Mn2+, Mg2+, Fe3+ катиондарын анықтау
Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+ катиондары центрифугатта болады және оларды натрий немесе калий гидроксидтері ерітіндісімен өңдейді, сутегі асқын тоты-ғын қосып қыздырады да, содан соң центрифугаттайды, алынған темір (II) гидроксидін, марганец оксидін және магний гидроксидін аммоний хлориді-мен өңдейді, Mg(ОН)2 магний гидроксидін еріту үшін. Темір (III) гидрокси-дінің Fe(OH)3, марганец оксидінің MnО2қалған тұнбасын сұйытылған азот қышқылымен өңдейді, яғни темір (III) гидроксидін еріту үшін алынған ері-тіндіден Fe3+катионын анықтайды. MnО2 тұнбасын тұз немесе күкірт қышқы-лы ерітіндісімен ерітеді. Ерітіндіден аммоний персульфатымен (NH4)2S2 О8Fe3+ катионын анықтайды (Mn2+ катионы MnO4-ке дейін тотығады). Қыз-дыру барысында AgNО3ерітіндісінің тамшысын қосады. Mn2+катионын бөлшектеу әдісімен осы реакциялар арқылы анықтауға болады. Mg2+ катио-нын Na2HPО4-пeн әсер ету арқылы немесе магнезон-1-мен центрифугаттау арқылы ашуға болады. Темір (III) тұзының ерітіндісіне аммиак ерітіндісін тұнба түскенше қосу керек. Бірнеше тамшы тұз қышқылын қосып, қайнату керек. Fe3+ катионы ерітіндіге өтеді. Fe3+катионын өзіне тән реакциялар арқылы анықтайды.
II. Бөлшектік анализ
Fе2+, Fе3+ катиондарын ашу. Fе2+ катионын калий гексацианоферраты (ІІІ) ерітіндісімен - K3[Fe(CN)6], ал Fе3- катионын калий гексацианоферраты (ІІ) – К4[Fе(CN)6] ерітіндісімен бесінші топ катиондары бар тұздардың қоспасынан қышқылдық ортада анықтайды.
III. Жүйелік анализ
Sb3+, Ві3+ катиондарын ашу. Тұнба болған жағдайда тұнбаны хлорсутек қышқылында ерітіп, ерітіндінің рН-ын 4-6-ға дейін келтіреді. Содан соң бес есе артық дистилденген су қосады. Түзілген висмут жэне сурьманың негіздік тұздарының түлбасын центрифугалайды, тұнбаны 1н шарап қышқылымен өңдейді. Сурьманың негіздік тұздары мен гидроксидтері бұл жағдайда шарап қышқылында еріп кетеді. Висмут туындылары (ВіОСІ) тұнбада қалады. Алынған шарап қышқылды ерітіндіден Sb3+ катиондарын кез келген сапалық реакцияларымен ашады. Висмуттың негіздік тұзы бар тұнбаны дистилденген сумен шаяды және концентрлі хлорсутек қышқылында ерітеді. Ві3+ катионын сілтілік ортада қалайы(ІІ) хлоридімен немесе басқа да сапалық реакция-ларымен ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |