үміті мен күдігін ортаға салды. Қазақ халқы өзіннің қоғамдық дамуында неліктен мешеу қалғаны оған қалай көмектесуге болатыны жайындағы мәселе Ш.Уәлихановты қатты толғандырды. Ол әлеуметтік-мәдени мешеулікті көшпелі өмір салтына байланысты екенін көрді. Оның отырықшылыққа, егіншілік еңбекке неғұрлым тезірек ауысуға табандылықпен шақыруы да осыдан туындап еді.
Ш.Уәлихановтың дүниетанымы басыбайлы құқықтың жойылу қарсаңындағы Россияның ерекше жағдайларында. Ол орыстың прогрессивті жұртышлығын толғандырған идеялармен ерте танысты. А.И.Герценнің, Ш.Чернышевскийдің, В.Г.Белинскийдің шығармаларын оқуы, орыс мәдениеті мен ғылымының аса көрнекті қайраткерлермен тікелей достасуы, айдауда петрашевшілдермен тығыз араласуы ойышлдың практикалық қызметі мен қоғамдық-саяси көзқарастарының бағытты мен сипатын айқындап берді.
Бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі - Ш.Уәлиханов еңбектерінің басым көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ тіліне аударылмауы. Кезінде ғалымның бір томдық «Таңдамалы» шығармаларының (А. «Жазушы», 1980 ж., 416 бет) қазақ тіліне аударылып, басылғаны баршаға мәлім. Ал Ш.Уәлихановтың орыс тілінде бес томдық шығармалары жарық көрген. Осы бес томдық алдағы жылдары жатық та көркем тілмен қазақшаға аударылып, жарық көрсе, қазақ баласы қандай мол қазынаға кенелер еді.
Оның өмірі қысқа болғанымен рухани жағынан кемел еді. Оның
ғылыми мұрасы біздің күрделі мәселелерімізді шешуімізге септігін тигізеді әрі тарихи шындықты бұрмалауға қарсы күресуге де жәрдемдеседі.