Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет100/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
2. MnО2 марганец оксиді, РbО2 қорғасын оксиді және т.б. тотық-тырғыштар Сl- -хлор анионын бос хлорға дейін тотықтырады. Бұл жағдайда хлордың бар екенін ерекше иісінен немесе калий йодиді ертіндісі мен крах-мал клейстеріне батырылған қағаздың көгеруінен байқауға болады:
2Сl- + MnO2 + 4Н+ → Cl2↑ + Mn2+ + 2H2О
Cl2 + 2J- → J2 + 2Cl-
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы HCl, NaCl немесе KCl ерітінділерін, оның үстінен концентрленген KMnO4 ерітіндісін құяды(немесе KMnO4 кристаллдарын), 5-6 тамшы күкірт қышқылын қосып, қоспаны қыздырады.(тягa астында жүргізіледі). Түзілген қызғылт-күлгін түс түссізденеді. Қоспа тамшысын йодид-крахмал қағазына тамызса немесе қағазды сынауықтың бетіне жақындатса қағазда көк дақ пайда болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары:

  1. йодид J- және бромид-ионы Вr- реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.



Вr- - ионының сапалық реакциялары

Бромид-ион Br- - бірнегізді бром-сутек қышқылының анионы. Сулы ерітіндіде бромид-ион түссіз, гидролизденбейді, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, металл катиондарымен тұрақты бромид комплекстерін түзуші лиганда. Аммоний және басқа да көптеген металдардың бромидтері суда жақсы ериді. Мыс(І) CuBr, күміс(I) AgBr, алтын(I) AuBr және алтын(ІІІ) AuBr3, таллий(I) TlBr, сынап(I) Hg2Br2, қоғасын(ІІ) PbBr2 бромидтері суда нашар ериді.




1. Күміс нитраты AgNО3 бромид-ионымен Вr- сарғыш күміс бромиді AgBr тұнбасын түзеді:
Br- + Ag- → AgBr
Күміс бромиді тұнбасы суда, азот қышқылында және аммоний карбонатында ерімейді. Концентрлі аммиак ерітіндісінде шамалы ериді (күміс хлоридінен де нашар ериді). Натрий тиосульфатында күміс тиосульфатты комплексті қосылысын түзіп ериді:
AgBr + 2S2O32- → [Ag(S2O3)2]3+ + Br-
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы NaBr немесе KBr ерітіндісін құйып, оның үстіне 4-5 тамшы күміс нитраты AgNO3 ерітіндісін қосады. Ашық сары күміс бромиді AgBr тұнбасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет