2. Сілтілердің NaOH, KOH әсері NaOH, КОН ерітінділері Со2+катионымен әрекеттесіп, бастапқыда көгілдір түсті СоОНСl тұнбасын түзеді, тұнба біртіндеп қызғылт түсті Со(ОН)2 тұн-басына өтеді: СоСl2 + КОН → СоОНСl↓ + КСl Со2+ + ОН- + Сl- → СоОНСl↓ СоОНСl↓ + КОН → Со(ОН)2↓ + КСl Көгілдір СоОНСl↓ тұнбасы аммиак ерітіндісінде оңай еріп, сары түсті кобальт аммиакатын түзеді: СоОНСl↓ + 7NH4OH → [Co(NH3)6](OH)2 + NH4Сl + 6H2O Түзілген қызғылт тұнба Со(ОН)2↓ реактивтің артық мөлшерінде ерімейді, бірақ ауада тотығып қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасына өтеді: 4Со(ОН)2↓ + О2 + 2Н2О → 4Со(ОН)3↓ Егер, қызғылт Со(ОН)2↓ тұнбасына сутегі пероксидін қосса, қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасы бірден түзіледі: 2Со(ОН)2↓ + Н2О2 → 2Со(ОН)3↓ Кобальт(ІІ) тұздарына сілтілік ортада сутегі пероксидін қосқанда қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасы түзіледі: 2СоСl2 + Н2О2 + 4КОН → 2Со(ОН)3↓ + 4КСl Тәжірибе: 3-4 тамшы кобальт(ІІ) тұзы ерітіндісіне жайлап бір тамшыдан NaOH неме-се КОН ерітіндісін қосып, көгілдір түсті негіздік кобальт тұзының СоОНСl↓ тұнбасының түзілгенін және ары қарай тамшылата NaOH немесе КОН қосып, кобальт гидроксидінің Со(ОН)2↓ қызғылт тұнбасының түзілгенін байқауға болады. Шамалы уақыт өткенде Со(ОН)2↓ қызғылт тұнбасы Со(ОН)3↓ тұнбасына дейін тотыққандықтан қоңырқайланады. 3. Аммоний немесе калий роданидінің NH4SCN, KSCN әсері Со2+ катионы аммоний немесе калий роданидімен NH4SCN, KSCNәлсіз қышқылдық ортадатетрацианатокобальтат(ІІ) -ионының комплексті қосы-лысын түзеді:
СоСl2 + 4NH4SCN → (NH4)2[Co(SCN)4] + 2NH4Cl Co2+ + 4SCN-→[Co(SCN)4]2- Аммоний кобальтатының тетрароданының (ІІ) (NH4)2[Co(SCN)4] әдемі ақшыл көк түсі бар [Co(SCN)4]2- ионы тұрақсыз, сулы ерітіндіде тез ыдырап кетеді. Бірақ, егер де ерітіндіге амил спиртін (немесе оның эфирмен қос-пасын) қосып шайқаса бұл комплекс еріткіштер қоспасына ауысып, (ол суға қарағанда жақсы ериді) спирт қабатын көк түске бояйды. Реакция журу үшін [Co(SCN)4]2- ионының диссоциациялануын жүргізбеу керек:
[Co(SCN)4]2- → Со2+ + 4SCN- Ол үшін SCN- ионының артық мөлшерін қосады.
Тәжірибе: Сынауыққа кобальт(II) тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысын құйып, оған 8-10 тамшы аммоний роданидінің қаныққан ерітіндісін, 5-6 тамшы эфир қоспасымен амил спиртін қосып, шайқағанда, ерітіндінің беткі қабаты ашық көк түске боялады.
Реакцияның жүру жағдайы: 1) Со2+ катионын анықтауға Cu2+, Fe3+, Bi3+катиондары кедергі болуы мүмкін, сондықтан төмендегі жол бойынша Со2+катионын бүкіл аналити-калық топ катиондарының қатысында анықтауға болады.
Тәжірибе: Фильтр қағазының жолағына концентрлі аммоний роданиді еpiтіндісінің 1 тамшысын тамызады, осы даққа 1 тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісін тамызып, қағазды аммиак буында ұстап (аммиактың концентрлі ерітінді-сінде), жанғыштың жалынында кептіреді. Егер, Со2+ катионы бар болса, дақтың шеткі бөлігі көк түске боялады.