Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Ві3+ катионының металдық висмутқа дейін тотықсыздануы



бет51/125
Дата10.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#72996
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   125
3. Ві3+ катионының металдық висмутқа дейін тотықсыздануы
Сілтілік ортада қалайы (ІІ) Ві3+ катионын қара түсті металдық висмутқа дейін тотықсыздандырады.
Алдымен SnCl2 ерітіндісінен натрий станитін, висмут (ІІІ) тұзы ерітін-дісінен висмут гидроксидін алады:
SnCl2 + 2NaOH → Sn(OH)2↓ + 2NaCl + H2O
Sn2++OH- → Sn(OH)2
Sn(OH)2↓ + 2NaOH → Na2SnO2 + 2H2О
Sn(OH)2+ 2OH- → Sn22+ + 2H2О
Bi(Сl)3+ 3NaOH → Bi(OH)3↓ + 3NaСl
Bi3+ + 3ОН- →Bi(OH)3
Cодан кейін:
2Bi(OH)3 + 3Na2SnО2 → 2Ві↓ + 3Na2SnО3 + 3Н2О
2Ві(ОН)3 + 3SnО22- → 2Ві↓ + 3SnО32- + 3H2О
Шектен тыс көп сілті алуға болмайды, мұндай жағдайда бос күйіндегі қалайының қара тұнбасы түзіледі (диспропорционирлену реакциясы):
2[Sn(OH)4]2- → [Sn(OH)6]2- + Sn↓ + 2OH-
Cілті ерітіндісі жеткіліксіз мөлшерде алынса қалайы (ІІ) оксидінің қара тұнбасы түзіледі:
2[Sn(OH)4]2- → SnO↓ + 2OH- +2H2O
Тәжірибе: 3 тамшы қалайы хлориді SnCl2 ерітіндісін алып, оған 8-10 там-шы NaOH бастапқы түзілген тұнба Sn(OH)2↓ ерігенше қосады. Алынған сілті ерітіндісіне 2 тамшы висмут тұзын тамызғанда металдық висмуттың қара тұнбасы түзіледі.
Тәжірибенің жүру шарты:
1) реакцияны жүргізу үшін жаңадан дайындаған SnCl2 қалайы хлоридінің ерітіндісін алу керек.
2) реакцияның жүруіне Ag+, Mg2+ және басқа катиондар кедергі жасайды;
3) сілтіні артық алуға да, жеткіліксіз алуға да болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет