Fе2+ катионын aнықтаy: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына сондай көлемде 2н HCl және 1 там-шы K3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосқанда көк түсті "турнбул көгі" тұнбасының түзілуі ерітіндіде Fе2+ ионының бар екенін көрсетеді. Fе3+ катионын aнықтаy: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына сондай көлемде 2н НСl және 1-2 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосқанда көк түсті "берлин көгі" тұнбасының түзілуі ерітіндіде Fе3+ катионының бар екенін көрсетеді. ІІІ. Жүйелі анализ 1. IV аналитикалық топ катиондарын топ реагенті көмегімен бөлу. IV-VI аналитикалық топ катиондары қоспасына Н2О2 қатысында NaOH топ реагентін қосып кыздырғанда V, VI аналитикалық топ катиондарының тұн-басы және IV аналитикалық топ катиондарының ерітіндісі түзіледі.
Тұнбада: V топ гидроксидтері: Fе(ОН)3, Mg(OH)2, SbO(OH)3, MnO(OH)2, Ві(ОН)3.
VI топ гидроксидтері: Cu(OH)2, Со(ОН)3) Ni(OH)2, HgO, Cd(OH)2.
Ерітіндіде:IV топ иондары: .
V, VI аналитикалық топ катиондары тұнбаларын центрифуга көмегімен бөліп алып сақтап қояды да, ерітіндісінен ион-дарды анықтайды. Ол үшін IV аналитикалық топ катиондарының амфотерлік қасиетін пайдаланып, тұз қышқылымен аниондарды катиондарға ауысты-рады (анионы қышқылдық ортада анионына ауысады, өз-герісіз қалады).