Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Fe2+ катионына сапалық реакциялар



бет45/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

Fe2+ катионына сапалық реакциялар

Fe (II) тұздарының ерітіндісі сұрғылт-жасыл болып келеді, сұйытылған ерітінділері түссіз.


1. Гидроксидтермен NaOH, КОН Fe2+ катионы ақ түсті Fe(OH)2 гидроксиді түрінде тұнбаға түседі:
FеCl2 + 2KOH → Fе(ОН)2↓ + 2KCl
2+ + 2ОН- → Fе(ОН)2
Жаңа түзілген Fе(ОН)2тұнба ауада тез тотығып, қызыл-қоңыр (қоңыр-жасыл) түсті темір (ІІІ) гидроксидіне өтеді:
4Fе(ОН)2 + 2Н2О + О2 → 4Fе(ОН)3
Fe2+ катионына сутегі асқын тотығы қатысында сілтімен әсер еткенде бірден қызыл-қоңыр темір (ІІІ) гидроксидінің Fе(ОН)3↓ тұнбасы түзіледі:
2FеСl2 + 4NаОН + H2O2 → 2Fе(ОН)3↓+ 4NаСl
2Fе2+ + 4ОН- + H2O2 → 2Fе(ОН)3
Тәжірибе: 2-3 тамшы Fe (II) тұзының ерітіндісіне сонша NaOH құйғанда ақ түсті тұнба түзіледі. Тұнбаның қасиетіне және түсіне назар аудару керек. Ауада тұнба қоңырлана бастайды.
2. NH3 ерітіндісі Fe2+ катионымен сұр-жасыл түсті Fe(OH)2 тұнбасын береді:
FeSО4 + 2NH4OH → Fe(OH)2↓ + (NH4)24
Fe2+ + 2NH4OH → Fe(OH)2↓ + 2NH4+
Тәжірибе: 2-3 тамшы Fe (II) тұзының ерітіндісіне сонша NH4OH құйғанда, сұрғылт-жасыл түсті тұнба түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет