Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет64/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

4. Тиомочевина CS(NH2)2 (тиокарбамид) кадмий тұздарымен оңай еритін сары-қызыл түсті комплексті тұздар түзеді:
CdCl2 + 4CS(NH2)2 → [Cd(CSN2H4)4]Cl2
Кадмийдің комплексті тұздары тиомочевина артық мөлшерде болса да күкіртті сутекпен тез ыдырап кадмий сульфидінің тұнбасын түзеді.
Тәжірибе:
Сынауыққа кадмий тұзының 3-4 тамшысын құйып, 3-4 тиомочевина кристалын қосып, шыны таяқшамен араластырады. 2-3 минуттан кейін 5-6 тамшы жаңа даярланған күкіртті сутек суын қосқанда сары-қызыл түсті тұн-ба түзіледі.
Бұл реакция Cd2+ катионының тұрақты тиомочевина комплексті тұзын түзетін болғандықтан, Cd2+ катионын Сu2+ ионының қатысында анықтауға мүмкіндік береді.
5. Калий тетраиодовисмутатының(ІІІ) - K[BiJ4] әсері
Кадмий тұздары калий тетраиодовисмутаты(ІІІ) комплексті қосылысымен әрекеттескенде қара түсті тұнба түзіледі:
CdCl2 + 2K[BiJ4] → CdJ2 + 2BiJ3↓ + 2KCl
Тәжірибе:
Сүзгі қағазына 1 тамшы калий тетраиодовисмутаты(ІІІ) (Ві3+ + КJартық) ерітіндісін және 1 тамшы кадмий тұзы ерітіндісін тамызғанда қара дақ пайда болады.
Висмут(ІІІ) иодидінің тұнбасы калий иодидінің KJ артық мөлшерінде және натрий тиосульфатында Na2S2O3 ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет