Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет99/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124
Сl- ионының сапалық реакциялары
Хлорид-ион Cl- - бір негізді күшті тұз қышқылы HCl анионы. Сулы ерітіндіде хлорид-ион түссіз, гидролизденбейді, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, көптеген металл катиондарымен тұрақты хлоридті комплексті қосылыстар түзуші (лиганд). Аммоний, сілтілік, сілтілік жер және басқа да көптеген металдардың хлоридтері суда жақсы ериді. Мыс(І) CuCl, күміс AgCl, сынап(І)Hg2Cl2, қорғасын(ІІ) PbCl2 хлоридтері суда нашщар ериді.

1. Күміс нитраты AgNО3 Сl- анионымен сүзбе тәрізді ақ күміс хлориді тұнбасын түзеді. Тұнба суда және қышқылда ерімейді. Тұнба аммиакта кү-містің комплексті тұзын [Ag(NH3)2]Cl түзе ериді. Азот қышқылының қаты-сында комлпексті ион ыдырап күміс хлориді қайтадан тұнбаға түседі. Реак-циялар мынандай тәртіппен жүреді:
Cl- + Ag+ → AgCl↓
AgCl + 2NH4OH → [Ag(NH3)2]Cl + 2H2О
[Ag(NH3)2]Cl + 2H+ → AgCl↓ + 2NH4+
Тәжірибе:
2-3 тамшы натрий хлоридіне 1-2 тамшы күміс нитратын тамызады. Пайда болған тұнбаны центрифуга арқылы бөліп алып, тұнба толық еріп кеткенше аммиак ерітіндісін қосады. Пайда болған ерітіндідегі хлорид (Сl-) ионын 3-5 тамшы 2н азот қышқылын құю арқылы (ақ тұбатүзіледі) анықтайды. Бірақ бромид (Вr-) ионының қатысында осы реакциямен хлорид ионын анықтау мүмкін емес. Күміс хлоридіне AgCl (ЕК=1,56·10-10) қарағанда күміс йоди-дінің ерігіштік көбейтіндісі әлдеқайда төмен (ЕК=1,5·10-16) және ол аммиакта ерімейді, ал күміс бромиді AgBr (ЕК 7,7·10-13) аммиакта ериді және хлорид Сl- ионының ашылуына кедергі жасайды. Күміс бромидінің ерігіштігін төмендету үшін AgCl, AgBr, Agl күміс тұнбаларына 12% аммоний корбонаты (NH4)23 ерітіндісін қосады. Күміс хлориді комплексті тұз диаминокүміс хлоридін [Ag(NH3)2]Cl түзіп ерітіндіге көшеді. Тұнбадан центрифугатты бөліп алып, центрифугаттан КВr калий бромидінің көмегімен хлорид ионын Сl- анықтайды. Ақшыл-сары түстің пайда болуы зерттелетін ерітіндіде Сl- анионның бар екенін көрсетеді.
Тәжірибе:
Центрифугалық сынауыққа 2 тамшыдан КСl, КВr, КJ ерітінділерін қосып, қоспаны 1 тамшы HNО3 азот қышқылын және 5-6 тамшы AgNO, күміс нитратын тамызады. Центрифуга арқылы тұнбаны бөліп алып 2-3 рет ыстық сумен жуып, 6-8тамшы 12% (NH4)23 аммоний карбонатын қосып аралас-тырылады. Тұбаны центрифуга арқылы бөліп алу керек. Центрифугатты екі бөлікке бөліп, бір бөлігіне екі тамшы калий бромиді ерітіндісін қосып сары түс пайда болғанын байқауға болады. Екінші бөлігіне тамшылатып 2н азот қышқылын қосқанда ақ тұнба түзіледі.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) реакцияны азот қышқылдық ортада жүргізу керек;
2) тұнбаға (AgCl, AgBr, AgJ) аммоний карбонатының шамалы мөлшерін бөліп-бөліп қосады. Бұл қосу хлорид-ионын анықтау үшін қажет;
3) аммоний карбонатының орнына Фаургольт реактивін қолдану тиімді (1л 0,25моль NH4OH және 0,01моль AgNO3 -нан тұратын ерітінді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет