Қалайы және алюминий иондарын тұнбаға түсіру. Қалайы және алюминий катиондарының гидролиздену қасиетін пайда-ланып, оларды басқа катиондардан бөледі.
Зерттелетін ерітіндінің бір бөлігіне (IV аналитикалық топ катиондары) араластыра отырып, аммиак иісі білінгенше немесе дымқылданған лакмус қағазы көгергенше NH4OH ерітіндісін тамшылатып қосады, қыздырады. Алюминий және қалайы катиондары болса Al(OH)3, Sn(OH)4 гидроксидте-рінің тұнбасы түзіледі.
Центрифугамен тұнбаны ерітіндіден бөліп алады (ерітіндіде [Zn(NH3)4]2+, , ) Тұнбаны сумен жуып, содан кейін 2н HC1 ерітіндісінде ерітеді, ерітіндіден алдымен А13+содан соң Sn4+ катиондарын анықтайды.
А13+катионын анықтау. Al3+ ализаринмен анықтайды.
Sn4+ катионын анықтау. Sn4+ катионын Sn2+ катионына ауыстыру үшін ерітіндіге темір ұнтағын салып 5 минут қайнатады. Қоспаны салқындатып, центрифугамен ерітіндіні бөліп алып, оған тамшылатып NaOН ерітіндісін рН > 10 болғанша қосады. Түзілген тұнбадан ерітіндіні центрифугамен бөліп алып, одан Sn2+ ионын Hg(II) немесе Ві(ІІІ) тұздарымен анықтайды.
Ерітіндідегі , , [Zn(NH3)4]2+иондарына қышқыл қосу арқылы комплексті бұзады, ерітіндіде Zn2+,, иондары болады. Zn2+, , иондары анықтау үшін, қоспаға қаныққан Na2CО3 ерітіндісін (сілтілік орта болғанша) қосады, ақ түсті (ZnOH)2CO3 тұнбасы түзілсе Zn2+ катионы-ның болуы мүмкін.
Zn2+катионын анықтау.(ZnOH)2CО3тұнбасын тұз қышқылы ерітіндісінде ерітеді. Zn2+ ионын дитизон немесе K4[Fe(CN)6] көмегімен анықтайды.